
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •2. Өнердің өз тәрбиесі бар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі
Малая история искусства. 10 томов. –М., 1970-1980 гг.
Ванслов В.В. История искусств. –М., 2003.
Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. –М., 2005.
История искусств стран Западной Европы от Возрождения до начала 20 века. –М., 1980.
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алматы, 1972 ж.
Акышев К.А. Древнее золото Казахстана. Алматы: Жалын, 1983 ж.
Агапов П., Кадырбаев М. Сакровищи древнего Казахстана. Алматы: Жалын, 1979 ж.
Акишев К.А. Искусство и морфология саков. Алматы: Жалын, 1984ж.
Акишев К.А., Курган Иссык, М.: Искусство, 1978ж.
8. Лекция сабағының тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнердің түрлері
Жоспары: 1. Өнерде ізін қалдырған саңлақтар.
2. Өнердің тарихы.
Мақсаты: Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан қол өнерімен таныстыру, өнер жайлы жалпы түсінік беру.
Мәтіні (қысқаша): Сәндік өнер өзінің ерекшеліктеріне байланысты «Монументальдық сәндік қолданбалы өнер», «сәндік қолданбалы өнер» және «көркем безендіру» болып үш түрге бөлінеді.
Монументалдық сәндік өнерге архитектураны безендіру, роспистер, рельефтер, мүсіндер, витраждар, мозайкалар кіреді. Безендіру өнеріне-мерекелерді, көрмелерді, музейлерді көркем әшекейлеу жұмыстары кіреді. Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз- тұрмыста қолданылатын көркем бұйымдарды жасау болып табылады. Өмір - қозғалыс. Дамылсыз қозғалыстағы жапырақтар, қобыз үні, күн сәулесі өмір қозғалысы. Музыка, бейнелеу өнері, табиғат өмір гармониясы, сонымен қатар, ең әдемі өмір сүлулығы. Өмір сүлулығы өмір симфониясына, мәңгілік өнерге айналған. Қ.Тыныбеков шығармашылығының дамуы тікелей гобелен тоқу өнерімен байланысты. Оның творчестволық ізденісіндегі басты жетістігі классикалық гобелен тоқу дәстүрін үлттық өнер дәстүрімен сабақтастыру болып табылады. Ең алғаш орындалған гобелендері: «Шопан» (1970 жыл), «Отбасы» (1973 жыл), «Көктем» (1974 жыл), «Тау мен Дала» (1975 жыл). Осы туындылар қазақ гобелен өнеріндегі композициялық құрылымы күрделі, баяу үндестігі басым туындылар болып табылады. Сондай-ақ «Өмір ағашы» (1976 жыл), «Байқоңыр ырғақтары» (1977 жыл), «Аққу ән» (1980 жыл) секілді гобелендері де өздерінің философиялық мазмүнымен ерекшеленеді. Олардың композициялық қүрылымында фольклорлық сарын басым.
Қайталанбас, өзіне тән қолтаңбасымен баршаға танымал Бәтима Зәуірбекованың еңбектері талғамды қанық бояумен, мәнерлі суретімен, ой-сарабынан өткен күрделі копозициясымен ерекшеленеді. Оның шығармаларының ауқымы кең. Өзіндік қолтаңбасы бар шебер құбылмалы ою-өрнектері мол, сюжетті және бейнелі композициялары мазмұнға толы. Б.Зәуірбекова ең алғашқы туындыларында сәндік ұлттық ою-өрнектерді сюжеттік көрініске үластырып, көзге түссе, кейіннен тақырыптық дүниелер жасауға бел байлады. Б.Зәуірбекованың гобелендері нәзік бояуларымен дараланады. Оның «Керуен» (1973), «Дала аруы» (1979), «Жер ана» (1984) атты шығармалары сиқырлы әуенге толы. Ал, «Қазақстан» атты көркем туындысы көп тұлғалы композиция болып табылады. Мұндағы Қазақстанның кең байтақ даласының көріністері ою-өрнек, бояу үндестігінің табиғи шешімдері арқылы табылған. Композициялық құрылымы тік бағытқа өрістеген күрделі үш бөліктен тұрады. Суретшінің гобелендері көрген жанның көңілін тербеп, ерекше әсерге, терең сезімге бөлейді. Көрерменнің ой-зердесіне, таным түйсігіне лайықталған оның туындылары сезімге шынайы әсер етіп, терең толғаныспен ойланып барып, асықпай қабылдауға жетелейді, сондай-ақ өзіне тән сан түрлі, сан қырлы көркемдік иірімдерімен баурап алады.
Б.Зәуірбекованың гобелендерін неғү_рлым ден қойып қарап, зерттеп, зерделеген сайын, соғұрлым олардың әстетикалық кемелділігі жарқырап ашыла түседі. Оның шығармаларының тақырыптық ауқымы кең. Ол көлемдері әр алуан болып келетін көптеген камералық сипаттағы гобелендердің лирикалық,эпостық мазмү_ндағы іргелі еңбектердің авторы.
