Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сандик онер маман кириспе жана вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
334.85 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1 Ежелгі Орта Азияның мәдениет ошағы болған қала.

2 Қазақстандағы өнер түрлері

3 Қолөнер негіздері

4 Қазақтың салт дәстүрлері

5 Қазақстан қол өнершілері

6 Кілем түрлері

7 Алғашқы гобиленшилер

Пайдаланған әдебиеттер

Негізгі

  1. Малая история искусства. 10 томов. –М., 1970-1980 гг.

  2. Ванслов В.В. История искусств. –М., 2003.

  3. Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. –М., 2005.

  4. История искусств стран Западной Европы от Возрождения до начала 20 века. –М., 1980.

  5. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алматы, 1972 ж.

  6. Акышев К.А. Древнее золото Казахстана. Алматы: Жалын, 1983 ж.

  7. Агапов П., Кадырбаев М. Сакровищи древнего Казахстана. Алматы: Жалын, 1979 ж.

  8. Акишев К.А. Искусство и морфология саков. Алматы: Жалын, 1984ж.

  9. Акишев К.А., Курган Иссык, М.: Искусство, 1978ж.

9.Лекция сабағының тақырыбы: Ою-өрнектердің сәндік қолданбалы өнеріндегі рөлі.

Жоспары: 1. Өнерде ізін қалдырған саңлақтар.

2. Өнердің тарихы.

Мақсаты: Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан қол өнерімен таныстыру, өнер жайлы жалпы түсінік беру.

Мәтіні (қысқаша): Б.Зәуірбекованың гобелендерін неғү_рлым ден қойып қарап, зерттеп, зерделеген сайын, соғұрлым олардың әстетикалық кемелділігі жарқырап ашыла түседі. Оның шығармаларының тақырыптық ауқымы кең. Ол көлемдері әр алуан болып келетін көптеген камералық сипаттағы гобелендердің лирикалық,эпостық мазмү_ндағы іргелі еңбектердің авторы.

Б.Зәуірбекованың «Береке», «Менің Қазақстаным», «Күйатасы»,«Мәңгішабыт»жәнет.б.композициялық гобелендері ширақтылықты, әрі шынайы кәсібилікті танытады. Алғашқы еңбектеріне қарағанда классикалық мәнерлігін, әлдебір образды бейнелеудегі нәзіктілік пен сезімталдықты, әмоциялық әсерді, ұлттык психологияны аңғарамыз. Бояу арқылы бар мән-жайды баян еткен көркем шығармалары суретшінің дүниетанымдық көзқарасын айқындайды. Суретшінің «Әйгерім» (1990), «Дала мадоннасы» (1992), «Құс үстаған қыз» (1998), «Күту» (1998), «¥зату» (2001), «Сәукеле киген қыз» (2002) атты туындылары әстетикалық талғамы мен тәрбиелік мәні жағынан үлттық мазмүнға толы, маңызы зор шығармалар болып табылады. Б.Зәуірбекова «Жер Ана», «Жаз», «Көктем», «Жазира», «Жайлауда» атты туындысында қазақ даласының байлығын, рухани өмірін, мәдени тіршілігін баяндайды.

И.Яреманың да Қазақстан өнерінің дамуына үлес қосқан гобелендік көркем шығармалары мол. Оның «Маңғыстау» (1974) атты гобеленінде осы өңірдегі өндіріс, жергілікті халықтың түрмыс-тіршілік тынысы, әкономикалық, әлеуметтік жағ-И.лрема дайы, фабрика, зауыт, әлектр әнергиясы, мүнай-газ өңдеу мекемелерінің көріністері жан-жақты шығармашылық сипат табады. Әр алуан пішіндегі ою-өрнектер симметриялық үйлесім тауып, көз алдымызға динамикалық қозғалысты алып келеді. Нәзік үндескен бояу айшықтары сыршыл сезімдерге жетелейді.

