
- •Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
- •Деректану проблемалары мен методологиясы.
- •3. Деректанудың ғылым ретінде пайда болуның алғышарттары мен ортақ заңдылықтары.
- •4. Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы.
- •Ә. Бөкейханның деректанулық ойлары және еңбектері.
- •7 А. Байтұрсынұлы тарих және тарихи дерек туралы.
- •Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері.
- •Деректанулық талдау методикасы мен принциптері.
- •11. Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.
- •12.Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективьтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты. (11-12 жауабы біреу)
- •Фольклордың түрлік ерекшеліктері.
- •Қазақ зерттеушілерінің фольклортанудың негізгі проблемалары мен тәсілдері туралы ойларына талдау.
- •Н.Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі.
- •23.Заманхаттарды деректанулық сынаудың ерекшеліктері және оларды
- •28.Деректанудағы бүркеншік есімдер проблемасы және оларды
- •29.Ресей деректануының қалыптасу кезеңдер және оның өкілдерінің деректанулық көзқарастарына талдау жасаңыз.
- •31.«Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшеліктері
- •33. Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісіне қатысты деректер туралы.
- •35.Деректанушы Лаппо-Данилевскийдің «Шындыққы жетудің 14 шартына» талдау жасаңыз.
- •40.Француз ғалымдары ш.Ланглуа мен ш.Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты еңбегіне талдау жаса.
- •42.Мерзімді басылымға деректанулық талдау жасау жолдары мен тәсілдері
- •46. Деректанудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттары
- •47.Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы орыс
- •1918) Деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи
- •50.Деректердің пайда болуын “сынау” немесе сыртқы “сын”.
- •51.Деректердің сақталу формалары
- •55.Халқымыздың ұлт-азат тық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
«ДЕРЕКТАНУ» ПӘНІНЕН ЕМТИХАН ЖАУАПТАРЫ
Деректанулық ұғымдар мен терминдер:
«Деректану» ғылмында ұғым мен терминдерге: «Ұғым-зерттеушілердің тәжірибелік-эмпирикалық және ғылыми-танымдық іс әрекеттерінің барысында қалыптасқан, зерттеудегі объектер мен құбылыстардың мәні мен ерекше белгілерін тұтас және жалпылама ашатын ойлау формасы. Терминдер – сол ұғымның сөздік, табиғи тілдік айтылуы. Олар не бөлек сөздерден, немесе белгілі бір сөз сәйкестіктерінен тұрады. Терминология әлі қалыптаспаған жағдайда ұғымның мазмұны суреттеу арқылы ашылуы мүмкін» деген анықтама берілген.Алғаш қазақ халқының өз тіліндегі ғылыми терминдерін қалаптастыру қажеттігін айтып, мәселе көтерген алаш ардагерлері болғандығы туралы айтылып, нақты мысалдар келтірілген. Мысалы, “Қазақ” газетінің бірінші нөмірінің бас мақаласында: “Сөз қару, мұны бұзуға жұмсақ бұзады, түзеуге жұмсақ түзейді”- деп, сөз құдіретін жоғары бағалаған А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлынан бастап, тәуелсіздік төбесі көрінгендей болған 1918 жылы қазақша ғылым тілінің қажеттігін негіздеп, “Абай” журналының 7-ші санында “Ғылым тілі” деген мақала жариялаған алаштың жас қайраткері Мұхтар Әуезовтың, оған қолдау көрсеткен алаш ақсақалы Шәкәрім Құдайбердіұлының, 1935 жылы қазақша терминдер сөздігін жасауға басшылық жасаған, бірнеше тілді жетік меңгерген қазақтың лингвист ғалымы Құдайберген Жұбановтың бұл салада атқарған еңбектері кітапта біршама айтылған. Ол туралы студенттер кітаптан өз беттерінше оқып, қазақ тілінде ғылыми термин қалыптастыру тарихын және ғылыми термин қалыптастыру ісінің бүгінгі жағдайын басқа да мысалдармен толықтыруларына болады. Дегенмен, оқырмандар бұл жерде мына нәрселерді ерекше ескерулері тиіс: біріншіден, алаш ардагерлері өз ұлтының тәуелсіздігі де, келешегі де ғылыммен байланысты екендігін терең түсінген, екіншіден, олар шынайы ғылымның ғылыми ұғымдар мен терминдер қалыптастырудан басталатындығын жақсы білген, үшіншіден, қазақ тілінде ғылыми ұғымдар мен терминдер қалыптастыру жолдарын іздестіріп, бұл іске мүмкіндіктерінше өз үлестерін қосқан, төртіншіден, ұғымдар мен терминдер әуелде қалай қалыптасса, көп уақытқа дейін солай болып бекіп қалатындығын ескерткен. Бесіншіден, алаш зиялыларының ХХ ғасырдың басында көтерген ғылым тіліне қатысты проблема, ХХ ғасырдың соңында әлде қайда шиеленіскен түрінде қайта көтерілді.
Деректану проблемалары мен методологиясы.
Деректану теориясы деректану ғылымының ең өзекті мәселесі болып табылады. Келешек тарихшылардың кәсіби деңгейлері олардың деректану теориясын қаншалықты меңгерулерімен тікелей байланысты. Деректермен жұмыс істей білу тарихшылардан алдымен сол деректермен жұмыс істей білу теориясын меңгеруді талап етеді. Деректану теориясын жете меңгермей, деректермен тиімді жұмыс істеу мүмкін емес.
Дерктану археология, этнология және тарихнама сияқты тарих ғылымының іргелі негіздерінің бірін құрайды және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, жалпы тарих ғылымы мен деректанудың зерттеу объектілері де, атқарар қызметі де екі басқа. Тарих ғылымының зерттеу объектісі өтен өмір. Дәлірек айтқанда тарих ғылымы қоғамда болып өткен құбылыстар, уақиғалар, үдерістер тарихын зерттейді. Ал, деректанудың ғылым ретіндегі қызметі сол өткен өмір, яғни қоғамдық құбылыстар, уақиғалар, үдерістер т. т. бейнеленген тарихи деректерді зерттеу болып табылады. Деректану бойында сол қоғамдық құбылыстар, уақиғалар, үдерістер туралы мәліметтер сақтаған деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің объективті бейнелену дәрежесін зерттейді. Демек, деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі - тарихи деректер. Бүгінгі күні тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен-күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені деректану - тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеу дәрежесін зерттеу, деректерде сақталынған мәліметтердің шынайылық деңгейін анықтау және оларды ғылыми еңбектерге енгізу болып табылады.
Деректану, тарихи деректер туралы ғылым ретінде тарихшыларға әр түрлі нақты тарихи проблемаларды және тұтас тарихи үдерістерді терең де тиімді зерттеуге көмектеседі. Әсіресе, қазіргі ақпараттар тасқыны жағдайында тарихи ақпараттарды іріктеу және талдау тәсілдеріне баса көңіл аудару қажеттілігіне байланысты, деректану уақыт талабына сай маман тарихшы дайындаудың маңызды буынына айналып отыр. Жәнеде бұл үрдіс одан әрі тереңдей бермек. Бұл проблемалар бүгінде Қазақстанның тарих ғылымының, қазақ тарихшыларының алдында тұрған ең өткір проблемаларға айналды.