
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •2. Өнердің өз тәрбиесі бар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
Бақылау сұрақтары:
1 Ежелгі Орта Азияның мәдениет ошағы болған қала.
2 Қазақстандағы өнер түрлері
3 Қолөнер негіздері
4 Қазақтың салт дәстүрлері
5 Қазақстан қол өнершілері
6 Кілем түрлері
7 Алғашқы гобиленшилер
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі
Малая история искусства. 10 томов. –М., 1970-1980 гг.
Ванслов В.В. История искусств. –М., 2003.
Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. –М., 2005.
История искусств стран Западной Европы от Возрождения до начала 20 века. –М., 1980.
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алматы, 1972 ж.
Акышев К.А. Древнее золото Казахстана. Алматы: Жалын, 1983 ж.
Агапов П., Кадырбаев М. Сакровищи древнего Казахстана. Алматы: Жалын, 1979 ж.
Акишев К.А. Искусство и морфология саков. Алматы: Жалын, 1984ж.
4. Лекция сабағының тақырыбы: Айнала толы-әсемдік
Жоспары: 1. Табиғат сыры.
2. Қазақ ұлттық ою өрнектері.
Мақсаты: Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан қол өнерімен таныстыру, өнер жайлы жалпы түсінік беру.
Мәтіні (қысқаша): Қоршаған орта, айналамыз толы - әсемдік. Оның бәрі табиғат құдіреті, табиғат байлығы. Адамзат қолымен жасалған сан алуан ғажап бұйымдар, тамаша таңба, өрнек, өнер, музыка туындыларының өмірге келуіне шалқар шабыт, таусылмас қуат беретін де ең алдымен тылсым табиғат күші, соның игі әсері. Ендеше, табиғатты кіршіксіз күйде шаң жуытпай, таза сақтау, оны мәпелеп, аялап, қорғай білу, әсіресе кейінгі - өсіп келе жатқан жас буын үшін ерекше қастерл борыш, қасиетті міндеті екеніне еш оір дау жоқ.Сондықтан тылсым табиғаттың сырын ұғыну әрбір өнерлі жастар үшін үлкен маңызы бар.
Бейнелеу өнері мен табиғаттың өзара байланысы ертеден қалыптасқан. Бұған үңгірлерге салынған суреттер, тас бетіне бедерленген өрнектер дәлел бола алады. Адамдар ерте кезден-ақ табиғат құбылыстары мен тірі организмдер және өлі табиғат арасындағы таңғажайып байланыстарды аңғарған. Ата-баба-ларымыздың күнделікті тұрмыстық бұйымдарға салған ою-өрнектерінің өзі қоршаған табиғаттың әртүрлі бөлшегін елестетеді. Ай, күн, жүлдыздарға және жер су, өсімдіктерге байланысты өрнектер пайда болған. Атап айтқанда: күн, айшық, жұлдызша, мүйіз, бес жапырақ, су, ебелек, төртқүлақ, қайнар, селеубас, шырмауық, жауқазын, т.б.
Түскиіз өрнектері тау жолдарын, бұлақ суларын, хош иісті гүл, бәйшешек жапырақтарын елестетсе, сырмақтар малдардың, аңдардың түяқ, мүйіз үлгілерін, қүстардың қанаттары мен тұмсықтарының түрлі бейнелерін көз алдымызға әкеледі. Халқымыздың аңыз, ертегілерінде «жылқы желден, түйе сордан, сиыр судан, қой ауадан жаралаған» деген наным сөздерді бекер айтпаған. Бүл тірі организмдер мен өлі табиғат арасындағы байланысты айқындайды. Табиғатты халық үнемі өлеңге өзек, жырға арқау еткен. Өсімдіктерге қарап ауа райын болжаған. Қайыңның жапырағы басынан бастап сарғайса, көктем кеш шығады делінген.
Халық табиғи заттарды өңдеп, өз түрмысына қажетті әдемі бү_йымдар жасаған. Мысалы: найза сабы, садақ, домбыра, қобыз, кебеже, сандық, астау, бесік және үй жиһаздары (кереге, уық, есік, шаңырақ, т.б.)
Табиғатқа қызығу, жүрегі елжірей сүйсіну адамның рухани мәдениетін жоғары дәрежеге жеткізгендігін ертедегі ұлы ойшылдар атап өткен. XVIII ғасырдағы француз материалисі Гоббас: «Табиғат қандай заңдарға бағынса, адам да сондай заңдарға бағынады», -дейді. Аль Гольбах: «Адам табиғаттан өңінде де, түсінде де қүтыла алмайды», - деген.
Адамның табиғат туралы түсінігі қоршаған ортаны тұтастай қабылдауына байланысты қалыптасады. ¥шқан құс, ашық аспан, кең дала, асқар тау, айдын көл, жайқалған өсімдіктер дүниесі біздерге ләззат береді. Табиғаттың тепе-теңдігін сақтап қалу әкологиялық мәдениетіміз бен білімімізге тікелей байланысты. Қазақ халқының орман-тоғайды қорғау мен түтыну туралы өзіндік қағидалары бар. Жеміс-жидектерді үзбеу, ағашты орынсыз сындырмау және шөпті таптамау туралы өсиет өнеге ежелден кең таралған.
