Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MIKRO SHPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

29) Олигополия түсінігі. Курно дуаполиясының моделі

Егер нарықта біртекті өнім өндіретін бірнеше ірі фирма басым болса, онда ол жерде олтгополия орын алады.Егер олигополияға екі сатушы кіретін болса оны дуаполия деп атайды. Олигополия ол:

Бірнеше саладағы фирмалар немесе саладағы бірнеше фирмалар;

Өзара тәуелділікті шешім қабылдау;

Салаға кірудегі кедергілердің айтарлықтай дәрежеде болуы;

Ұзақ мерзімді потенциалдық пайда;

Белгіленген нарықтың шоғырлануы, баға бақылауы;

Сатушының шоғырлануы жоғары болған сайын үлесі жоғарылайды, монополияға ұқсас бола бастайды. Сатушының шоғырлануын өлшейтін жалпы қабылданған көрсеткіш, ол төрт фирманың үлесі.

Олигополияның себептері:

Масштабтан үнемдеу;

Стратегиялық кедергілер;

Құқықтық кедергілер;

Бірігу;

Жалпы өзара байланыстың салдары:

Сұранысты бағалау қиындығы;

Шекті түсімді тиімді анықтауға болмайды;

Тепе теңдік бағамен тепе теідңк өнім көлемін анықтауға мүмкіндік жоқ

Нарық іс әрекетінің белгісіздігінен екі іс әрекет моделіне бөлінеді:

Кооперативтік бұл фирманың бірігіп шешуін білдіреді.

Кооперативтік емес бұл фирманың өз бетінше шешуі.

Нарықтарды талдаған уақытта көбінесе біз тепе теңдікті орнататын нарықтық бағамен іздей бастаймыз. Олинополиялық нарықта фирма басқа фирмалардың әрекетіне қарай өз бағасы мен сатылым мөлшерін орнатады. Олигополиялық нарықта тепе теңдік:

  1. Нэш басқа фирманың өзінің жағдайын өзгертпесе осы жүйеге кіретін кез келген фирма жағдайын өзгерткісі келмейді

  2. Курно фирмалар бір бірімен өндірілетін өнім мөлшерін өзгерту арқылы бәсекелеседі.

Олигополиялық нарықтың қасиеттері:

  1. Бүкіл нарықтарды бірнеше фирма тауарлары қамтамасыз етеді

  2. Бірнеше фирма олигополиялық салада нарықтың басым бөлігіне ие болады

  3. Нарықтағы фирмалар бір біріне тәуелді екенін біледі

Курно дуополиясы. Олигополияның ең қарапайым үлгісі нарықта тек қана 2 бәсекелес – фирманың болуын ұйғарады. Бұл жағдай дуополия деп аталады. Курно үлгісінің алғышарты: олигополист – фирмалар өнім шығару көлемі бойынша (өнім біртүсті) бірдей шешім қабылдай отыра, бәсекелестің өндіріс көлемін тұрақты шама ретінде қарайды. Олигополия нарығында А және В фирмалары бар дейік (76-а сурет). Нарықтық сұраныс = D, ал шекті шығындар тұрақты. А фирмасы өндіріс көлемі жөнінде шешімдерді қабылдайды. Егер ол В фирмасы ештеңе де өндірмейді деп болжау жасаса, оның ұсынысы Q құрайды. Егер ол В фирмасының өндіріс көлемі Q тең деп болжаса, өзінің өніміне деген сұранысының төмен және солға, D1 деңгейіне дейін ауысуы деп түсінеді де, өнімнің Q бірлігін өндіреді. В фирма ұсынысы көбеюін ары қарай болжай отыра, А фирмасы өнім шығарымын сәйкес санға азайтып, нәтижесінде өндіріс көлемін ынталандыратын жаңа нүктелерді табады. Бәсекелестің іс-қимылдарын дұрыс бағалай отыра, әр фирма өз үшін осы жағдайда пайданы жоғарылатуға мүмкіндік беретін оңтайлы стратегияны таңдайды. 76-б суретте фирмалар шекті шығындар деңгейінде өндірсе, (нағыз бәсекелестік жағдайларда сияқты) осы нарықта болуы мүмкін бәсекелестік тепе-теңдік көрсетілген. Бұл жағдайда олардың пайдасы кәдімгі (нольдік) болушы еді. Курноның олигополиялық моделі фирмалар үшін ұтымды, себебі ол экономикалық пайда алуға мүмкіндік береді.

P A

В фирманың әсер тигізу қисық сызықтары

бәсекелес тепе-теңдік

D MC

D1 Шарттардың

MR2 MR1 D2 MR қисық сызықтары

Әсер тигізу қисық сызықтары (а) және тепе-теңдік()

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]