
- •Мазмұны
- •Анықтамалар, қысқартулар мен белгілеулер
- •1.1 Пробиотиктерге жалпы сипаттама.
- •1.1 Пробиотик препараттары
- •1.2 Пробиотиктерді дайындауға қойылатын талаптар.
- •2. Бифидумбактерин өндіру технологиясы
- •2.1 Қоректік ортаны әзірлеу
- •2.2 Себінді материалын өсіру кезеңі
- •2.3 Культивирлеу
- •2.4 Биомассаның сублимациялық кептірілуі
- •2.5 Дайын дәрілік форма жасау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •1 Кесте – Пробиотиктердің салыстырмалы сипаттамасы
1.1 Пробиотик препараттары
1. Элиминекс – бүкіл әлем медицинасында семіруден 750 миллион адам зардап шегуде. Семіру адамның сыртқы бейнесін ғана бұзбай, өмір сапасын зиян келтірді, жұмыс қабілетін төмендетеді және де басқа аурулар туғызуға әсер етеді. Семіру организмнің барлық жүйелеріне әсер тигізеді: демалу жолдарына, тірек – қимыл жүйесіне, репродуктивті немесе жыныс жүйесіне, эндокриндік жүйесіне, жүрек қан тамырларына. Өте толық адамдарда қант диабетінің 2 түрі пайда болады, миокард инфаркт және инсульт болуы мүмкін.
2. Клюква – бұрыннан бері өте бағалы дәрілік жеміс. С, Р витаминдер, қышқылдардың (лимон, сірке, қымыздық), глюкозидтер (вакцина), сахароза (глюкоза, фруктаза), микро – макроэлементтер, терпиндер (темір, мыс, марганец, цинк, күміс, молибден). Медицинада 60 жылдардан бастап клюкваны кеңінен қолданған.
3. Артишок – ол өзінің емдік қасиеттерімен антика дәуірінде белгілі болған. Оның отаны – ежелгі Грекия, Рим. Артишок – ол дәрілік шөп. Артишокты медицинада 40 жылдардан бастап қолдана бастаған.
4. Гинкого Бильба – біздің планетамыздың ежелгі емдік шөбі болып табылады. Гинкого Бильбаның жапырағын – шығыс медицинада көп қолданған . Осы кезге дейін көптеген ауруларға клиникалық , практикалық зерттеулерде әсерін тигізгені дәлелденген. [6]
Биологиялық препараттар - инфекциялық, паразитарлық аурулар мен аллергиялық жағдайларды емдеуге, арнайы алдын алуға арналған, сондай-ақмикроорганизмдер штамдары мен эукариот жасушаларын өсiру, жануарлар мен өсiмдiктер (аллергендер) биологиялық тiндерiнен заттарды алу,рекомбинантты дезоксибо нуклеин қышқылы технологиясын, гибридомды технологияны енгiзу, эмбриондардағы тiрi агенттердi немесе жануарларды репродукциялау арқылы алынатын дәрiлiк препараттар. Оларға аллергендер, антигендер, вакциналар (анатоксиндер), цитокиндер, бактериялық шығу тегi бар иммуномодуляторлар және органдар мен талшықтар негiзiнде жасалғандар, қан мен плазмадан алынған препараттар, сарысулар, иммуноглобулиндер, пробиотиктер, интерферондар жатады;
Гомеопатикалық дәрiлiк заттар - өсiмдiктен, жануарлардан, минералдан алынатын заттардың өте аз мөлшерiн қамтитын, дәстүрлi емес емдеу әдiстерi кезiнде гомеопатикалық ережелер бойынша қолданылатын, арнайы технология бойынша дайындалған немесе шығарылған бiр немесе көп компоненттi дәрiлiк заттар;
Диагностикум - жануарлар ауруларын немесе физиологиялық жай-күйiн диагностикалауға, сондай-ақ микроорганизмдердi, олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн және басқа да биологиялық объектiлердi индикациялау мен бiрдейлендiруге арналған биологиялық немесе синтетикалық тектес құралдар;
Балк - дәрiлiк зат өнiмi - түпкi ораудан басқа, дәрiлiк препаратты дайындаудың технологиялық процесiнiң барлық сатыларынан өткен мөлшерленген дәрiлiк зат;
