
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •2. Өнердің өз тәрбиесі бар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
Бақылау сұрақтары:
1 Ежелгі Орта Азияның мәдениет ошағы болған қала.
2 Қазақстандағы өнер түрлері
3 Қолөнер негіздері
4 Қазақтың салт дәстүрлері
5 Қазақстан қол өнершілері
6 Кілем түрлері
7 Алғашқы гобиленшилер
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі
Малая история искусства. 10 томов. –М., 1970-1980 гг.
Ванслов В.В. История искусств. –М., 2003.
Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. –М., 2005.
История искусств стран Западной Европы от Возрождения до начала 20 века. –М., 1980.
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алматы, 1972 ж.
Акышев К.А. Древнее золото Казахстана. Алматы: Жалын, 1983 ж.
Агапов П., Кадырбаев М. Сакровищи древнего Казахстана. Алматы: Жалын, 1979 ж.
Акишев К.А. Искусство и морфология саков. Алматы: Жалын, 1984ж.
Акишев К.А., Курган Иссык, М.: Искусство, 1978ж.
15. Лекция сабағының тақырыбы: Қазақстан гобеленшілері
Жоспары: 1. Өнерде ізін қалдырған саңлақтар.
2. Өнердің тарихы.
Мақсаты: Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан қол өнерімен таныстыру, өнер жайлы жалпы түсінік беру.
Мәтіні (қысқаша): 1960 жылдың І-ші жартысынан бастап матаның рельефті фактуралық әдістерімен өңдеуде жаңа техника тәсілдерін тапқан. Гобелен шеберлері Қ.Тыныбеков өз шығармаларында тәжірибе жасай отырып, бейнелік және оның фактурасының айқындалуын, пластикалық түрғыда композицияланудың жаңа тәсілдерін, сонымен қатар түстердің ритмикалық түсіндірмесін, кеңістіктегі форма мен көлемді зерттеді. Гобелен тоқу технологиясын модернизациялауда суретшілер классикалық әдістермен әртүрлі бояудағы жіптерді желісіне еркін жүйеде іспеттеуді және сюжеттік композицияның кеңістігін байыптап шешіп, көрермендерге тартымды көрінуіне аса мән беріп, олардың жоғары сапада өңделуіне ықпал етті.
Қазақ жерінде гобелен өнері XX ғасырдың 30 жылдарынан басталған. 1937 жылы «Ковровшица» ательесінің жанынан гобелен шеберханасы ашылған. Мүнда Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, Г.Ысмайылова, Н.Цивчинский, т.б. суретшілер әскиз жобалауға жәрдем берген.1939 жылы «дене тәрбиесі шеруі» атты жиырма метрлік гобелен Нью-Йорктегі және 1947 жылы Прагадағы көрмеге қойылды. Сонымен қатар «28-батыр панфиловшылар ерлігі» мен «Рейхстагқа тігілген Жеңіс туы» атты тақырыптық гобелендер тоқылып, Мәскеу қаласына сыйға тартылған.
ХХ-шы ғасырдың 70-шы жылдары қазақ жерінде гобелен өнерінің өзіндік үлттық деңгейдегі көрсеткіштері едәуір қарқында дамығанын көрсетеді. Осы жылдары біздің елімізде тақырыптық, терең философиялық мазмұндағы көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты. Көш басшысы кәсіби суретші Құрас Тыныбеков болған. Ол 1970 жылы Алматы қаласында Суретшілер одағы жанынан «сәндік қолөнер» секциясын қүрған. Бүл үйымға мүшелер: Б.Зәуірбекова, К.Жүбаниязова, Ә.Бапанова, А.Иханова, Б.Өтепов, Ш.Қожаханов, және қазақ гобеленшілері атанған И.Ярема, А.Анисимова, П.Повленко, Е.Николаевалар қосылған. Құрасбек Тыныбеков көркем тоқыманың ерекшелігін нәзік түсінетін шебер. Ол негізінен майда тоқыма техникасында еңбек еткен жеке гобелендерге фактураны байыта түсу үшің сәндік бауды пайдаланған. Қазақстан сән және қолөнер тарихында Құрасбек Тыныбековтың есімі ерекше орын алды. Суретші бар бітімімен дара да, қайталанбас түлғаға айналды.
