
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •2. Өнердің өз тәрбиесі бар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
Бақылау сұрақтары:
1 Ежелгі Орта Азияның мәдениет ошағы болған қала.
2 Қазақстандағы өнер түрлері
3 Қолөнер негіздері
4 Қазақтың салт дәстүрлері
5 Қазақстан қол өнершілері
6 Кілем түрлері
7 Алғашқы гобиленшилер
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі
Малая история искусства. 10 томов. –М., 1970-1980 гг.
Ванслов В.В. История искусств. –М., 2003.
Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. –М., 2005.
История искусств стран Западной Европы от Возрождения до начала 20 века. –М., 1980.
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алматы, 1972 ж.
Акышев К.А. Древнее золото Казахстана. Алматы: Жалын, 1983 ж.
11.Лекция сабағының тақырыбы: Кілем тоқу және оның түрлері
Жоспары: 1. Өнерде ізін қалдырған саңлақтар.
2. Өнердің тарихы.
Мақсаты: Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан қол өнерімен таныстыру, өнер жайлы жалпы түсінік беру.
Мәтіні (қысқаша):Ел ішінде әр істің шебері болған аты шыққан қолөнер шеберлері – кілемшелер мен киіз басушылар, текеметке түрлі ою ойыстыратындар өз өнерін ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырған. Сөйтіп, өнердің осынау мәңгі өшпейтін түрі тұрмысымызда күні бүгінге дейін өз орнын алып келеді. Жасыратын не жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған қазіргідей кезеңінің өзінде қолөнерінің туындыларына деген сұранысы аспаса азайған жоқ. Фабрикалық кілем, алаша, синтетикалық төсеніш түрлерін кезеңінен қолдана отырып жұрт киіз, текемет, сырмақ, алашадан алыстаған емес. Жиектелген, көздің жауын алатын әсем де жеңіл сырмақ, оюлы текемет, түскиіз, түкті де тақыр кілемдер, сан өрнекті термелер мен қақпа алашалар әлі күнге дейін тұрмыс сәні.
«Өнерлі өрге жүзер» дейді халық. Кілем тоқуды қолөнердің өзіндік қыр-сыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те, осы өнерді үйренгісі келген әр адамның тұрмыс қажетін өтеу мақсатымен бірге оның сан түрлі бояуларынан туындайтын өрнектер мен бояу үндестігі қиялына қанат бітіріп, сұлулық әлеміне жол таппасына кім кепіл?! Оның айғағы – тарихта қалыптасып келген, сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты, табиғи құбалыстарын суреттеуге лайықтап келген ою-өрнек түрлерінің оның мазмұнының жаңа түсіріп бет-бедерінде тұрмыс-тіршілігіне байланысты тың мағына беретін туындылардың пайда болуы. Олардың авторлары да өз замандастарымыз. Бүгінгі кілем тоқу өнері – бір жақты, тұрмыс қажетін өтеу аясынан гөрі қолдағы барды ұқсата білу, әсемдік пен талғампаздықтың туындысына айналуда.
Кілем күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын жүннен жасалатын бұйымдардың ішінде басты орын алып әлі күнге өз маңызын жоғалтпай келеді.
Үй жасауы – «кілем» дейді халық, кілем – жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Шығыс елінде оны тоқып, тұтынбаған халық болған емес. Кілем бетінде сан қилы сәнді өрнектерге қарап отырсаңыз тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін көргендей боласыз. Бір кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысы, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, ескі қорғандар, жүзім баулары – осының бәрі кілем бетінде бейнеленген. Кілемдегі суреттер қаншама шартты түрде бейнеленгенімен ондағы өрнектерден өмір шындығын аңғару қиын емес.
Еліміздің түкпір-түкпіріне кең тараған осы бір өнер түрі өріс алып, бай мазмұн-мағынаға ие болған. Сондықтан оның еңбекке, өнерге, ойлау қабілетін арттыруға, нәзіктік пен сұлулықтың сезіміне берілуге, білуге, табандылық пен ұқсатымдылыққа тәрбиелеу маңызы басымырақ болып тұр.