Дәрiлiк заттардың, биологиялық препараттардың, оларды шығару және пайдалану процестерiнiң қауiпсiздiгi - жануарлар өмiрiне, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiру мүмкiндiгiне байланысты жол берiлмейтiн тәуекелдiң болмауы;
Дәрiлiк заттар - аурулардың алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйi мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық белсендi заттарды қамтитын құралдар: дәрiлiк зат,дәрiлiк субстанция, табиғи тектес дәрiлiк шикiзат, дәрiлiк ангро – балк өнiмдерi, дәрiлiк препараттар, иммунобиологиялық препараттар. Оның iшiнде дератизациялық, паразитке қарсы, дезинфекциялық репелленттер және ауруларды диагностикалау, алдын алу, емдеу мақсатында пайдаланылатын басқа да ветеринарлық заттар [5];
Дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды жою- қолдануға және (немесе) одан әрi қайта өңдеуге жарамсыз дәрiлiк заттарға оның пайдаланылуы мен оған адам мен жануарлардың жақындауын болдырмайтындай әсер ету;
Дәрiлiк заттардың, биологиялық препараттардың айналымы - қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды әзiрлеушiден және (немесе) өндiрушiден тұтынушыға жеткiзу процесiнде жүзеге асырылатын қызмет;
Тiркеу деректерi - жануарларға арналған дәрiлiк затты, биологиялық препаратты тiркеудiң орындылығы (орынсыздығы) туралы шешiм қабылдауға қажеттi белгiленген құрылым мен мазмұндағы құжаттар мен материалдардың кешенi;
Қайта шығарылған дәрiлiк зат (генерик) - құрамы мен сапа көрсеткiштерi, қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгi бойынша түпнұсқалы дәрiлiк затқа ұқсас және түпнұсқалы дәрiлiк затқа арналған қорғау құжаттарының қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн айналымға келiп түскен дәрiлiк зат;
Контаминация - жануарлардан алынған өнiмдердiң қауiпсiздiгi мен сапасына әсер ететiн биологиялық, химиялық агенттермен немесе бөгде заттармен ластануы;
Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды тiркеу - Тiркеу куәлiгiн берумен және жануарларға арналған дәрiлiк затты, биологиялық препаратты Жануарларға арналған ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзумен аяқталатын, жануарларға арналған дәрiлiк заттарды тiркеу деректерiнде қамтылған оның қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгi туралы, сондай-ақ оны өндiру және сапасын бақылау шарттары туралы деректердi бағалау мен ресми бекiту жолымен айналымға жiберу рәсiмi;
Жалған дәрiлiк зат - құрамы, қасиеттерi және басқа да сипаттамалары бойынша дайындаушының түпнұсқасына немесе қайта шығарылған дәрiлiк затқа (генерикке) сәйкес келмейтiн, жасанды заттаңбамен қасақана жарақталған дәрiлiк зат;
Иммундық жүйесінің 70%-дан аса жасушалары ішекте болады. Бұдан басқа онда көптеген ауруларды тудыратын, біздің ағзамызға шабуыл жасайтын, «жаман» микробтарды өлтіретін бактериялар тұрады. Сонымен қатар ішектің «солдаттары» иммундық жасушыларды қорғайды және бізге бағалы аминқышқылдары мен витаминдерді өндіреді. Егер кейбір себептер бойынша бұл микроорганизмдер аз болса, ішекте «жаман» бактериялар тарайды. Нәтижесінде дисбактериоз пайда болады, ол ішектің иммундық жүйесінің жасушыларын қысады. Тұмау алдындағы осалдықтан басқа, дисбактериоз басқа да қиындықтарды туғызуы мүмкін: аллергиялық серпілістерге, бүйректерде құмның пайда болуына әкеледі. Оған байланысты тері мен шаштың жағдайы нашарланады, жабығу басталуы мүмкін. Ол өз бетінше ешқашан да кетпейді, сондықтан адам оны ертерек емдей бастаса, жақсы болар еді.