Ол өнердің жас түрінің ширақ жаңғыруының, оның дара дербестігі қалыптасуының ортасына, өзіндік бейнелеу қүралдарын зерделі іздестіру кезеңіне тап болды. Тыныбековтың творчестволық жолын ғажайып тиянақтылық пен түтастық ерекшелендіреді. Оның ғүмыры қысқа болғанмен өнерге жан-тәнімен берілген. Шебердің әрбір жүмысында сырбаз күнделік, кұнарлы үрдіс, творчестволық ұмтылысының санқырлылығы нақты байқалады. Суретші туындыларының езіне тән баурағыштық қасиетін түсіну үшін алдымен оның творчествосының негізгі бедерін, «ішкі сырын» анықтау қажет. Осы түрғыда суретшінің творчестволық фантазиясы бү_л ретте белгілі бір дәрежеде дәстүрлі ою-өрнек формасының айқын қүрылымдық заңдылығына сәйкес көрініс береді.
Суретшінің киіз оюының сан қүбылған өрнектері қызықтырады, бүл қасиеттерді өз композицияларында кеңінен пайдаланған. Осы орайда ою түзілісінің түрақты сипатын кей мотивтерді біріктіруде нақ бір ырғақпен жасалғандай еркіндік алмастырып жатады. Халық өнерінің дәстүрін творчестволық кең өрістеудегі екі бағытты Тыныбековтың киізден басқан бұйымдар үлгісінен байқауға болады. «Дала әуені» (1972) текеметі шебердің киіз басу тәсілінің тосын әффектілерін: көмескілікті, басыңқылықты, суреттердің қү_былмалылығы мен бояулары ауысуының толқымалылығын тап баса білетін қабілетін көрсетеді. Ал «Аспан» (1973) текеметінің стилистикасы абстрактілі композицияда көне материал жаңаша дәуірдің көркем идеяларына үйлесім табатын тамаша құралға айналған. Сонымен Қүрасбек Тыныбековтың творчествосында дәстүрді игерудің екі деңгейі көрінеді. Егер оның біріншісі халық өнері үлгілеріне етенелік тән болса, екіншісіне - дәстүрлі тәсілдерді творчестволық пен қолданатын қазіргі заман суретшісіне тән дербес ой түюі. Тыныбековтың алғашқы «Шопан» (1970), «Семья» (1973) атты гобелендерінен белгілі жеке дара ү_мтылыс бар екендігін байқай аламыз. Шопанның қолындағы қошақан - жартылай жануар, жартылай ою түрінде бейнеленген бейне «қошқар мүйіз» оюына жақын. Жеке оюлық мотивтер бірде аспандағы жулдыздарды, бірде желдің үйытқуын, бірде киім бедерін бейнелей отырып, динамикалық қозғалыспен ұштасады. Әсемдіктің жаңа қырларын жарқырата жайып, өнерге іңкәр көңілді шынайы сезімдерге бөлейді. Гобеленнің құбылған жылы колориттік үйлесімі арасындағы қобыз қазақ халқының қадірлі музыкалық аспабы. Кеңістікте орналасқан жапырақтар -табиғат белгісі. Өмірде әркімнің өз орны бар дегендей, тіршілік иелері бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығын әсерлі бере білген. Өнерде бейнелеу мен музыка біртұтас ортақ мүддені көздейтін құбылыс. Туындыдағы аралас түстерден қоңырсалқын лебіз сезіледі. Ал, қобыз тұңғиық шексіз даланы күмбірлетіп әуезді әуенге бөлегендей. Сол қобыз әуеніне бүкіл дүниені бағындырып түрғандай. Қобыз маңындағы көмескі қанат, қобыз әуенін бүкіл дүниеге таратушы туындыда артық бейне жоқ, бәрі қарапайым. Тыныштықтағы жайма-шуақ күн гобелен бетінде бейнеленбегенмен, оның сәулесі қобыз айнасына шағылысып, дүниеге нұрын шашып түр.
