
- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
анықтаудағы тәсілдер мен оның маңыздылығы. Тарихи дерек қандай формада, қандай мазмұнда дүниеге келмесін, ол ең алдымен өз уақытының жемісі болғандықтан, онда уақыт табының ізі сақтаулы заңды құбылыс. Сондықтан, зерттеушілер нақты дерекпен жұмыс істеу барысында деректің пайда болған уақытының ерекшелігіне байланысты туындаған проблемалармен кездесіп отырады. Егер, қазақ тарихының деректеріне қатысты айтсақ, олар жазу таңбаларының өзгеруіне, тілдік ерекшеліктерге, саяси-әлеуметтік қатынастарға т.б. факторларға байланысты пайда болатын проблемалар. Осындай, уақыт тудырған қазіргі деректану ғылымының күрделі проблемаларының бірі, ол дерек авторын анықтау проблемасы. Барлық авторы белгісіз деректердің авторын анықтаудың қажеттілігі болмағанымен (көп жағдайда ол тіптен мүмкін де емес) кейбір деректердің авторын анықтау, одан алынған мәліметтердің шынайылық дәрежесін айқандауға көмектесуі мүмкін. Осындай, мүмкіндігінше авторын анықтауды қажет ететін жазба дерктер-іміздің үлкен бір тобын ғасыр басында пайда болған ұлттық мерзімді басылымдарымыз құрайды. Мерзімді басылымдарда, әсіресе қазан төңкерісіне дейінгі және 20-30-шы жылдардағы газет- журналдарда мәтіндер көбіне бүркеншік аттармен, яғни псевдо-нимдермен берілген. Ол мақаланың (деректің - Қ.А.) авторын анықтау проблемасын тудырады. Псевдонимдерді шешу және шығармалардың белгісіз авторын анықтау деректану ғылымында атрибуция немесе эвристика (грек.-табу) деп аталады. Бұл проблема, әсіресе ұлттық басылымдарды тарих дерегі ретінде зерттеушілер үшін арнайы айналысуды қажет етеді. Себебі объективті жағдайларға байланысты ғасыр басындағы басылымдарда авторлардың көбі өз аттарын көрсетпей бүркеншік аттарды жиі пайдаланған. Мысалы, 1907 жылы “Серкенің” тараты-лып үлгермей тұтқындалған екінші санында басылған “Біздің мақсатымыз” деген, патшалық отаршылдыққа қарсы ашық нара-зылық білдіріп, халықты тәуелсіздік үшін күреске шақырған мақаланы жазған “Арғынның”, патша жандармериясы қай арғын екенін біле алмай әуре сарсаңға түсті. Оны тек 1912 жылы Петербургтегі баспасөз комитетінің кеңесшісі В.Д. Смирнов М. Дулатовтың тәркіленген кітаптарын қарап отырып, одан кезінде үлкен шу болған “Біздің мақсатымыз” деген мақалаға тән тәсіл мен ұқсастықты аңғарып қалып, мақала авторы М. Дулатұлы екендігін анықтауы, олардың бүркеншік атты бекер пайдаланбағандығын көрсетеді.
29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
Ежелгі дәуір әдебиеті туындыларын тарихи дерек көзі ретінде талдау
ерекшеліктері. Бүгінгі күні дамыған дәстүрлі мектебі бар Ресейде де деректану ғылым ретінде ХҮІІІ ғ. орын алған қоғамдық өзгерістер нәтижесінде пайда болды. Орыс деректану мектебінің қалыптасуына В.Н. Татищев, Н.М. Карамзин, В.О. Ключевский, А. С. Лаппо-Данилевский сияқты ондаған, жүздеген көрнекті орыс ғалымдары ат салысты. Патшалық Ресейде тарих ғылымының қалыптасуы да, оның одан әрі дамуының екінші кезеңі де реформалармен, яғни түбегейлі қоғамдық өзгерістермен тікелей байланысты жүрген жәнеде, ол ең алдымен, тарихи деректерді жинаудан, өңдеуден, жариялаудан, оларға деректанулық талдау жасаудан және деректанушы мамандар даярлаудан, яғни деректанулық істер атқарудан басталған. Деректер туралы тұтас және жүйелі ғылымның қалыптасуында А.С. Лаппо-Данилевскийдің (1863-1918) 1911-1913 жылдары жарық көрген “Методология истории” атты еңбегінің орыны ерекше. Лаппо-Данилевскийдің деректану методологиясының концепциясы – деректер туралы ілімді негіздеген 37 жаңа парадигма, яғни қатал ғылыми теория. Деректану методологиясы туралы мәселені біртұтас және жүйелі ілім ретінде қарастыру ғылымда үлкен жаңалық болды. Сол арқылы А.С. Лаппо-Данилевский деректанудың деректер туралы біртұтас ғылым ретінде қалыптасып дамуының жаңа кезеңін ашты. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында деректану ғылымының дамуына орыс тарихшылары В.О. Ключевский, К.Н. Бестужев - Рюмин, А.А. Лаппо-Данилевский, А.А. Шахматов т.б. өз үлестерін қосты. Мысалы В.О. Ключевский орыс деректерін тану мәселелері туралы арнайы еңбектер жариялаумен қатар, 1890-1902 жылдары Москва университетінде алғаш рет “Деректану бойынша лекциялар курысынан” дәріс оқыса, К.Н. Бестужев – Рюмин (1829-1898) “Тарихты оқып-үйрену тәсілдері” атты мақала – рецензиясында өзінің деректанулық ойларын білдірді.
30.«Айқап» журналының деректік маңызы. "Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған. 1911 жылы жарық көрген басылым 4 жыл ғана шыққан. Журналға ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин редакторлық еткен. Бүгінгі қазақ қаламгерлері «Айқап» қазақтың мүддесін көздеген басылым болғанын айтады. ХХ ғасырдың көрнекті ақын жазушылары, қоғам қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов сынды тұлғалар «Айқаптың» тұрақты авторлары атанған. Бас аяғы 500 таралыммен шыққан «Айқап» қаржының жоқтығынан 4 жылдан кейін, яғни 1915 жылы жабылды. «Айқаптың» алғашқы санында Ахмет Байтұрсынұлының қазақтың ғылым мен білімді игермегенін мәселе етіп көтерген мақаласы жарияланғаны белгілі. Қаржының тапшылығынан журнал алғашқы жылы айына бір рет, шағын көлеммен жарық көрді.
Жәрдем берушілер көбейіп және өзі де қор жинаған соң, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен 12-24 бет көлемінде жарияланды. Баспасөз тарихын зерттеуші Зарқым Тайшыбай журналдың шығуына 1905 жылы патша үкіметінің баспасөз еркіндігі жайлы шыққан манифесті арқау болды дейді. Оның айтуынша, сол жылдан бастап қазақтың мерзімді баспасөздері шыға бастаған. Зерттеуші «Айқап» журналы патша үкіметінің саясатын насихаттайтын журнал емес, қазақтың мүддесін көздейтін, оның жоғын жоқтайтын журнал болды дейді.