
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •2. Өнердің өз тәрбиесі бар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланған әдебиеттер
Ф-ӘД-001/026
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
СПОРТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ
ДИЗАЙН ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ
«Бекітемін»
Факультет оқу-әдістемелік
Кеңесінің төрайымы п.ғ.к.,
доцент м.а.___Жолдасова Б.
№ хаттама 2014 ж.
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
5B041700 - Сәндік өнер мамандығы
Түркістан
№ 1. Лекция сабағының тақырыбы: Өнердің өз тәрбиесі бар.
Жоспары: 1. Өнер халық мәдениеті
2. Өнердің өз тәрбиесі бар.
Мақсаты: Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан қол өнерімен таныстыру, өнер жайлы жалпы түсінік беру.
Мәтіні (қысқаша): ..Ерте кездің өзінде-ақ Орта Азия мен Қазақ-стан дүние жүзіндегі өнер, білім ошақтарының бірі болған. Ондағы халықтардың тарихи-әлеу-меттік, әкономикалық даму сатысынан өтудегі ерекшелігіне сан-салалы мәдени мүралары дәлел бола алады. Сыры кетсе де, сыны кетпей сақталып келе жатқан әсем ғимараттар мен сарайлар, бекіністер, тас мүсіндер өткен ғасырда талғамы мол шебер суретшілердің өмір сүргендігін дәлелдейді. Хорезмнен шыкқан ұ_лы ғалым Әбу Райхан әл Берунидің жазбаларына қарағанда Орта Азияның ең ежелгі мемлекеттерінің бірі - Хорезм үлкен мәдениет орталығы болған. Біздің жыл санауымыздан екі мың жыл бұрын мұнда сәулет, мүсіндеу және бейнелеу өнері жоғары дамыған. Ол жердегі тарихи ескерткіштер, жергілікті халықтың бейнелеу өнерінде емірлік құбылысты реалистік тұрғыда бейнелеудің айғағы бола алады. Жалпы Орта Азия, Қазақстан бейнелеу өнерінің тамыры сонау неолит және қола дәуірінен басталады. Атап айтсақ, Дасыбай және Ұлытау тастарына ойып салған өшпес суреттері соның куәсі. Көне дәуір көшпенділерінің графикалық бейнелеу
үлгісінде, әсіресе, жан-жануарлар, хайуанаттар дүниесі мейлінше көп мүсінделген. Тастағы бейнеленген суреттерден алуан әдіс-тәсілдерді байқауға болады.
Бейнелеу өнерінің пайда болуына терең үңілсек, түрік еліне ортақ суретші Камоледдин Бекзодты атауға болады. Кезінде швед өнер зерттеушісі Ф.Мартин Камоледдин Бекзатты «Шығыс Рафаэлі» деп атаған.
Қазақстан бейнелеу өнерінің алғашқы графикалық түпнұсқасы Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен басталады десек, ешқандай артық айтпаған болар едік. Қазақ бейнелеу өнерінің көш бастаушысы Әбілхан Қастеев атамыздың өнердегі жетістіктері халық даналығымен, ұлттық әдеп-ғұрып, дәстүрлермен тікелей байланысып жатыр. Жалпы халқымыздың басынан кешірген тарихын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, мекен-жайын мәдени өнері арқылы тани аламыз. Ата-бабаларымыздың өмір салты көшпелі
болғанмен, өнері көшпелі болған емес. Осы даланы әнмен әлди-леп, күймен тербеткен үлы халқымыздың көрегендігін қазақ сахарасында туған өлең-жырлары растай түседі. Шексіз далада өмір сүрген бабаларымыздың ұрпаққа деген өсиеті, үлгісі өнер арқылы жеткен. Халқымыздың ұрпақтарын адал, еңбек сүйгіш, өнерлі етіп тәрбиелеуде өзіндік өнегесі баршылық. Бүгінгі уақыт рухани мұраларымызды терең зерттеп, жете тану мәдениетіміздің жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Ашығын айтқанда, тоқырау кезеңінде мәдениетіміз ұзақ уақыт үстірт түсіндірілді, бүл арада ұрпақ арасындағы сабақтастық үзілді.