Өмір - қозғалыс. Дамылсыз қозғалыстағы жапырақтар, қобыз үні, күн сәулесі өмір қозғалысы. Музыка, бейнелеу өнері, табиғат өмір гармониясы, сонымен қатар, ең әдемі өмір сүлулығы. Өмір сүлулығы өмір симфониясына, мәңгілік өнерге айналған. Қ.Тыныбеков шығармашылығының дамуы тікелей гобелен тоқу өнерімен байланысты. Оның творчестволық ізденісіндегі басты жетістігі классикалық гобелен тоқу дәстүрін үлттық өнер дәстүрімен сабақтастыру болып табылады. Ең алғаш орындалған гобелендері: «Шопан» (1970 жыл), «Отбасы» (1973 жыл), «Көктем» (1974 жыл), «Тау мен Дала» (1975 жыл). Осы туындылар қазақ гобелен өнеріндегі композициялық құрылымы күрделі, баяу үндестігі басым туындылар болып табылады. Сондай-ақ «Өмір ағашы» (1976 жыл), «Байқоңыр ырғақтары» (1977 жыл), «Аққу ән» (1980 жыл) секілді гобелендері де өздерінің философиялық мазмүнымен ерекшеленеді. Олардың композициялық қүрылымында фольклорлық сарын басым.
Қайталанбас, өзіне тән қолтаңбасымен баршаға танымал Бәтима Зәуірбекованың еңбектері талғамды қанық бояумен, мәнерлі суретімен, ой-сарабынан өткен күрделі копозициясымен ерекшеленеді. Оның шығармаларының ауқымы кең. Өзіндік қолтаңбасы бар шебер құбылмалы ою-өрнектері мол, сюжетті және бейнелі композициялары мазмұнға толы. Б.Зәуірбекова ең алғашқы туындыларында сәндік ұлттық ою-өрнектерді сюжеттік көрініске үластырып, көзге түссе, кейіннен тақырыптық дүниелер жасауға бел байлады. Б.Зәуірбекованың гобелендері нәзік бояуларымен дараланады. Оның «Керуен» (1973), «Дала аруы» (1979), «Жер ана» (1984) атты шығармалары сиқырлы әуенге толы. Ал, «Қазақстан» атты көркем туындысы көп тұлғалы композиция болып табылады. Мұндағы Қазақстанның кең байтақ даласының көріністері ою-өрнек, бояу үндестігінің табиғи шешімдері арқылы табылған. Композициялық құрылымы тік бағытқа өрістеген күрделі үш бөліктен тұрады. Суретшінің гобелендері көрген жанның көңілін тербеп, ерекше әсерге, терең сезімге бөлейді. Көрерменнің ой-зердесіне, таным түйсігіне лайықталған оның туындылары сезімге шынайы әсер етіп, терең толғаныспен ойланып барып, асықпай қабылдауға жетелейді, сондай-ақ өзіне тән сан түрлі, сан қырлы көркемдік иірімдерімен баурап алады.
Б.Зәуірбекованың гобелендерін неғү_рлым ден қойып қарап, зерттеп, зерделеген сайын, соғұрлым олардың әстетикалық кемелділігі жарқырап ашыла түседі. Оның шығармаларының тақырыптық ауқымы кең. Ол көлемдері әр алуан болып келетін көптеген камералық сипаттағы гобелендердің лирикалық,эпостық мазмү_ндағы іргелі еңбектердің авторы.
Б Зәуірбекова Б.Зәуірбекованың «Береке», «Менің Қазақстаным», «Күйатасы»,«Мәңгішабыт»жәнет.б.композициялық гобелендері ширақтылықты, әрі шынайы кәсібилікті танытады. Алғашқы еңбектеріне қарағанда классикалық мәнерлігін, әлдебір образды бейнелеудегі нәзіктілік пен сезімталдықты, әмоциялық әсерді, ұлттык психологияны аңғарамыз. Бояу арқылы бар мән-жайды баян еткен көркем шығармалары суретшінің дүниетанымдық көзқарасын айқындайды. Суретшінің «Әйгерім» (1990), «Дала мадоннасы» (1992), «Құс үстаған қыз» (1998), «Күту» (1998), «¥зату» (2001), «Сәукеле киген қыз» (2002) атты туындылары әстетикалық талғамы мен тәрбиелік мәні жағынан үлттық мазмүнға толы, маңызы зор шығармалар болып табылады. Б.Зәуірбекова «Жер/////////////Ана», «Жаз», «Көктем», «Жазира», «Жайлауда» атты туындысында қазақ даласының байлығын, рухани өмірін, мәдени тіршілігін баяндайды.
