Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сандик онер маман кириспе жана вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
334.85 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1 Ежелгі Орта Азияның мәдениет ошағы болған қала.

2 Қазақстандағы өнер түрлері

3 Қолөнер негіздері

4 Қазақтың салт дәстүрлері

5 Қазақстан қол өнершілері

6 Кілем түрлері

7 Алғашқы гобиленшилер

Пайдаланған әдебиеттер

Негізгі

  1. Малая история искусства. 10 томов. –М., 1970-1980 гг.

  2. Ванслов В.В. История искусств. –М., 2003.

  3. Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. –М., 2005.

  4. История искусств стран Западной Европы от Возрождения до начала 20 века. –М., 1980.

  5. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алматы, 1972 ж.

  6. Акышев К.А. Древнее золото Казахстана. Алматы: Жалын, 1983 ж.

  7. Агапов П., Кадырбаев М. Сакровищи древнего Казахстана. Алматы: Жалын, 1979 ж.

  8. Акишев К.А. Искусство и морфология саков. Алматы: Жалын, 1984ж.

  9. Акишев К.А., Курган Иссык, М.: Искусство, 1978ж.

  10. Белицкий М. Забытый мир шумера. -М., Наука, 1980 г.

  11. Дмитриева Н.А., Виноградова Н.А. Искусство Древнего мира. М. Детская

3.Лекция. Лекция сабағының тақырыбы: Өрнектер сөйлейді

Жоспары: 1. Өнер халық мәдениеті

2. Өнердің өз тәрбиесі бар.

Мақсаты: Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан қол өнерімен таныстыру, өнер жайлы жалпы түсінік беру.

Мәтіні (қысқаша): Түркі халықтарының ою-өрнегіне қатысты шежірелі тарих есте жоқ ескі замандардан басталады. Жалпы түркі тектес халықтардың ажырамас бірлікке ұмтылғанын тіл ортақтығы-мен ғана емес, ою-өрнектерінің ұқсастығынан да аңғаруға болатындай. Неміс ғалымы Херман Хаожк Анодолыда тоқылған кілемдердің түркімен кілемдерінен айырмашылығы аз екенін тілге тиек етеді. Мұның себебін ол былай түсіндіреді: «Бүл кілемдердің тоқылу тәсілі, ою- М.Нартов. өрнек салу ерекшелігі - көшпенді түркілердің Анодолыға келгендегі қолтаңбасы екені анық».Түркі халқының кілемге салған әрбір ою-өрнегі өзінше атауға ие. Мәселен, түйе мойын, садақ оғы, кекілік аяқ, белін таянған қыз, сегіз бүрышты жүлдыз, қаз аяқ, қармақ шақпақ т.б.Тоқымалық бүйымдарда Енесей және көне түрік әріптеріне ұқсас өрнектер жиі кездеседі. Тіпті әшекейлі бүйымдарға зер сала қарасақ, Орхон жазуларына үқсас өрнектерді де тауып алуға болады. Зер жүргізе тоқылған бүйымдарға мән бере қарасақ, түзу және айқастыра тоқу тәсілдерін түркілердің кеңінен қолданғанын аңғарасың.Ғалымдардың айтуынша, түркі кілемдерінің отаны Кіндік Азиядан басталады. Ал түркі кілем тарихы Батыс Түркістаннан тамыр тартады.

«Пазырық кілемі» түркі кілемінің алғашқы нүхқасы болып табылады. Бүл кілем біздің дәуірімізден бес ғасыр бү_рын пайда болған. Кілемде 3600 түйін бар. Ені мен үзындығы - 1,90x2 метр. Бүл кілемде «төрт жапырақты гүл», «айқасқан гүл», «ғүн гүлі», «небен гүлі» деген өрнектер бейнеленген.Ою-өрнектердің де өзіндік шығу тарихы бар. Мысалы, «белін таянған қыз» өрнегі әйел адамның белін таянып түрған сәтін көз алдына елестетеді. Бү_л өрнек көбінесе кілем, шүлық пен қолғап тоқымасында қолданылған.Анодолы кілемінде қораз пішіндес өрнектер кездеседі. Сонымен қатар «айыр ағаш», «шақпақ», «сегіз бү_рышты жүлдыз», «мысық ізі», V (у) және V (в) әріпі тәрізді ү_сақ өрнектер де бейнеленген. Бүлар бес уақыт намазды білдіретін өрнектер болып табылады.

Түркі халықтар үшін өрнексіз заманның мәні жоқ. Демек, біздің әстетикалық талғамымызды қалыптастыруда ою-өрнектердің алар орны ерекше. Жалпы, түркілер ою-өрнекті айрықша қастерлеген халық. Бір қызығы, бас киімдегі ою-өрнектерге қарап-ақ түркі халқының үрпақтары: кімнің қазақ, кімнің өзбек, үйғыр, татар, тәжік, қырғыз екенін осы аталған бір туысқан жүрттың кез-келген өкілді жазбай таниды. Иә, біз «ою-өрнегіңді қарап кім екеніңді айтайын» дейтін халықпыз.