Бүгінде халықтардың ұлттық сана-сезімінің жетілуі жаңаша ойлауға жол ашады. Сондықтан тани алмай келген мәдениетіміздің халықтық дәстүрмен сабақтастығын айқындауымыз қажет. ¥лттық өнерімізді насихаттау арқылы халықтың үлттық мәдениетін өскелең ұрпақтардың санасына сіңіре білуге тиіспіз.
Айтар ой, берер тұжырым ашық айтылса, сөз құдіреті арқылы шәкірт санасына ұяласа, онда шәкірттің шығармашылық қабілеті оянады. Ұстаз әр уақытта ойын топшылап, жинақтап, дәлелді әрі өтімді айтуы тиіс. Халқымыздың ғасырлар бойы өмір сүрген сөз өнерін өнертану саласына енгізу шәкірт бойындағы ұшқыр ойды оятуда маңызды рөл атқарады. Ауыз әдебиетіміздегі теңеу сөздер, бейнелік ойлауымызға тікелей әсер етеді. Батырды - арыстанға, қыранды - бүркітке, молшылықты - дарияға, теңізге теңесе, ал сүлуды - ай мен күнге, хош иісті гүлге, құралайдың лағына, аққудың көгілдірігіне, ботаның көзіне теңеді. Тіпті қазақ жұмбақтарында аспан әлемін, жер-көкті астарлап айтуы кездейсоқ нәрсе емес, олар көктегі дүниені, қүпия сырды білуге өте қүштар болған.
Кезінде жүйрік атты шаппай танитын атбегі, қыран құсты ұшпай тұрып таныған құсбегілер, өзін көрмей ізін көріп түйенің түр-түсін ажыратқан, қозыға қарап қоралы қойдың ішінен енесін тауып бере алатын, жоғалып кеткен биенің іште кеткен қүлынын ат болғанда танып тауып берген халық сыншылары өмір сүргенін мақтан ете аламыз.
Көшпенді ата-бабаларымыздың сұлулық туралы талғамы киіз үй арқылы көрініс тапқан. Құс салып, құмай жүгіртіп кәсіп еткен, алты жастан асау үйретіп ат мінген халқымыз көңіл көтерерлік талай қызықты таба білген. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, ақыл-ой дамытуда аңшылық, саяхатшылық, үлттық ойындары бейнелеу өнерінде өзекті тақырып болып келеді Өйткені, дәстүрімізді жал-ғастырудағы бейнелеу өнерінің қосар үлесі мол.
Сонау елуінші жылдары Қ.Телжановтың «Көкпар» атты картинасының бүгінгі жаңашыл суретші Е.Төлепбаевтың шығар-машылығында қайталанып отыруы ұлттық өнеріміздің мәңгілік өмір сүретіндігін дәлелдейді. Кез-келген халықтың болмыс-бітімі, салт-дәстүрі мен мәдени мұралары сол халықтың ғұмыр жолының айнасы бола бермек.
..Ерте кездің өзінде-ақ Орта Азия мен Қазақ-стан дүние жүзіндегі өнер, білім ошақтарының бірі болған. Ондағы халықтардың тарихи-әлеу-меттік, әкономикалық даму сатысынан өтудегі ерекшелігіне сан-салалы мәдени мүралары дәлел бола алады. Сыры кетсе де, сыны кетпей сақталып келе жатқан әсем ғимараттар мен сарайлар, бекіністер, тас мүсіндер өткен ғасырда талғамы мол шебер суретшілердің өмір сүргендігін дәлелдейді. Хорезмнен шыкқан ұ_лы ғалым Әбу Райхан әл Берунидің жазбаларына қарағанда Орта Азияның ең ежелгі мемлекеттерінің бірі - Хорезм үлкен мәдениет орталығы болған. Біздің жыл санауымыздан екі мың жыл бұрын мұнда сәулет, мүсіндеу және бейнелеу өнері жоғары дамыған. Ол жердегі тарихи ескерткіштер, жергілікті халықтың бейнелеу өнерінде емірлік құбылысты реалистік тұрғыда бейнелеудің айғағы бола алады. Жалпы Орта Азия, Қазақстан бейнелеу өнерінің тамыры сонау неолит және қола дәуірінен басталады. Атап айтсақ, Дасыбай және Ұлытау тастарына ойып салған өшпес суреттері соның куәсі. Көне дәуір көшпенділерінің графикалық бейнелеу үлгісінде, әсіресе, жан-жануарлар, хайуанаттар дүниесі мейлінше көп мүсінделген. Тастағы бейнеленген суреттерден алуан әдіс-тәсілдерді байқауға болады.