И.Яреманың да Қазақстан өнерінің дамуына үлес қосқан гобелендік көркем шығармалары мол. Оның «Маңғыстау» (1974) атты гобеленінде осы өңірдегі өндіріс, жергілікті халықтың түрмыс-тіршілік тынысы, әкономикалық, әлеуметтік жағ-И.лрема дайы, фабрика, зауыт, әлектр әнергиясы, мүнай-газ өңдеу мекемелерінің көріністері жан-жақты шығармашылық сипат табады. Әр алуан пішіндегі ою-өрнектер симметриялық үйлесім тауып, көз алдымызға динамикалық қозғалысты алып келеді. Нәзік үндескен бояу айшықтары сыршыл сезімдерге жетелейді.
Қазақ қолөнеріндегі тоқымашылықты дамытуда Сәуле және Әлібай Бапановтардың қолтаңбасы да айрықша. Ерлі-зайыпты суретшілердің «¥лы бәйтерек», «Кеңістік», «Аймақ», «Саяхаттау» атты гобелендері композициялык қүрылымы, үлттық тақырыптағы мазмү_нға сай орындалу шеберлігімен шет елге танылды. Әсіресе «Саяхаттау» атты гобелендік шығармасы ултымызға тән өміршең көркем туынды болып табылады. Гобеленнің композициялық қүрылымдағы желілік суретті шешімдер қазақ халқының тү_рмыс-тіршілігінен, өмір салтынан, салт-дәстүрінен сыр шертеді. Ұлы жібек жолының көш көлігі болған төрт түлік малдың төресі түйе шығармаға басты кейіпкер ретінде алынған. Адам мен табиғаты бір-бірімен тығыз үндестікте, бірде қатал драмалық тартыста алып қарастырады. Қиыр шығыстық философиялық терминмен айтсақ, «ішкі кұбылмалылығына қарамастан өзгермейтін» оның шығармаларындағы көп қырлылық бастау алып жатқандай. Классикалық авангардтық бағыттағы өзіндік мәнерімен ерекшеленетін композициясы автордың өзіне тән жан-жақты ойлау жүйесі, оның талғамы мен білім зердесі «Киелі ағаш», «Мироға зор сүйіспеншілік», «Мәңгілік», «Жаратылыс» туындыларында айқын байқалады .
Гобеленнің кісіге әсер етері ерекше. Ол фактурасы және түр-түсі қосылып сиқырлы бір арбау қасиетке бөлейді. Витраждағы ашық бояулы жазьщтардың қиылысқандығы, көз байлайтын кереметтілігіде бар. Осы әсерлі жұмыстың, бір ғажабы, жүнді |; бояп тоқуға дейінгі шаруа тек қолмен атқарылады.
Бүл істе Әлібай Бапановтың зайыбы, суретші Сәулемен бірлесе істеген еңбегінен айқын көреміз .Әдетте текеметтің бір жақ беті ғана оюлы болады. Алайда Бапановтардың текеметтің екі жақ бетіне де сурет салуы - меңгерген құпия тәсіл. Сәуле мен Әлібай текеметтері шығармашылық іс-әрекеттің
қүлптарлыққа толы қуатын сезінуге көмектеседі.Сезімнен туған ой ізгі ниетті сезінуге суреткерлік толғаныс ой-өрісін еріктен тыс сыртқа шығаруға бейімдейді. Бапановтарда ақ пен қара өгіз бейнесінде берілген айбынды да рақымшыл «Күн» мен «Түн»ді кейіпкерге айналдыру. Олар ғарыштық бастама үлгісі және ауыл өмірінің белгісі, бүлай екендігін мойнына таққан қүйтақандай қоңыраулары көңілді сыңғырлатып хабарлап тұрғандай. Міне тап осылай болмыс дегеніңіз, емін-еркін қысылып-қымтырылмай күнделікті тұрмыс арнасына құйылады, ал тұрмыс дегеніңіздің өзі болмысқа толы екендігі байқалады. Шеберлердің әрбір туындыларындағы қарапайым да нәзік композициялық шешімдері үлттық ою-өрнектермен байланыса келіп, бояу арқылы әсем де биязы ырғақта әспеттеген кеңістік көріністерінен дала әні мен күйі шертіліп түрған сезімге бөлейді. Шеберлер туындыларында құбыла келген бояу түстерін ырғақтата келтірген жолақтары, сызықтары, немесе әлде бір бейненің формасын айқындаған кезеңдері, басты композициялық шешімдерінің арқауы болып сәуле шапағатына бөлеген сәтті тамаша көрсете алған. Сондай-ақ ұлттық ою-өрнектердің өзіндік мән-мағынасын түйіндеп барып қолданулары шеберлердің көрегендігін, танымалдығын тағы да растайды.
