Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
неполный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468.07 Кб
Скачать
  1. Ерігіштік және оның есептелуі. Тұнбаның еруіне әсер ететін факторлар.

Гетерогенді жүйе дегеніміз бірнеше фазадан құралатын жүйені айтамыз.Тұнба мен су ерітіндінің арасындағы тепе-теңдікті қарастырамыз.PbSO4 нашар еритін суға салатын болсақ аз мөлшерде ериді,бірақ еріген PbSO4 молекулалары бірден толық диссоциацияланады.Сол кезде тепе-теңдік орын алады.

↓ PbSO4→Pb2++ SO42- бұл тепе –теңдікті келесі тепе-теңдік константасы сипаттайды.

иондардың тепе –теңдік концентрациясы

-заттың қатты фазадағы концентрациясы

Демек тұнба көлемінің бір бірліктегі зат мөлшері.

Мұнда қатты фазадағы қатты концентрациясы тұрақты шама,себебі қатты фазадағы кез –келген заттың концентрациясы тұрақты шама.

Осы соңғы теңдеу бойынша PbSO4 қанық ерітіндіде Pb және SO4 иондарының концентрациясы көбейтіндісі де тұрақты шама болды, бұл қорғасын сульфатының ерігіштік көбейтіндісі деп аталады.

250С PbSO4 ерігіштік көбейтіндісі жалпы түрде ерігіштік көбейтінді осылай жазылады.

  1. Сандық талдау, оның түрлері, қолданылу салалары. Гравиметриялық талдау, әдістің артықшылығы және кемшілігі.

Аналитикалық химияда сандық талдау 2 әдіске бөлінеді: Гравиметрлік және титриметрлік деп. Гравиметрлік талдау- тұнба түсу реакциясына негізделіп, анықталатын заттың массасын өлшеу арқылы анықталады. Гравиметрлік әдісте анықтайтын компонентті үлгіден газ түрінде шығарып та анықтайды, ол айдау әдісі болып табылады. Бұл әдісте не айдалған заттың массасын, не қалған қалдықтың массасын анықтайды. Гравиметрлік анализді жүргізу өте көп уақыт алады. Кез келген тұнбаны гравиметрлік анализде пайдалана беруге болмайды. Гравиметрияда қолданылатын тұнбалар белгілі шарттарға сәйкес болуы қажет, яғни тұнбаның ерігіштігі өте нашар болуы керек, тұнбаның құрылысын жеңіл филтрлеп және қоспалардан жеңіл жуатындай болуы керек, тұнбаның тұну формасы гравиметрлік түріне оңай және толық ауысуы керек.

Гравиметрлік әдіс ертеден белгілі әдіс, гравиметрлік әдісті 2 жолмен жүзеге асыруға болады: тура және жанама әдістер арқылы.

Тура гравиметрлік әдісті 2 түрлі нұсқамен жасауға болады: 1) анализденетін компоненттерді таза элемент күйінде бөліп өлшейді. Кез келген элементті таза күйінде алу қиын, сондықтан бұл әдісті сирек пайдаланады. 2) анықталатын компонентті белгілі қосылыс түрінде тұндырып өлшейді.

Жанама әдіс минерал құрамындағы суды анықтау үшін қолданылады. Мұнда зерттелінетін затты кептіргенге дейін және кептіргеннен кейін өлшейді. Сонда 2 массаның айырымы минаралдағы судың массасы тең болады. mсу=m1-m2

Аналитикалық химияда сандық талдауда осы жанама әдіс қолданылады.

  1. Тұнбаға қойылатын талаптар. Тұнбаның тұндырылған күйі мен гравиметриялық түрлері. Мысал келтіріңіз. Тұнбаға әсер ететін факторлар

Тұнбаны кептірген кезде тұнба құрамының өзгеруі мүмкін сондықтан гравиметрлік талдауда 2 түрлі формалы қосылыстар болуы тиіс:тұндырылған және гравиметрлік. Көптеген жағдайда тұндырылған форма мен гравиметрлік форма бір-тіріне сәйкес келеді. (BaSO4, AgCI т.б.). Жиі тұнбаның тұндыру формасының құамы мен гравиметрлік формасының құрамында айырмашылық болады, мысалы: Mg2+ анықтағанда тұндыру формасы MgNH4PO4*6H2O, осы тұнбаны қыздырғанда Mg2P2O7 болып ауысады. Тұнба Mg2P2O7 түрінде өлшенеді. Тұндырылған формасы құрамына анықталатын компонент кіретін тұндырылған қосылыс.

Гравиметрлік форма құрамына анықталатын компонент кіретін өлшенетін қосылыс.Анықталатын компонент бір тұнба күйінде алынады одан кейін түзілген тұнбаны қыздырады оның нәтижесінде екінші қосылыс түзіледі оның массасын өлшейміз.Жалпы жағдайларда бұл екі форма әр түрлі.әдетте Т.Ф≠Г.Ф. Т.Ф қыздырған кезде Г.Ф ауысады.

Т.Ф қойылатын талаптар:

1.Анықталатын коипонент толық тұнбаға түсуі қажет.

2.Басқа иондармен тұнбаға түспеуі тиіс.

3.Тұндырылған форма оңай Гравиметрлік форма ауыса алатын болу керек.

4.Тұндырылған форма оңай сүзілуі қажет, сондықтан тұнбаның аморфты формасынан гөрі кристалдық формасы жайлы болып келеді.

Гравиметрлік формаға қойылатын талаптар:

1.Г.Ф-ң құрамы оны химиялық формасына дәл сәйкес болуы қажет.

2.Г.Ф ауаның әсеріне төзімді болуы қажет.

3.Г.Ф-дағы анықталатын компненттің мөлшері ең аз болуы тиіс.