
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •2. Өнердің өз тәрбиесі бар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
Бақылау сұрақтары:
1 Ежелгі Орта Азияның мәдениет ошағы болған қала.
2 Қазақстандағы өнер түрлері
3 Қолөнер негіздері
4 Қазақтың салт дәстүрлері
5 Қазақстан қол өнершілері
6 Кілем түрлері
7 Алғашқы гобиленшилер
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі
Малая история искусства. 10 томов. –М., 1970-1980 гг.
Ванслов В.В. История искусств. –М., 2003.
Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. –М., 2005.
История искусств стран Западной Европы от Возрождения до начала 20 века. –М., 1980.
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алматы, 1972 ж.
Акышев К.А. Древнее золото Казахстана. Алматы: Жалын, 1983 ж.
Агапов П., Кадырбаев М. Сакровищи древнего Казахстана. Алматы: Жалын, 1979 ж.
Акишев К.А. Искусство и морфология саков. Алматы: Жалын, 1984ж.
Акишев К.А., Курган Иссык, М.: Искусство, 1978ж.
5.Лекция сабағының тақырыбы: Дәстүрлі өнер тағылымы
Жоспары: 1. Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа.
2. Қазақ ұлттық ою өрнектері.
Мақсаты: Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан қол өнерімен таныстыру, өнер жайлы жалпы түсінік беру.
Мәтіні (қысқаша):
Жаңа ғасыр ғылым жетістіктері мен өнер үлестеріне үміткер ғасыр. Адам ғылымдағы жетістігі мен енердегі ізгілікті шығармашылығын елінің игілігіне жүмсауы қажет. Егемендік алғаннан бастап бейнелеу өнерініңбарлықсаласыныңөркендепөсуі-не еркіндік берілді. Суретшілер қатары көбейіп жиі көрмелер үйымдастыруға мүмкіндік туды. Үйінің төріне кілемінен гөрі картина ілетін азаматтардың қатары толықгы. Бұл Б.Зәуірбекова. да болса өнерге деген ықпалымыздың бар Ғасырларүні гобелені екенін байқатады.Дегенменде кейінгі кезде көркем шығармаларда келеңсіз жағ-дай туғызып отырған қарама-қайшы дәстүрліктен тыс туындылар пайда болды. Модернизмнің мүмкіндігіне бой алдырған жасампаз суретшілер қатары артты. ¥лттық дәстүрден тысқары бейтарап дүниенің бейжай жағдайларын бейнелейтін шексіз абстракциялық бағытты ұстанған шығармалар өріс алды. Бейнелеу өнеріне тән ереже, заңдылықтарға бағынбайтын, мазұүн мен формадан ауытқыған ғұмыры қысқа көркем шығармалар көрініс тапты. Бұл да уақыт өлшемімен үласқан өнер болуы мүмкін. Оған уақыт өз бағасын беретіні сөзсіз. Дегенменде дәстүрлік өнердің табиғатын таза сақтаймыз десек, ұлттық мазмұнға толы көркем шығармаларға баса назар аударуымыз керек. Әрине алпауыт ғаламдастыру мәселесі жалпы әлемдік міндеттердің пайдасын шешу үш ұлттық мүдделерден бас тартқызуға мүмкіндік туғызып отыр. Осы орайда көркем шығармадағы дәстүрлік көрініске көлеңке түсе бастады. Дәстүрліктің табиғатын терең танып білуге салғырт қарайтын суретшілер мен өнертанушылар өкілі пайда болды. Орыс тілінде ойланып, өз тілінде жеткізе алмайтын жағдайда тағдыр кешіп келеміз. Тілдік деңгейді менсінбейтін өнертанушыларымыз үлттық өнердің өркендеуіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Келеңсіз жағдайға дер кезінде көңіл аударғанымыз жөр. Ойы үшқыр, тілі көркем, айтқан сөзі өтімді ұлтжанды өнертанушылар қалыптастыру басты міндет. Сонда ғана дәстүрдің көркем шығармаларда қаншалықты дәріптелгенін талдап беретін мамандар қатары толыспақ. Бұл бүгінгі күнгі Қазақстан өнертанушыларының өзекті мәселесі демекпін.