Табиғатты пайдалану аса маңызды әкономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік, философиялық, проблемалық сипатқа ие болады. Табиғатқа қамқорлык жасау әрбір азаматтың абыройлы да парасатты парызы. Табиғаттың ғаламат сыры өткен ғасырларда өмір сүрген суретшілерге асқақ шабыт туғызады. Мысалы, П.Сезанн, В.Ван-Гог, И.Шишкин, И.Айвазовский, С.Чуйков, О.Таңсықбаев, Ә.Қастеев шығармаларына мән беріп қарайықшы. Адам баласы тасты қашап сурет салудың өзін бірден игерген жоқ, оған да ғасыр-лар бойы дайындалған, бұдан да адамның өміріне табиғаттың арқау, ойына азық, көңіл-күйіне дем беруші екенін көреміз. Табиғаттағы әр заттың өзіне тән сүлулығы болады, оны көре білу, әсемдік сырын ашу кез келгеннің қолынан келмеуі түсінікті нәрсе.
Суретшілер табиғатты бейнелеу арқылы оның сұлулығы мен поэзиясын түсіне білуге, ғажайып өлкемізді бүрынғыдан да терең сүюге баулиды.
Белгілі орыс суретшісі И.Левитан: «Көзбен көріп қана қоймай, табиғатты іштей сезіну керек, оның сазына қүлақ түріп, тыныш-тығына жан-тәніңмен бойлай білу керек», - дейді. «Алтын күз» картинасының бір ғажабы - бояудың өзара үндестігін табу арқылы әсемдікті мөлдіретіп аша білгендігі.
Ұлы суретші Леонардо да Винчи: «Адам мен табиғат - ажырамас егіз ұғым», - деген. Оның әлемге әйгілі туындысы «Мона Лиза» табиғат аясында бейнеленген. Леонардо да Винчи кезінде ағаштың қимасы арқылы жылдық шеңбердің қалыңдығы мен жауын-шашынның арасында тікелей байланыс болатынын байқаған.Италия астанасының түрғындары жергілікті ауа райын зерттеу қызметінің мәліметтерінен гөрі көне римдік «барометрге» өзгеше сенім артады екен. Бір қызығы, мұндай барометрдің қызметін Ватиканның Сенитин капелласындағы Микеланджелоның фрескалары атқарады екен (фреска - қабырғаға салынған сурет). Егер фрескалар өзінің барлық бояу реңімен жарқыраса, онда аспан-да бүлт болғанмен, жауын жаумайды. Римдіктер фреска ешқашан қателескен емес деп сендіреді. Егер фрескалар түсі қарая бастаса, найзағай мен жауын-шашын күтіңіз.Қоршаған табиғаттың бұлағы сыр шертсе, ормандары желмен шайқалып күй төгеді, ерке өзендерінің үні сазды әуенге үқсайды. Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев алғашқы үстазы Хлудовпен кездескенде: «Мені суретшілікке итермелеген күш - табиғат», - деп жауап берген. Ол өнерді «таудың бүлағынан, қойдың қүлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім», деп әзілдеген. Суретші табиғат бейнесін айнытпай салады, жусанды даланы, кеңістікті терең сезінеді. Жарық пен ауа реңін бейнелейтін қоңыр, көгілдір түсті бояуларды шебер пайдаланған.Адам өзін табиғат перзентімін деп таныса, табиғат сырқаттан-ғанда, оның перзенті шет қалуы мүмкін бе? Арал мен Балқаш бүл күндері адамның жөн-жосықсыз, парықсыз іс-әрекеттерінің салдарынан қүрып, дүниеден көшіп барады. Арал тағдыры - адам тағдыры. Аралдан ұшқан түз Солтүстік мұзды мұхитқа қонуда және шетелдерге де зиянын тигізіп жатыр. Аралдың 1 литр суынан 2400 вирус таяқшасы табылған, мұны умен теңестіруге болады. Біраз жыл бұрын Семейде 20 килотоннадан 75 килотоннаға дейінгі ядролық жарылыс болғаны баршаға белгілі. Еліміздегі 900 миллион гектар орманның 150 миллионны өрттен тұншыққан. Жер бетіндегі тіршілік тірегі оттегі ғой. Бір самолет 50 тонна оттегін жүлады екен. Жер бетіндегі самолет санын есептеп көріңіз. Жер жүзіндегі 200 миллиондай автомобильден шығатын зиянды есептеңіз. Чернобыль әлектростанциясының зардабы да мәлім. Ең қорқыныштысы табиғатты жаралаумен қатар, озон қабатын бүлдірудеміз. Табиғатты мәпелеп, қорғауға жас үрпақтың ықыласын аудару үшін олардың әстетикалық білім дәрежесінің терең де орнықты болғаны жөн. Жоғары оқу орындарында болшақ мамандарға әкологиялық білім берудің жаңа әдістерін іздестіру керек. Жергілікті жағдайларға байланысты әкологиялық қайшылықтарды жоюды да қарастыру дұрыс.
Жас ұрпаққа әкологиялық білім беруде әкологиялық мәдениетті қалыптастырудың құралы ретінде бейнелеу өнерін бекер тілге тиек етіп отырған жоқпыз. Педагог А.В. Сухомлинский: «Табиғат - бала үшін алғашқы ойлауының қуанышы», - дегенді жиі айтқан. Табиғат қанша суреттелсе де, студенттерді шығармамен шектеуге болмайды. Студент табиғатты оның өзінен, өмірден танып білуі керек. Табиғатты бейнелеу - аса күрделі құбылыс. Алдымен тынымсыз еңбекқорлықты талап етсе, табиғат құбылысын терең сезінуде, сан алуан түстің бояуын анықтауда нәзік процестерді жақсы меңгеру қажет. Табиғаттан алған алғашқы әсерді бейнелеуге студенттерді дағдыландыруымыз керек.
Адам табиғат сүлулығынан ләззат алу арқылы дүниетанымын кеңейтеді. Күн сәулесінің шағылысуы, ауа райының құбылуы табиғатта сан алуан түсті бояулардың үндестігін туғызады. Соның әсері шәкіртке ой салады, шабыт береді, табиғат көрнісін бейнелеуге ықпал етеді.