
- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
Қазақ фольклорын ғылыми талдау ісі де Ш. Уәлихановтан басталды деуге болады. Ол ғасырлар қойнауында дүниеге келген ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаумен қатар, оларға талдау жасап, ғылыми құндылықтарын да көрсете білді.Деректану ғылымы үшін деректердің сақталу және өмір сүру формасын айқындаудың да үлкен маңызы бар десек, Шоқан Уәлиханов жыр-дастандардың тарихи тәрбиелік мәнімен қатар, олардың нақты өмір сүру формасын, ұрпақтан-ұрпаққа жетуінің жолдарын айқын көрсетіп берді. Ол: «Осы тарихи мәні бар мол мұраны біреулер домбырамен сүйемелдеп әндетсе, енді біреулер мынау сонау замандарда жасаған пәленше деген күйшініің аты, өшпес күйі еді деп, сыбызғыда ойнап, қобызда тартып, өнерлі адамдардың аты ел-жұрттың есінде мәңгі қалып қоюына себепші болады. Қазақтардың әрбір ру басылары өз ру-тайпаларының шежіресін шыққан тегін, елдің әдет-ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтардың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешен-өнерін шыңдауға көптеген аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайды. Сондай дайындығы бар билердің ауызынан шыққан сөздерді толық ұйып тыңдайды. Ол нақыл сөздердің мәні өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнеге, тәлім-тәрбиелік патриоттық мазмұнда болып келеді» - дейді.Кеңес өкіметі жылдарында С. Сейфуллин, М. Әуезов, Л. Соболев, Ә. Марғұлан, С. Мұқанов, В. Жирмунский, Қ. Жұмалиев, Н. Смирнова, Е. Ысмайлов, М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Е. Тұрсынов, Р. Бердібаев, С. Қасқабасов, Б. Уахатов т.б. өз еңбектерінде фольклорды дерек көздері ретінде қарастыруға және пайдалануға мүмкіндік беретін әр түрлі деректанулық ойлар айтты. Аталған авторлардың еңбектерінің бірінде фольклордың түрлік, жанрлық ерекшеліктері, сақталу формасы туралы айтылса, екінші бір еңбектерде олардың пайда болуның алғышарттары, деректік маңызы, объективтілігі мен субъективтілігі т.б. туралы айтылған.Мысалы, М. Әуезов «Уақыт және әдебиет» атты еңбегінде: «Халық арасында әлде бір батырдың қоштасуы және соны жоқтауға байланысты таралған өлең-жырларды алғашқыда бір ақын жинап, басын құрауы, сөйтіп тұңғыш эпостық дастанның тууына негіз қалануы ықтимал» - деп, эпостық дастандардың тұрмыс-салт жырларының негізінде пайда болуы мүмкін екендігі туралы болжам айтады. Ұлы әдебиетші өзінің бұл ойының негізсіз емес екендігі туралы «Батыр жорыққа аттанарда айтылатын қоштасу жыры, ол қалыңдық әкелгенде айтылатын үйлену салт жыры, ол өлгенде жанкүйерлері жылап-сықтап айтатын жоқтау жыры сол батыр жайындағы эпостық жырдың негізін құрамауы мүмкін емес» - деп, оған «Ер сайын» жырынан нақты дәлелдер келтірген.
Белгілі әдебиет танушы ғалым, Қ. Жұмалиев: «Тарихи оқиғаның ізі, сәулесі болып әдеби мұралар туып отырады. Олардың кейбіреулері оқиғаның жалпы, ұлы сорабын сақтаса… кейбіреулері күні кеше ғана болып өткен, ізі суымаған тарихи оқиғаның негізінде туды. Бұлардың ішінде айтылатын оқиға да, қатысушы адамдардың іс-әрекеттері де тарихи шындыққа жақын, қиял-ғажайып оқиғалар мейлінше аз. Осы жағынан қарап, алдыңғы әдеби нұсқаларды эпостық жырлар деп атасақ, соңғысын тарихи жырлар деп атаймыз. Бұл екеуінің негізі бір, екеуінің де түбінде тарихи оқиға жатады» - деп, әдеби мұралардың ерекшелігін, эпос пен тарихи жырлардың ортақ белгілері мен айырмашылығын көрсеткен.Ал, фольклордың ғылыми құндылығы туралы Е. Бекмаханов: «… сан алуан оқиғалардың бірін қалдырмай баяндайтындықтан, талайлардың атын атап, түсін түстеп беретіндіктен, іші не қилы деректерге толы болатындықтан бұл фольклор дегеніңіз тарихшы үшін, әсіресе қоғамдық қатынастар саласын зерттейтіндер үшін шын мәнінде баға жетпес қазына» дейді.
Осылай, Е. Бекмаханов фольклорлық деректердің қазақ тарихы үшін деректік маңызы мен ғылыми құндылығын жоғары бағалай отырып, олардың деректік ерекшеліктері мен кемшіліктерін де көрсетіп берді. Ол: «Фольклордың өзіне тән негізгі ерекшелігі – оның сапа және таптық жағынан біркелкі болып келмейтінін, онда тарихи шындық пен поэтикалық қиял және аудармашының жорамалы болатынын, әсіресе, бірнеше ғасыр бұрын айтылып, талай рет ауыздан-ауызға көшкен болса әр түрлі жыраулар мен жыршылар өз жандарынан түйдектетіп қосатын қосымшалардың да мұндай фольклордан орын алатынын бір сәтке де естен шығармау керек»- дейді.
Одан әрі автор фольклорлық материалды зерттеу кезінде оның субъективтілік, яғни «мүмкін болса оның авторының немесе орындаушысының кімдер болғанын анықтап алу аса маңызды шарт болып табылады» - деп, зерттеушілерге өз жұмыстарында деректану ғылымының методологиялық принциптерінің бірі – партиялық принципті басшылыққа алуды ұсынады.
Сонымен қатар, Е. Бекмаханов қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы ретінде фольклорлық деректермен жмыс істейтін келешек зерттеушілердің нақты міндеттерін де көрсетіп берді. Ол: «Зерттеушінің аса маңызды міндеті: шындықты қиялдан ажыратып қана қоймай, сонымен бірге фольклорлық материалдарда хабарланатын фактілерді мүмкіндігі болғанша тексеру, оларды архивтік және әдебиеттік деректермен салыстыру. Жекеленген өлеңдердің әр түрлі нұсқаларын салыстырып, олардың о бастағы тексін табу да сондайлық қажет»- дейді. Ғалымның бұдан жарты ғасыр бұрын айтқан бұл ұсынысының бүгінгі күнде актуальдылығы әлденеше есе артып отыр. Қазақтардың тәуелсіздік алуына байланысты өз тарихына, оның қайнар көздеріне деген қызығушылықтың артуы, фольклорлық материалдармен жұмыс істей білу қажеттігін де арттырып отыр.