
- •Мазмұны
- •Анықтамалар, қысқартулар мен белгілеулер
- •1.1 Пробиотиктерге жалпы сипаттама.
- •1.1 Пробиотик препараттары
- •1.2 Пробиотиктерді дайындауға қойылатын талаптар.
- •2. Бифидумбактерин өндіру технологиясы
- •2.1 Қоректік ортаны әзірлеу
- •2.2 Себінді материалын өсіру кезеңі
- •2.3 Культивирлеу
- •2.4 Биомассаның сублимациялық кептірілуі
- •2.5 Дайын дәрілік форма жасау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •1 Кесте – Пробиотиктердің салыстырмалы сипаттамасы
Мазмұны
Кіріспе........................................................................................................4
Негізгі бөлім.........................................................................................5-17
1. Пробиотиктерге жалпы сипаттама...................................................5-8
1.1 Пробиотик препараттары.............................................................8-10
1.2 Пробиотиктерді дайындауға қойылатын талаптар...................11-12
2. Бифидумбактерин өндіру технологиясы.....................................13-17
2.1 Қоректік ортаны әзірлеу...................................................................13
2.2 Себінді материалды өсіру кезеңі.....................................................14
2.3 Культивирлеу...............................................................................14-15
2.4 Биомассаның сублимациялық кептірілуі..................................15-16
2.5 Дайын дәрілік форма жасау.............................................................16
Қорытынды..............................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................19
Қосымшалар.......................................................................................20-22
Анықтамалар, қысқартулар мен белгілеулер
Курстық жұмыс орындау барысында қолданылған анықтамалар мен белгілеулер:
Бифидумбактерин - Bifidobacterium bifidum микроорганизм тобынан алынатын пробиотик препараты.
Культивирлеу – мақсатты өнімді алуға қажетті продуцентті қоректік ортада өсіру үрдісі
Пробиотиктер - бұл құрамында тірі микроорганизмдері бар, организмнің бұзылған микроэкологиясын қалпына келтіру қабілеттілігіне ие биопрепараттар;
Сублимациялық кептіру – микробтық клеткаларды мұздатылған күйден вакуум астында сұйық фазаны айналып өте кептіру.
Жұмыста келесі белгілеулер қолданылды: 0С, %, м3, Па, см3
КІРІСПЕ
Пробиотик ретінде қолданатын микроорганизмдер көбінесе адамның қалыпты микрофлора өкілдері болып келеді, ішектің және ауыз қуысының биотоп өкілдері. Олардың биологиялық қасиеттері: жағымсыз нәтиже бермейді, ауру тудыратын микробтарға антагонизмді қарым -қатынаста, адгезивтілігі жоғары, антибиотиктерге резистентті; амин - және органикалық қышқылдар, витаминдер, ұшпалы майлы қышқылдар синтездейді; иммунитетті ширататын қабілеті бар.
Мал шаруашылығында қолданатын пробиотикалық микроорганизмдерді сау ауылшаруашылық малдардан алады.
Пробиотик препараттарын дайындау технологиясында негізінен сүтқышқылды бактериялар қолданады, сирек бациллалар, эшерихиялар және басқаларды.
Пробиотиктерді дайындауда және өндіруде тез араластырғыш құрылғылардың үлесі басым екендігі белгілі.
Пробиотикті қазіргі кезде адамзат йогурт түрінде болсын, дәрі түрінде болсын кеңінен қолданады. Сондықтан пробиотикті өндірістік алу технологиясы заманға сай жетілдіруді, жаңа технологияларды ашуды қажет етеді. Пробиотик алуда көптеген микроорганизмдердің жаңа іріктелген штаммдары қолданылуда. Жалпы пробиотик алу технологиясы бірнеше кезеңдерден тұрады және әр кезеңнің өз ерекшеліктері бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бифидумбактерин препаратын мысал ретінде ала отырып, пробиотик алу технологиясын жобалау, олардың өндірістік ерекшеліктерін ашу.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
Пробиотик ұғымына түсініктеме беру
Пробиотик препараттарының түрлерімен танысу
Бифидумбактерин пробиотигін алу технологиясын түсіндіру
Пробиотик алу технологиясының ерекшеліктерін саралау;
НЕГІЗГІ БӨЛІМ