Әңгімеміз түркі жүртының ою-өрнек өнеріне қатысты болған-дықтан, туысқан халықтардың ою-өрнегі жөнінде де айта кеткен жөн шығар. Біз бү_л арада олардағы ою-өрнектердің қалай аталатын-дығына тоқталмақпыз.

Қырғыздарда «кочкар муйуз», «теке муйуз», «толкун», үйғыр-ларда «бадам», «гүл бадам», «шәудә», өзбектерде «пахтагул», «бодам» сияқты ою-өрнектер түрлері бар. Қазақтарда оюын сипап қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деген топқа бөлуге болады. Әртүрлі бұйымдардан кестелеу, зерлеу, сыру, шымкестеп өру, бедерлеп салу (ойып салу), қүю, ойып бедерлеу шеберліктің үлгісі сезіліп түрады. Жалпы қазақ қолөнер шеберлері өлшеп-пішпей-ақ екі заттың тең пропорциясын таба білген. Әрбір қолөнерші жасап шығарған бүйымының ою-өрнегіне тән атау қоюға айрықша мән берген және оны халық түсінігіне лайықтап алған.Көненің көзімен тарихтың сөзіне айналған құлпытастардың өзі ою-өрнексіз болмаған. Ескіден қалған күмбез, мешіттердегі көркемдік ою-өрнексіз жүзеге^аспаған. Бүл ою-өрнектер тек қана көркемдік үшін алына салмаған. Оның астарында бүтіндей бір халықтың түрмыс-тіршілігі «жасырынып» жатыр. Аңшылық өнер, көшіп-қону көрністерінің бәрі нақышқа айналған халықпыз деп осы тұста түйін деп айтуға болады.Қазақ халқының ою-өрнегіндегі ең негізгісі - «қошқар мүйіз» немесе «мүйіз». Осы «мүйіз» өрнегінің өзі бірнеше түрге бөлінеді: сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қырық мүйіз, т.б. Бір сөзбен айтқанда, «мүйіз» өрнегінің ел тұрмысында араласпайтын саласы жоқ.

Өнертанушы ғалым В.Чепелелев: «Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп текке айтпаса керек. Өйткені, халық мұрасындағы үлттық өрнектердің үйлесімді реңдері ата-бабаларымыздың түрмыс-салт дәстүрін бейнелегендей. Анықтап айтқанда, халқымыздың тарихын, шежіресін, жағрапиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнектей қүдіретті өнер жоқтың қасы. Бүл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихи дәс-түріндегі сүлулық пен әсемдікті көре білетін, байқай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық.Тағы бір айта кететін нәрсе, қазақ халқы үлттық киімді әшекей-леуге барынша ықылас аударған. Әр өрнекке өзіне лайық затын таңдаған. Мәселен, бас киімде кездесетін ою-өрнектер сырт киімде немесе бүт киімдерде қолданылмаған. Мүның өзіндік себептері де бар. «Ит құйрық» аталатын өрнек ешқашан бас киімдерге қолданылмаған. Мұның астарында «дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Бүл өрнек «дұшпаның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырық балағына өрнектелген.Қыз балалардың бешпетіне, кейлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнеленген. Мәнісі жалпыға түсінікті шығар...

Ал ер баланың киміне найзаның үхиы, бүркіт, қошқар мүйіз секіл-ді өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған.

Түркілердің тоқымалық бұйымдарында Енесей және көне түрік әріптеріне үқсас өрнектер жиі кездеседі. Ал кейбір әшекейлі бүйымдарға жете назар аударсақ, Орхон жазуларына үқсас өрнектер де табылады.

Түркімендер мекен еткен аймақта сырмақ өнері айрықша дамы-ған. Сырмақ - орындалуы тым күрделі ұсақ тоқымалар қатарына жатады.

Ою-өрнек өзінің пайда болуында ү_зақ ғасырлар бойы кемеліне жетіп, толыса түскені анық. Біздің заманымызға дейін УІІ-ІУ ғасырлар аралығында қазақ жерінде Алтайдан Атырауға дейінгі кең алқапты сақ тайпалары мекен еткен. Олардың қыштан жасалған бү-йымдарынан және тас өңдеу өнерінен қазіргі ою-өрнектердің ежелгі көнетурін байқағандай боласың.

Ою-өрнекте де мазмұны бар. Ол халықтың салт-дәстүрімен үндесіп, сабақтасып жатады.

Қорыта айтқанда, халық мұрасындағы үлттық өрнек өнерінің танымдық, әстетикалық мәні ерекше демекпіз. Дәстүр жалғастығын ұрпақтан-ұрпаққа аманаттау - ендігі жерде біздің міндетіміз.