Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сандик онер маман кириспе жана вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
334.85 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1 Ежелгі Орта Азияның мәдениет ошағы болған қала.

2 Қазақстандағы өнер түрлері

3 Қолөнер негіздері

4 Қазақтың салт дәстүрлері

5 Қазақстан қол өнершілері

6 Кілем түрлері

7 Алғашқы гобиленшилер

Пайдаланған әдебиеттер

Негізгі

  1. Малая история искусства. 10 томов. –М., 1970-1980 гг.

  2. Ванслов В.В. История искусств. –М., 2003.

  3. Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. –М., 2005.

  4. История искусств стран Западной Европы от Возрождения до начала 20 века. –М., 1980.

  5. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алматы, 1972 ж.

  6. Акышев К.А. Древнее золото Казахстана. Алматы: Жалын, 1983 ж.

  7. Агапов П., Кадырбаев М. Сакровищи древнего Казахстана. Алматы: Жалын, 1979 ж.

  8. Акишев К.А. Искусство и морфология саков. Алматы: Жалын, 1984ж.

  9. Акишев К.А., Курган Иссык, М.: Искусство, 1978ж.

7. Лекция сабағының тақырыбы: Көркем құралдардың тарихнамасы.

Жоспары: 1. Өнерде ізін қалдырған саңлақтар.

2. Өнердің тарихы.

Мақсаты: Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан қол өнерімен таныстыру, өнер жайлы жалпы түсінік беру.

Мәтіні (қысқаша): Қағаз,Қарындаш,өшіргіш,қаламұш,сызғыш,циркуль

Қағаз суретшінің ең басты құралы болып табылады. Ең алғашқы қағазды біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын қытай халқы жасап шығарған. Алғаш рет қағаз өте жүқа болған бояуды өзіне тез сіңіріп алған. Ондай қағазға сурет салу өте қолайсыз болған, ол сурет салуға көнбеген, көбінде жыртылып кетіп отырған. Қытай халқы қағазды бамбук талшығынан, шөптерден және шүберектен жасаған. Ол заманда кезде гректер мен римдиктер қағаз орнына мысыр папирусын пайдаланған. Кейін қағаз жасау әдісі біртіндеп Орта Азияға ауысады. 704 жылы арабтар Самарқанд шаһарын жаулаған кезде қағаз жасау әдісінің қүлиясын ез еліне алып кетеді. X ғасырда қағаз Еуропа елдеріне тарайды. Сол заманда Сицилия, Испания, Сирияда қағаз жасайтын фабрикалар пайда бол-ды. XIII ғасырда Италия мен Франция елдерінде қағаз жасау тәсілі қалыптасты. Ресейде қағаз Новгород қаласы арқылы тараған. Ең алғашқы қағазға жазылған кітап 1381 жылы жарық көрген. Бірінші Петр 1716 жылы қағаз диірмен салуға әмір береді. Содан бастап қағаз өңдеуге кіріседі. Мектеп оқушысына арналған дәптер қағазын 1799 жылы француз жұмысшысы Луй Робер ойлап тапқан. Ресейде Мәскеу түбіндегі қағаз фабрикасы 1564 жылы салында. Суретшілер сурет салатын қағазды Еуропа мен Ресейден алып отырды.

Қарындашты ең алғаш ойлап тапқан француз - Жак Конте. Ол графит ұштағымен саздың қо^ындысынан қарындаш жасау-ды меңгерген. XV ғасырдың басында Испанияда қорғасын мен қалайының ең жұмбақ қоспасынан жасалған қарындашты пайдаланған. Кейіннен Англияда графит кені табылған. Содан бастап графит қарындаш жасау үлгісі пайда болды. 1790 жылы австриялық Гардтмут графитті қолдан жасау үлгісі пайда болған. Бүл қарындаш сурет салуға өте қолайлы болды. 1970 жылы австриялық Гардтмут графитті қолдан жасау әдісін ойлап тапты, Міне, содан бастап графит қарындаш көбейеді.

Қаламұш ең алғаш рет темір таяқшадан жасалған. Ол арнаулы әзірлеген тері (пергамент) мен қағазға айыртүлқ таяқшамен немесе қауырсынмен жазылған. Қауырсын қаламұшты ең алғаш болып Орта Азия оқымыстылары пайдаланған. Ал металдан жасалған қаламүш XVIII ғасырдың аяғында пайда болды. XIX ғасырдың басында Англияда қаламүлі болаттан жасалды, кейін ол кеңінен таралып, сапалы қаламұш болып қалыптасты.

Өшіргішті 1770 жылы ағылшын химигі Джозеф Пристли ойлап тапты. Оның қағаз бетіндегі қарындаш сызықтарын тез өшіретінді-гін дәлелдеді. Ал 1840 жылдан бастап резеңкеге күкірт қосып қыздырып жасауды меңгерді. Мұнда жабысқақ касиеті жоғалып, беріктілік, қаттылық қалыптасты. Осыдан бастап өшіргіш кеңінен тарады.

Ал каучукты өшіргіш орнына пайдалануды ойлап тапқан - Магеллан болды. Оңтүстік Америкада жергілікті тұрғындар каучукты Гевея деп аталатын тропикалық ағаштың шырынынан алды. Өшіргіш деген сөз «гумми-әластик» сөзінен кысқартылып алынған. Қазір каучук сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Бүгінде тек қарындаш ізін ғана емес, қара тушь дағын өшіретін өшіргіш пайдалануға енді.

Циркуль біздің заманымыздың I ғасырында Франция аума-ғындағы Гальск қорғанынан табылған. Тіпі Помпейді зерттеуде археологтар қоладан жасалған циркуль тапқанын айтады. Циркульдің сәулет өнеріндегі ең қажетті қүрал екендігін Грузиядағы ең ежелгі, керемет Светицховели ғибадат ханасының көрінісінде сәулетші қолында циркуль бейнеленуі дәлелдейді. Ежелгі Русьта циркульді өрнектер Новгород қаласында қазба жүмыстарын жүргізгенде табылған. Бүгінгі таңда циркуль құралының маңызы орасан зор.

Сызғышты алғаш рет ежелгі Мысыр елі кішкентай құрылыс кезінде пайдаланған. Кейін Рим елінде кішкентай терезе тәрізді әріптер ойып орналастырған сызғыштың пайда болды. Ал орта ғасырда монахтар қорғасын таяқшаларды сызғыштың орнына қолданған. Сызғыштың миллиметр, сантиметр өлшем бірлігі 1791 жылы Париж ғылым академиясында ұсынылған. Бүгінде сызғыштың көптеген түрлері кеңінен дамыған. Бақылау сұрақтары:

1 Ежелгі Орта Азияның мәдениет ошағы болған қала.

2 Қазақстандағы өнер түрлері

3 Қолөнер негіздері

4 Қазақтың салт дәстүрлері

5 Қазақстан қол өнершілері

6 Кілем түрлері

7 Алғашқы гобиленшилер