Бейнелеу өнерінің пайда болуына терең үңілсек, түрік еліне ортақ суретші Камоледдин Бекзодты атауға болады. Кезінде швед өнер зерттеушісі Ф.Мартин Камоледдин Бекзатты «Шығыс Рафаэлі» деп атаған.
Қазақстан бейнелеу өнерінің алғашқы графикалық түпнұсқасы Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен басталады десек, ешқандай артық айтпаған болар едік. Қазақ бейнелеу өнерінің көш бастаушысы Әбілхан Қастеев атамыздың өнердегі жетістіктері халық даналығымен, ұлттық әдеп-ғұрып, дәстүрлермен тікелей байланысып жатыр. Жалпы халқымыздың басынан кешірген тарихын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, мекен-жайын мәдени өнері арқылы тани аламыз. Ата-бабаларымыздың өмір салты көшпелі
болғанмен, өнері көшпелі болған емес. Осы даланы әнмен әлди-леп, күймен тербеткен үлы халқымыздың көрегендігін қазақ сахарасында туған өлең-жырлары растай түседі. Шексіз далада өмір сүрген бабаларымыздың ұрпаққа деген өсиеті, үлгісі өнер арқылы жеткен. Халқымыздың ұрпақтарын адал, еңбек сүйгіш, өнерлі етіп тәрбиелеуде өзіндік өнегесі баршылық. Бүгінгі уақыт рухани мұраларымызды терең зерттеп, жете тану мәдениетіміздің жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Ашығын айтқанда, тоқырау кезеңінде мәдениетіміз ұзақ уақыт үстірт түсіндірілді, бүл арада ұрпақ арасындағы сабақтастық үзілді.
Бүгінде халықтардың ұлттық сана-сезімінің жетілуі жаңаша ойлауға жол ашады. Сондықтан тани алмай келген мәдениетіміздің халықтық дәстүрмен сабақтастығын айқындауымыз қажет. ¥лттық өнерімізді насихаттау арқылы халықтың үлттық мәдениетін өскелең ұрпақтардың санасына сіңіре білуге тиіспіз.
Айтар ой, берер тұжырым ашық айтылса, сөз құдіреті арқылы шәкірт санасына ұяласа, онда шәкірттің шығармашылық қабілеті оянады. Ұстаз әр уақытта ойын топшылап, жинақтап, дәлелді әрі өтімді айтуы тиіс. Халқымыздың ғасырлар бойы өмір сүрген сөз өнерін өнертану саласына енгізу шәкірт бойындағы ұшқыр ойды оятуда маңызды рөл атқарады. Ауыз әдебиетіміздегі теңеу сөздер, бейнелік ойлауымызға тікелей әсер етеді. Батырды - арыстанға, қыранды - бүркітке, молшылықты - дарияға, теңізге теңесе, ал сүлуды - ай мен күнге, хош иісті гүлге, құралайдың лағына, аққудың көгілдірігіне, ботаның көзіне теңеді. Тіпті қазақ жұмбақтарында аспан әлемін, жер-көкті астарлап айтуы кездейсоқ нәрсе емес, олар көктегі дүниені, қүпия сырды білуге өте қүштар болған.
Кезінде жүйрік атты шаппай танитын атбегі, қыран құсты ұшпай тұрып таныған құсбегілер, өзін көрмей ізін көріп түйенің түр-түсін ажыратқан, қозыға қарап қоралы қойдың ішінен енесін тауып бере алатын, жоғалып кеткен биенің іште кеткен қүлынын ат болғанда танып тауып берген халық сыншылары өмір сүргенін мақтан ете аламыз.
Көшпенді ата-бабаларымыздың сұлулық туралы талғамы киіз үй арқылы көрініс тапқан. Құс салып, құмай жүгіртіп кәсіп еткен, алты жастан асау үйретіп ат мінген халқымыз көңіл көтерерлік талай қызықты таба білген. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, ақыл-ой дамытуда аңшылық, саяхатшылық, үлттық ойындары бейнелеу өнерінде өзекті тақырып болып келеді Өйткені, дәстүрімізді жал-ғастырудағы бейнелеу өнерінің қосар үлесі мол.