Жалпы айтқанда, Қазақстан гобелен шеберлері қолтаңбаларында ұлттық деңгейді көрсетуді бірінші орынға қойып, композициялық шешімдерін қай тақырыпқа (интернационалдық, рационалдық, иррационалдық) бағыштаса да, өзіндік классификацияларын заман өзгерісіне сай ете отырып, ой-мақсаттарының интонациясын тың байыптағандарын көреміз. Сонымен қатар, шығармашылықта гобелен шеберлері тек пластикалық жүйеде ғана тоқтап қалмай, көркемдеу нақышымен композициялық шешімдерінде декоративтік-монументалды нұхқаларды қолдана келіп, кескіндемелік мәнермен ұндескендігі айқын байқалады.
Тоқымашылықтың жоғары деңгейін көрсететін гобелен тоқу өнерінің жас ұрпақтың рухани қалыптасуына да әсері зор. Осы орайда елімізде гобелен тоқуға баулитын бірнеше көркемсурет оқу орындары бар екендігін атап өткен лазым. Дәлірек Ә.Бапанов айтқанда, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, Т. Жұргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы көркемсурет колледждері, т.б. жыл сайын гобеленші шәкірттер-ді тәрбиелеп келеді. Гобелен өнерін оқытып ұйретуде ұлес қосқан тәжірибелі ұстаздар ретінде С.Бапанова, Ш.Орадов, Г.Өмірбекова, Г.Омарова, Ш.Рызаубаева, Б.Базарбаева, Д.Қастеева, Г.Қабижанова, М.Бектасова, Н.Бекинеевалардың есімдерін атауға болады. Қысқа-ша айтқанда, гобелен өнерін оқытып ұйрету дегеніміз, көнеден келе жатқан дәстұрлі тоқыма өнеріміздің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, алга асыру болып табылады. Қазақ гобелені де дәстүр сабақтастығына қызмет ете бермек. Қазақ жерінде гобелен тоқу өнері кешегі өт-кен ғасырымызда өз қарапайымдылығымен танылып, бұгінгі таңда өзіндік нақышында және дәстұрлі қарқында шарықтауда жас гобе-лен шеберлеріміз де өнерлерін әлемге танытып келеді. Атап айтсақ, Р.Базарбаева, А.Бекқұлова, Г.Оңғарова, Г.Жұраева, А.Қырықбаева және тағы басқалар. А.Қырықбаева «Көңілді қалашық», «Киіз ұй тігу», Г.Жұраева «Ай туар» атты туындыларында композициялық ізденістері мен көркемдеу рәсімдері тақырыбына сай келген. Бұл жас гобелен шеберлердің басты композициялық шешімдері кең байтақ қазақ даласының бар байлығына және адам баласына рух беріп келеді.
Заман ағымына қарай гобелен суретшілердің өзіндік идеялық ізденістерінде ұлттық мәдениетті, өнерді, дүниетанымды, дәстүрді танытуда ауқымды тәжірибелер жасап отырды. Осындай ізденісте ұлттық деңгейдегі қазақ гобелен өнерінің ерекшелігін шығармашылық туындылармен дәлелдеп келеді. Өз ерекшелігімен дамыған және бұгінгі таңда ұлттық өнерімізді, менталитетімізді анықтайтын өнердің бірі ретінде гобелен өнері өркендей бермек.