
- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары.
Заманхаттарды сынаудың ерекшелігі олардың жоғарыда көрсетілген түрлік ерекшеліктерінен туындайды. Заманхаттардың тарихи дерек көздері ретіндегі құндылығы: 1. Олардың әдәуір фактілік деректер және автор өмірбаянынан кейбір мәліметтер беретіндігінде; 2.Автор куә болған дәуірінің әдет - ғұрып, тұрмыс – салт дәстүр-інің, психологиясының бейнеленуі; 3. Заманхаттарда, олардың жеке адамдық сиаптына қарамастан, объективті әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік – саяси қатынастардың, тұтас бір қоғамдық топтардың, жіктердің, таптар-дың мақсат – мүддесі, ой – санасы және іс әрекеттерінің көрініс табатындығында. Заманхаттардың түрлік ерекшеліктерінен шыға отырып төмендегідей талаптарды ерекше атауға болады: а) автордың кім екендігін анықтау: аты, тегі жынысы, өмірінің негізгі даталары, заманхат жазған кездегі жасы, өмірбаяндық мәліметтері, әлеуметтік және кәсіби жағдайы, дүниетанымдық және саяси позициясы, өз заманындағы уақиғаларға көзқарасы, қарым-қатынас шеңбері, қоршаған ортасы және т.б. Бұл сұрақтардың біразына жауапты сол заманхат мәтіндерінен де табуға болады. Мысалы, Мұхамет Хайдар Дулатидің көпшілікке кеңінен танымал болған “Тарих-и Рашиди” атты еңбегінің екінші кітабы заманхат түрінде жазылған. Онда автор өзінің 905 (1499 – 1500) жылы дүниеге келгендігі, әкесі Мұхамед Хұсайын гурган мен анасы Сұлтан Махмұт ханның апайы Хуб Нигир ханымның 899 (1493-1494) жылы Шаш қаласында қосылғандығы. Сол жылы әкесінің Ұра-тепе облысына билеуші болып тағайындалғандығы және өзінің содан алты жылдан кейін дүниеге келгендігі туралы айтады. Еңбекте автор өміріне қатысты басқа да мәліметтер көптеп кездеседі. Сонымен қатар М. Дулати өзі дүниеге келген орта мен уақытына қатысты да мол мәлімет Береді.
24. Деректанудың нақты тарихи зерттеулермен ара-қатынасы. Деректану тарих ғылымының негіздерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, деректанудың ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы және дамуы жалпы тарих ғылымының пайда болып қалыптасуымен тікелей байланысты. Мысалы, бізде деректану ғылымының назардан тыс қалуы Қазақстанның тарих ғылымының пайда болуып, қалыптасуының өзіндік ерекшеліктерінен туындап отырғандығы толық дәлелденді деуге болады. Негізі кеңестік кезеңде қаланып, аздаған ғана өзгерістермен бүгінге дейін жеткен ресми тарих ғылымы қазіргі таңда терең дағдарыс жағдайында отырғандығы баршаға аян шындық. Сондықтан да, қоғам дамуының бүгінгі талаптары мен ұлттық мүддеге сай Қазақстанның тарих ғылымын реформаландыру арқылы түбегейлі қайта құру қажеттілігі күннен-күнге айқын сезілуде. Қазақстанның тарих ғылымын реформаландыру арқылы түбегейлі қайта құрудың теориялық-методологиялық негіздеріне талдау жасап, нақты жолдарын іздестіру, ағылшын, француз, неміс және орыс халықтары сияқты, тарих ғылымы ұлттық мүддеге сай, өзінің табиғи негізінде дамыған өркениетті елдердің тәжірибесін зерттеу, ұлттың ғылыми тарихын жазу ісінің, яғни тарих ғылымының пайда болып, қалыптасуының және дамуының өзіндік алғышарттары мен ортақ заңдылықтарының болатындығын және бұл істе субъективті факторлардың да маңызды рөл атқаратындығын көрсетіп отыр. Шынайы тарих ғылымының қалыптасуына алып келетін объективті алғышарттар мен ортақ заңдылықтарды анықтау және субъективті факторлардың рөлін ашып көрсету, бір жағынан, аталған елдердегі тарих ғылымының қалыптасу үдерісін сырттай да болса бақылауға көмектессе, екінші жағынан, өзіміздегі тарих ғылымының қазіргі жағдайын анықтап, келешек даму бағытын айқындауға мүмкіндік беріп отыр.