Сонау елуінші жылдары Қ.Телжановтың «Көкпар» атты картинасының бүгінгі жаңашыл суретші Е.Төлепбаевтың шығар-машылығында қайталанып отыруы ұлттық өнеріміздің мәңгілік өмір сүретіндігін дәлелдейді. Кез-келген халықтың болмыс-бітімі, салт-дәстүрі мен мәдени мұралары сол халықтың ғұмыр жолының айнасы бола бермек.
Бақылау сұрақтары:
1 Ежелгі Орта Азияның мәдениет ошағы болған қала.
2 Қазақстандағы өнер түрлері
3 Қолөнер негіздері
4 Қазақтың салт дәстүрлері
5 Қазақстан қол өнершілері
6 Кілем түрлері
7 Алғашқы гобиленшилер
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі
Малая история искусства. 10 томов. –М., 1970-1980 гг.
Ванслов В.В. История искусств. –М., 2003.
Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. –М., 2005.
История искусств стран Западной Европы от Возрождения до начала 20 века. –М., 1980.
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алматы, 1972 ж.
Акышев К.А. Древнее золото Казахстана. Алматы: Жалын, 1983 ж.
Агапов П., Кадырбаев М. Сакровищи древнего Казахстана. Алматы: Жалын, 1979 ж.
Акишев К.А. Искусство и морфология саков. Алматы: Жалын, 1984ж.
Акишев К.А., Курган Иссык, М.: Искусство, 1978ж.
Белицкий М. Забытый мир шумера. -М., Наука, 1980 г.
Дмитриева Н.А., Виноградова Н.А. Искусство Древнего мира. М. Детская
Ф-ӘД-001/026
№ 2. Лекция сабағының тақырыбы: Өнердің терең тамыры
Жоспары: 1. Өнерде ізін қалдырған саңлақтар.
2. Өнердің тарихы.
Мақсаты: Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан қол өнерімен таныстыру, өнер жайлы жалпы түсінік беру.
Мәтіні (қысқаша): Қазақ өнері жайлы айтар сөз, ашылмаған сыр көп. Бүгінгі өнертанудың негізгі міндеті - тани алмаған мәдениетімізбен танысу, ұлттық өнерімізді үңіле зерттеу. Өнеріміздің іргетасы ислам дінінен бұрын қаланған. VIII ғасырда қобыз үнін өмірге әкелген Қорқыт қобызының жасалу үлгісі ісмерлік қолөнеріміздің ертеден-ақ қалыптасқандығын дәлелдейді.ұлы ғалым әл-Фараби музыка теориясын Қалыңдық кишіжазумен қатар ісмерлш қолөнерді игерш, «Канун»,«Қыпшақ», музыка аспабын жасап мұра еткен. Ата-бабаларымыздың мұралық, ісмерлік қолөнері тұрмыстық салт-дәстүрімізбен сабақтаса дамып келеді. ұлтымыздың өнердегі озық үлгілері ою-өрнекпен өлшенген. Қарапайым халқымыз қоршаған табиғат ортасынан нәр алып, көк әлем аспанын, су мен жерін, төрт-түлік малын ою-өрнекке үлгі ете білген. Өрнектің орындалу тәсілі төрт саладан түрады. Мысалы, шеңбер шексіздік, қозғалыс, әлем деген мағынаны білдірсе, ирек - өмір жолы, жақсылық пен жамандықты тең көрсетеді, ал қос тәріздес орындалатын өрнек төрт қүбыланы теңестіреді, түмарша өрнегі үш әлемді біріктіреді, олар:аспан, жер, су.