Дәстүрлік өнер - халықтың өміріндегі шындықтың бейнесі. Ол адамдардың рухани мәдени тұрмысынан бөлінбейтін құбылыс. Әр-бір халықтың дәстүрлі өмірі тарихи тағылым мен озық ой-пікірлермен тоғысады. Дәстүр адамның қоғамдық қатынастарының тарихи қалыптасқан тұрақты және мейлінше корытылған нормалары мен принцптері болып табылады. Ал дәстүрлі өнер қоғамдық өмірдің материалдық жағдайының өзгеруімен сипатталады. Дәстүрлік өнер дегеніміз өткен гасырлардагы ата-бабалар мәдениетін сацтау арцылы үлттыц өнердің озыц үлгілерімен тольщтыру.
Ұлт рухани мүгедекке ұшырамау үшін дәстүрлік өнер қүндылығын жоғалтпауы тиіс. Әрине дәстүрлі өнерді толыққанды қабылдап, терең ұғынып түсіну тілге, дербес бейімділгкке, тұрақты қатынас, ұлтжандылықа байланысты. Көркем шығармада дәстүрлік өнердің өлшем бірлігін анықтап, оған критерий беру үшін үлтқа тән әдеп-ғүрып, салт, рәсім мәселелері қаншалықты көрініс тапқандығына баса назар аударуымыз керек. Кезінде белгілі суретші Г.Хлудовтың көркем туындысына қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов қазақ дәстүріне тән емес көріністердің сипат алғаны үшін сынаған болатын. Сондықтан ұлтқа тән дәстүр көркем шығарманың құндылығын айқындайтын басты қүрал болуы тиіс. Осы орайда ащы да болса, айтайын дегенім, бейнелеу өнеріндегі дәстүрге бағынбайтын жасампаз жаңа бағыттар пайда болды. Мәнерлеудің (стилизация) мәнісін арттырамыз деп жылцының мойнын созып жираф жасадық, көп өркешті түйелер, үш емшекті ешкілер пайда болды. Натураға тұрақты қатынас, шындықты дұрыс қабылдау, әтюд жазу ұмытыла басталды. Қиялдан ерсілі-қарсылы сурет салуды ермекке айналдырдық. Кәсіпқой суретші мен әуесқой суретшінің ара қатынасын ажырата алмай, көрермендер әуре болып жүр. Өйт-кені, көркем шығарма күнкөрістің бизнесіңе айналды. Бизнестің де ұлттық өнерге берер өз өлшемі болуы тиіс. Әсем ғимараттарды бейнелеу өнері түрлерімен безендіруде үлттық нақышта орындалған құндылығы мен сапасы жоғары шығармалармен жабдықтау басты назарда тұруы тиіс. Ұлтымыздың өз мүдесін сақтауда бейнелеу өнерінің берер жарнамасы мен тәрбиелік мәні зор. Амандықты мал-жан сүраудан бастайтын қазақ халқының төрт-түлік малдың дене бітімі сүлулығын сипаттауда көзқарасы ерекше болғанын естен шығармайық. Ұлы ақын Абай Құнанбаев пен Ілияс Жансүгіровтың жылқы бітіміне тән өлең шумақтары көркем шығармада көрініс тапса нұр үстіне нұр жауған болар еді. Отанға, елге, жерге, таби-ғатқа деген сүйіспеншілік көркем шығарманың әрқайсында көрініс тауып, көзге оттай басылса, дәстүрлі өнердің табиғатына жол ашамыз. Бүгінгі таңда еселеп қойған ескерткіштерімізде, тарихи көркем шығармалардағы біріне-бірі ұқсас хандар мен билер, батырлар образы өз үлесін таппай келеді. Тарихқа, этнографиялық материалдарға терең үңілу арқылы дәстүрлі ерекшеліктерді сақтай отырып, көркем туындылар орындаудың құндылығын арттыру үшін әрбір қазақ суретшісі өз үлесін қосуға міндетті. Қазақ өнері біреудің көлеңкесінде әлде біреудің көшірмесінде өмір сүруге тиіс емес. Сондықтан, ұлттық идеологияға берік жол табатын дәстүрлі өнер өркениетті елдер қатарынан өз үлесін алуға тиіс.