Қазақ қолөнеріндегі тоқымашылықты дамытуда Сәуле және Әлібай Бапановтардың қолтаңбасы да айрықша. Ерлі-зайыпты суретшілердің «¥лы бәйтерек», «Кеңістік», «Аймақ», «Саяхаттау» атты гобелендері композициялык қүрылымы, үлттық тақырыптағы мазмү_нға сай орындалу шеберлігімен шет елге танылды. Әсіресе «Саяхаттау» атты гобелендік шығармасы ултымызға тән өміршең көркем туынды болып табылады. Гобеленнің композициялық қүрылымдағы желілік суретті шешімдер қазақ халқының тү_рмыс-тіршілігінен, өмір салтынан, салт-дәстүрінен сыр шертеді. Ұлы жібек жолының көш көлігі болған төрт түлік малдың төресі түйе шығармаға басты кейіпкер ретінде алынған. Адам мен табиғаты бір-бірімен тығыз үндестікте, бірде қатал драмалық тартыста алып қарастырады. Қиыр шығыстық философиялық терминмен айтсақ, «ішкі кұбылмалылығына қарамастан өзгермейтін» оның шығармаларындағы көп қырлылық бастау алып жатқандай. Классикалық авангардтық бағыттағы өзіндік мәнерімен ерекшеленетін композициясы автордың өзіне тән жан-жақты ойлау жүйесі, оның талғамы мен білім зердесі «Киелі ағаш», «Мироға зор сүйіспеншілік», «Мәңгілік», «Жаратылыс» туындыларында айқын байқалады .

Гобеленнің кісіге әсер етері ерекше. Ол фактурасы және түр-түсі қосылып сиқырлы бір арбау қасиетке бөлейді. Витраждағы ашық бояулы жазьщтардың қиылысқандығы, көз байлайтын кереметтілігіде бар. Осы әсерлі жұмыстың, бір ғажабы, жүнді |; бояп тоқуға дейінгі шаруа тек қолмен атқарылады.

Бүл істе Әлібай Бапановтың зайыбы, суретші Сәулемен бірлесе істеген еңбегінен айқын көреміз .Әдетте текеметтің бір жақ беті ғана оюлы болады. Алайда Бапановтардың текеметтің екі жақ бетіне де сурет салуы - меңгерген құпия тәсіл. Сәуле мен Әлібай текеметтері шығармашылық іс-әрекеттің

қүлптарлыққа толы қуатын сезінуге көмектеседі.Сезімнен туған ой ізгі ниетті сезінуге суреткерлік толғаныс ой-өрісін еріктен тыс сыртқа шығаруға бейімдейді. Бапановтарда ақ пен қара өгіз бейнесінде берілген айбынды да рақымшыл «Күн» мен «Түн»ді кейіпкерге айналдыру. Олар ғарыштық бастама үлгісі және ауыл өмірінің белгісі, бүлай екендігін мойнына таққан қүйтақандай қоңыраулары көңілді сыңғырлатып хабарлап тұрғандай. Міне тап осылай болмыс дегеніңіз, емін-еркін қысылып-қымтырылмай күнделікті тұрмыс арнасына құйылады, ал тұрмыс дегеніңіздің өзі болмысқа толы екендігі байқалады. Шеберлердің әрбір туындыларындағы қарапайым да нәзік композициялық шешімдері үлттық ою-өрнектермен байланыса келіп, бояу арқылы әсем де биязы ырғақта әспеттеген кеңістік көріністерінен дала әні мен күйі шертіліп түрған сезімге бөлейді. Шеберлер туындыларында құбыла келген бояу түстерін ырғақтата келтірген жолақтары, сызықтары, немесе әлде бір бейненің формасын айқындаған кезеңдері, басты композициялық шешімдерінің арқауы болып сәуле шапағатына бөлеген сәтті тамаша көрсете алған. Сондай-ақ ұлттық ою-өрнектердің өзіндік мән-мағынасын түйіндеп барып қолданулары шеберлердің көрегендігін, танымалдығын тағы да растайды.