Ойы үшқыр оюшылардың өрнектерінде жұмбақ сыр жатыр. Оқымаса да тоқығаны көп, көзі ашық, көкірегі ояу әжелер ою-өрнегін кестеге де түсіре білген. Ертеде кестелі орамалды хат орнына хабар алуға да пайдаланды. Осы орайда аңызға айналған бір әңгімені айта кетейік. Ертеректе абысынды екі апамыз қызын алысқа ұзатады. Содан бір-екі ай өткеннен кейін қыздарынан хабар ретінде кестелі орамал алады. Бірінші кестелі ормалда үшқан қүс, теңіздің толқыны бейнеленіпті. Бұған апамыз «қызымның қонған жері қүлты болып-ты, толқындай толықсып жүр екен» деп жорамал жасайды. Арада біраз уақыт өткен соң екінші кестелі орамал келеді. Апамыз көңілі босап жылайды, оған қасындағы адамдар таңырқайды. Орамалда отырған бір адам, түрған бір адам бейнеленген екен. «Қызымның барған жері қолайсыз болыпты, отырса - опақ, тұрса - сопақ екен» деп көңілі құлазыпты.Қазіргі кезде қолөнердің әртүрлі салаларын жан-жақты зерт-теудің ғылым үшін де, күнделікті өмір үшін де зор маңызы бар. Өйткені, халқымыздың қолөнері ұрпақтарымыздың көркемдік талғамының қалыптасуына алдымен әсер етеді. Асыл дәстүріміздің үзілмегендігін, өнеріміздің сарқылмағандығын қолөнер жарқырата ашып береді. Халқымыздың болмыс-бітімі, салт-дәстүрі, өнердегі мұралары ұлттық мәдениетіміздің айнасы. Халықтың ғажайып өнері үн қоспаған тарихи кезеңі жоқ деп айтуға болады.Қазақ әдеп-ғүрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, бар-шылықты білдіретін киім саналған. «Дос басқа, дұшпан аяғыңа қарайды» деген мәтел де бар. Соның ішіндегі қалыңдыққа кигізетін сәукеле ең әшекейлі, құрылымы жағынан күрделісі болып саналады. Сәукеле бағалы алтын-күміс, гауһар-інжумен әшекейленеді. Сәукеле мүралық бас киім. Сәукеле деп айтудың өзі қалыңдықтың аман-сау келуіне арналып шыққан. Көптен күткен келіннің келуін күткен жеңгелері мен қайнылары алыстан күмбезделіп көрінген сәукелені көріп «Қалыңдық сау келеді! Сау келеді!» деген ырыммен «сәукеле» деп атаған.Қыз баланың шашын өріп, шашбау салып, сырға тағып әсемдікке тәрбиелеген. «Қызға қырық жерден тиым салып», байсалдылыққа, салмақтылыққа үйреткен. Қыз баланың қолына көбінде «қүлып» білезік салынған. Тәртіпті, тәрбиелі болсын деген. Ер жеткенде қыз балалар мен үл балаларға қүс түмсық жүзік салған. Қыздарымыз қүстай қалықтасын, ұлдарымыз қыран болсын деген.
Халық өнерінен шыққан сәулет өнеріміз сан түрлі Орта Азия, Шығыс елдерімен шынайы бірлікте болды. Жапон, Үнді, Араб, Қытай, Түркия, Орта Азия еліндегі сәулет өнерінің сабақтастығы мәдениет саласындағы ортақ байланысты көрсетеді. Тәжі-Мақал, Қожа Ахмед-Яссауи, Айша бибі кесенелері мәні мен мазмүны жа-ғынан әлемдік мәдениетте өз орнын алады.Сурет салуға алғаш болып сыр тартқан Шоқан Уәлиханов. Оның ұлттық өнерге деген алғашқы талпынысы анасының әлдиі мен әжесінің ертегісі арқылы қалыптасады. Шоқанды сурет салуға үйреткен алғашқы үстазы - әкесі Шыңғыс. Ол әтнограф, фольклор-шы, әрі халықтың мәдени, археологиялық ескерткіштерін жинаушы. Қазақ халқының мәдениетін Еуропаға паш етуге ат салысқан. Шыңғыс ағаштан әртүрлі бұйымдар жасаған. Шоқанның ұлттық өнердегі алтын ордасы, аудиториясы - боз киіз үй. Сырымбеттің көз жетпес көркем табиғаты сұлулықты көре білуге тәрбиелейді. Қадірлесең қара тасқа да тіл бітеді демекші, тылсым табиғатымен үнсіз сырласа білген суретші Шоқан әр нәрсені табиғатына сай сыйымды бейнелеген.«Таусылар алтының да қорыңдағы, өнерің сарқылмайды қолыңдағы» демекші ұрпақтарымыз ұлттық өнерден үзбей нәр алуы тиіс.