Б.Зәуірбекованың «Береке», «Менің Қазақстаным», «Күйатасы»,«Мәңгішабыт»жәнет.б.композициялық гобелендері ширақтылықты, әрі шынайы кәсібилікті танытады. Алғашқы еңбектеріне қарағанда классикалық мәнерлігін, әлдебір образды бейнелеудегі нәзіктілік пен сезімталдықты, әмоциялық әсерді, ұлттык психологияны аңғарамыз. Бояу арқылы бар мән-жайды баян еткен көркем шығармалары суретшінің дүниетанымдық көзқарасын айқындайды. Суретшінің «Әйгерім» (1990), «Дала мадоннасы» (1992), «Құс үстаған қыз» (1998), «Күту» (1998), «¥зату» (2001), «Сәукеле киген қыз» (2002) атты туындылары әстетикалық талғамы мен тәрбиелік мәні жағынан үлттық мазмүнға толы, маңызы зор шығармалар болып табылады. Б.Зәуірбекова «Жер/////////////Ана», «Жаз», «Көктем», «Жазира», «Жайлауда» атты туындысында қазақ даласының байлығын, рухани өмірін, мәдени тіршілігін баяндайды.
И.Яреманың да Қазақстан өнерінің дамуына үлес қосқан гобелендік көркем шығармалары мол. Оның «Маңғыстау» (1974) атты гобеленінде осы өңірдегі өндіріс, жергілікті халықтың түрмыс-тіршілік тынысы, әкономикалық, әлеуметтік жағ-И.лрема дайы, фабрика, зауыт, әлектр әнергиясы, мүнай-газ өңдеу мекемелерінің көріністері жан-жақты шығармашылық сипат табады. Әр алуан пішіндегі ою-өрнектер симметриялық үйлесім тауып, көз алдымызға динамикалық қозғалысты алып келеді. Нәзік үндескен бояу айшықтары сыршыл сезімдерге жетелейді.
Қазақ қолөнеріндегі тоқымашылықты дамытуда Сәуле және Әлібай Бапановтардың қолтаңбасы да айрықша. Ерлі-зайыпты суретшілердің «¥лы бәйтерек», «Кеңістік», «Аймақ», «Саяхаттау» атты гобелендері композициялык қүрылымы, үлттық тақырыптағы мазмү_нға сай орындалу шеберлігімен шет елге танылды. Әсіресе «Саяхаттау» атты гобелендік шығармасы ултымызға тән өміршең көркем туынды болып табылады. Гобеленнің композициялық қүрылымдағы желілік суретті шешімдер қазақ халқының тү_рмыс-тіршілігінен, өмір салтынан, салт-дәстүрінен сыр шертеді. Ұлы жібек жолының көш көлігі болған төрт түлік малдың төресі түйе шығармаға басты кейіпкер ретінде алынған. Адам мен табиғаты бір-бірімен тығыз үндестікте, бірде қатал драмалық тартыста алып қарастырады. Қиыр шығыстық философиялық терминмен айтсақ, «ішкі кұбылмалылығына қарамастан өзгермейтін» оның шығармаларындағы көп қырлылық бастау алып жатқандай. Классикалық авангардтық бағыттағы өзіндік мәнерімен ерекшеленетін композициясы автордың өзіне тән жан-жақты ойлау жүйесі, оның талғамы мен білім зердесі «Киелі ағаш», «Мироға зор сүйіспеншілік», «Мәңгілік», «Жаратылыс» туындыларында айқын байқалады .
Гобеленнің кісіге әсер етері ерекше. Ол фактурасы және түр-түсі қосылып сиқырлы бір арбау қасиетке бөлейді. Витраждағы ашық бояулы жазьщтардың қиылысқандығы, көз байлайтын кереметтілігіде бар. Осы әсерлі жұмыстың, бір ғажабы, жүнді |; бояп тоқуға дейінгі шаруа тек қолмен атқарылады.
Бүл істе Әлібай Бапановтың зайыбы, суретші Сәулемен бірлесе істеген еңбегінен айқын көреміз .Әдетте текеметтің бір жақ беті ғана оюлы болады. Алайда Бапановтардың текеметтің екі жақ бетіне де сурет салуы - меңгерген құпия тәсіл. Сәуле мен Әлібай текеметтері шығармашылық іс-әрекеттің
қүлптарлыққа толы қуатын сезінуге көмектеседі.Сезімнен туған ой ізгі ниетті сезінуге суреткерлік толғаныс ой-өрісін еріктен тыс сыртқа шығаруға бейімдейді. Бапановтарда ақ пен қара өгіз бейнесінде берілген айбынды да рақымшыл «Күн» мен «Түн»ді кейіпкерге айналдыру. Олар ғарыштық бастама үлгісі және ауыл өмірінің белгісі, бүлай екендігін мойнына таққан қүйтақандай қоңыраулары көңілді сыңғырлатып хабарлап тұрғандай. Міне тап осылай болмыс дегеніңіз, емін-еркін қысылып-қымтырылмай күнделікті тұрмыс арнасына құйылады, ал тұрмыс дегеніңіздің өзі болмысқа толы екендігі байқалады. Шеберлердің әрбір туындыларындағы қарапайым да нәзік композициялық шешімдері үлттық ою-өрнектермен байланыса келіп, бояу арқылы әсем де биязы ырғақта әспеттеген кеңістік көріністерінен дала әні мен күйі шертіліп түрған сезімге бөлейді. Шеберлер туындыларында құбыла келген бояу түстерін ырғақтата келтірген жолақтары, сызықтары, немесе әлде бір бейненің формасын айқындаған кезеңдері, басты композициялық шешімдерінің арқауы болып сәуле шапағатына бөлеген сәтті тамаша көрсете алған. Сондай-ақ ұлттық ою-өрнектердің өзіндік мән-мағынасын түйіндеп барып қолданулары шеберлердің көрегендігін, танымалдығын тағы да растайды.