Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сандик онер маман кириспе жана вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
334.85 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1 Ежелгі Орта Азияның мәдениет ошағы болған қала.

2 Қазақстандағы өнер түрлері

3 Қолөнер негіздері

4 Қазақтың салт дәстүрлері

5 Қазақстан қол өнершілері

6 Кілем түрлері

7 Алғашқы гобиленшилер

Пайдаланған әдебиеттер

Негізгі

  1. Малая история искусства. 10 томов. –М., 1970-1980 гг.

  2. Ванслов В.В. История искусств. –М., 2003.

  3. Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. –М., 2005.

  4. История искусств стран Западной Европы от Возрождения до начала 20 века. –М., 1980.

  5. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алматы, 1972 ж.

  6. Акышев К.А. Древнее золото Казахстана. Алматы: Жалын, 1983 ж.

  7. Агапов П., Кадырбаев М. Сакровищи древнего Казахстана. Алматы: Жалын, 1979 ж.

  8. Акишев К.А. Искусство и морфология саков. Алматы: Жалын, 1984ж.

  9. Акишев К.А., Курган Иссык, М.: Искусство, 1978ж.

6. Лекция сабағының тақырыбы: Қол өнер құдіреті.

Жоспары: 1. Өнерде ізін қалдырған саңлақтар.

2. Өнердің тарихы.

Мақсаты: Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан қол өнерімен таныстыру, өнер жайлы жалпы түсінік беру.

Мәтіні (қысқаша): Қолөнер халықтық белгілі бір тарихи кезеңіндегі таным-түсінігінен, өмір салтынан, сұлулық туралы түйсік талғамынан хабар береді. Халықтың қолөнеріне байланысты терминдерді жинау, зерттеу, олардың симво-ликалық мәнін ашу, этимологиясын зерделеуер-түрман әзірлеген. Қыз баланың шашын өріп, шашбау салып, сырға тағып, әсемдікке тәрбиелеген. Қызға қырық жерден тыйым салып, байсалдылыққа, салмақтылыққа үйреткен. Абай атамыз «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп айтқандай, өрнегін өнеріне айналдырған ісмерлердің үлгілерінде сиқырлы сырлар жатыр. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды деп тегін айтпаған. «Бота көз» - өрнегі белгілі қоспалы темірлерден құйылып немесе жұқа қаңылтыр темір тақтайшаларға бедерленіп, әбдірә, сандық беттерінде әшекейленген. Төрт түліктің төресі - ойсылқара баласы түйені халқымыз жыл санаудан қалдырса да, өрнекке өзек ете білген. «Түйе мойын» - түйенің мойнына ұқсас мүйіз тәріздес өрнектеліп келген ою. Көбінде ожаудың сабын, есіктің түтқасын безендіруде қолданылған. Түйе табан өрнегі атына сай түйенің жалпақ табанына үқсас болып келеді. Халқымыз ханды таққа отырғызғанда «Ақ түйенің қарны жарылған күн» деп атаған. Ұзақ мерзім бала көтермеген әйелді түйенің астынан өткізіп алған. Ұлы жібек жолында керуен қозғалғанда түйе киелі мал болып саналған. От-Анаға табыну рәсімімен жолға шығарда керуен тартқан түйелерді екі оттың арасынан өткізіп алған. Амандықты мал-жан сүраудан бастаған. Қазақ халқы түйе баласы ботаға байланысты қызының көзі ботаның көзіндей әдемі болсын деген ырыммен «Ботакөз» деген есім қойған. «Ботам, ботам дегенше, бота көзім десеңші» деген үлгілі сөз бар. ¥лттық өнеріміз дәуір талабына сай дамып, кемеліне жетіп өркендеп отырған.

Ертеден-ақ халқымыз өнер үйретуде өсиет айтудан жалықпаған Бесік жырларының өзі өнерге тәрбиелеуден басталады. «Өскенде кім боларсың, бармақтарың майысып, шебер болар ма екенсің?»,деген сөз бар. Кісі болар баланы - кісенінен, кісі болмас баланы мүшесінен таныған. Сын айтатын ел ағалары да болған. Мысалы, маңдайы кең болса - жайдары, желкесінің шұңқыры терең болса жалқау, бармағы майысқанды шебер деп білген. Олар түлпар болатындығын тай кезінен танып, түйенің ізіне қарап, түр-түсін ажыратқан, қоралы қойды қозысына қарап таныған. Осы жайлар болашақ суретшілердің бейнелі ойлауын дүрыс жетілдіруде дәл ойлап, дұрыс сөйлеуге, сергек қимылдауға мүмкіндік туғызады. Оларға коркемдік білім беруде жергілікті жағдайға байланысты үлттық тәрбиені, әдет-ғүрыппен салт-сананы лайықты пайдаланған жөн. Өмір сүрудің ұлттық ерекшеліктері ғасырлар бойы қалыптас-қан өзіндік дәстүр мен әдет-ғұрыппен тікелей сабақтасып жатыр.

Халық мұрасының танымдық, тәрбиелік мәні ұлан-ғайыр. Ескінің көзіндей, асылдың сынығындай ісмерлердің еңбектері ғылыми тұрғыдан зерттелмей, оқу саласына енбеуі ұлттық өнерімізді дамытуға үлес қоса алмай отыр. Алуан қолөнеріміздің үлгілері мен тәсілдерін жете білмей, ақ тәлім-тәрбиелік мәнін ү_ғынбай жатқан жайымыз баршылық.

Қашанда қадіріне өзіміз жетпеген нәрсенің қадіріне өзгелер жетіп, өкінішке дүлпар болған жағдайымыз нарықтық заманда да байқалып жатыр. Бір кезде тері илеумен аты шыққан қазақ қазір үстіне жөні түзу бір тон тігіп кие алмай жүр. Сондықтан, қазақ қолөнері күнделікті тіршіліктің салтына кірмей, өнер ретінде дами алмайды. Оқу орындарында қазақ халқы қолөнерінің оқыту әдістемесі дұрыс жолға койылуы қажет. Халык тәлім тәрбиесінің қағидаларын бейнелеу өнеріне байланысты бейімдеу, жүйелі пайдалану кең түрғыда қарастырылуы тиіс. Қазақи ойлау мен ана тілін дұрыс қолдану деңгейі халық қазынасы қолөнерімен еншілес өмір суруі тиіс.