25.Деректерді типтік жіктеу. Типтік сыныпталудың тарихи деректерді түрлік сыныптаудан айырмашылығы ол деректердің мазмұны мен формасының сәйкестігі принципіне негізделген. Тип ақпаратты салу және сақтау тәсілдерімен ерекшеленген деректерді біріктіреді. Негізінен деректердің жеті типін айтуға болады: жазба, заттай, этнографиялық, фольклорлық, лингвистикалық, фотокино-құжаттар, фоноқұжаттар. Мұндай сыныптау дерекке тән ерекше белгілерін (пайда болу, мазмұны, формасы) ескереді, дегенмен бұл шартты сыныптау. Өйткені, фольклорлық (ауызша) деректер қазіргі кезде, көп жағдайда жазба түрінде таралған, ал этнографиялық деректер-заттай ескерткіштер немесе кинофотоқұжаттар түрінде беріледі. Сондықтан бұлардың арасында айқын аралық жоқ. Осындай ерекшеліктерін ескере келе 1981 жылы И.Д. Ковальченконың басшылығымен шыққан “Источниковедение истории СССР” оқулығында әлеуметтік ақпараттарды бекіту формасына қарап, деректерді мынандай типтерге бөлген: заттай, көркем-сурет және графикалы сурет, жазба және фотоқұжаттар. Сонымен қатар деректерді пайда болу тегіне, сыртқы ерекшеліктеріне қарай үлкен типтік топтар сыныпына, оның ішінде шағын топтарға бөлуге болады:
- заттай деректер – археологиялық ескерткіштерден бастап қазіргі машиналар мен техникаға дейін;
- көркем сурет деректері-сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлық туындылары;
- сөздік деректер – күнделікті сөйлеу мәнерінен бастап халықтың ауызша шығармашылық ескерткіштері толығымен;
- жазба деректер-этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетін жазба ескерткіштерінің бәрі;
- дыбысты деректер – сөзсіз немесе сөзбен бірге орындалатын (саз, әуен, ән т.б.);
- салттық деректер – тұрмыста, мінез-құлыққа қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.Көптеген тарихи деректер тобы белгілі бір типтерге жатпайды, олар аралық типтерді, аралас типтерді құрайды. Мысалы, теңгелер – ол заттай да, бейнелеу де, жазба да топтарына жатады, кинофильмдер-онда бейнелеу де, сөз де, дыбыс та бар.
26. Тарихи деректің әлеуметтік функциясы. Деректану теориясы үшін принципті сәттің б арихшысы А. Веселовский: «Шынын айтқанда, батырлардың ерлігін жырлаған эпостар халықтың қалыптасуымен қатар туа бастаған. Тарихи кезеңдердің елеулі тұлғалары – ерлердің төңрегінде неше түрлі өлеңдер құрастырылып, солардың негізінде жасалган десе орыс ғалымдары,қазақ ғалымы Р. Бердібаев: «Тарихи оқиғаларды, аңыздарды эпикалық дәстүрмен насихаттау ниетінен туындаған жырлар өз алдына бір сала. Бұларда тарихи істердің желісі сақталып, негізгі белес оқиғалар, белгілі адамдар сөз болып отырады» - дейді. Эпостық жырлардағы тарихи деректердің шынайылық деңгейінің жоға-рылығы туралы Ә. Марғұлан: «…қазақ эпосы кейде жылнамалық жазбалардан кем түспейді, олар көп сәттерде жазу-сызуға машықтанбаған халық аоасында жылнамалық жазбалардың орнына жүреді. Оқиғалардың эпоста суреттерлуінің дұрыстығы соншама, оларды, тіпті, тарихи әдебиеттер де дәлелдеп отыр» - десе академик Орлов: «Монғол, ойрат, тіпті, орыс эпосымен салыстырғанда, қазақтың эпостық жырлары өзінің ақындық гипербаласы жағынан анағұрлым шыншыл. Бұл жағынан оны күнделіікті өмір салтын көрсететін жырлар десе де болады» - дейді. Ал, зерт-теуші Т. Сыдықов: «Батырлар жырында да, тарихи жырларда да ел қорғау тақырыбы басты орын алады. Оларда басқыншы жауларға қарсы күрес. Отанды қорғаудағы ерлік істер суреттеледі» - деп, сол шынайылылықтың негізін көрсетеді.