Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MIKRO SHPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

27) Бағалық дискреминация. Нарықты сегменттеу

Кейбір жағдайларда таза монополия бағалық дискриминация жүргізе алады, яғни сатып алушылардың әр түрлі тобына сапасы да, шығындар деңгейі де бірдей тауарларды әр түрлі бағамен сата алады.

Бағалық дискриминацияны іс жүзіне асырудың шарттары:

1)тұтынушының монополиядан сатып алған тауарын қайтадан сатып жіберуге мүмкіндігінің болмауы;

2)қарастырып отырған тауары тұтынатын сатып алушыларды сатып алу қабілетіне қарай түрлі топтарға бөлу мүмкіндігінің болуы.

Егер фирма әрбір сатып алушының тауар үшін қандай деңгейдегі жоғары баға төлеуге дайын екенін білсе, онда жетілген бағалық дискриминация орын алады.

Бағалық дискриминацияның салдары:

1)өнім көлемі көбірек өндіріледі;

2)тұтынушының ұтымы есебінен сатушының пайдасы жоғарылайды;

3)қоғамның әл-ахуалы жоғарылайды, себебі тауарға тұтынушылардың көпшілігінің қолы жететін болады.

Бағалық дискриминацияға графиктік талдау жүргізейік (MC-const деп есептейік)

P P

P m

I II MC I MC

D D,MR

Qm MR Q Qm Q

Монобағалық саясат Бағалық дисреминация

Монополистің пайдасы І тік төртбұрыштың ауданына тең; штрихталған үшбұрыш –бұл тұтынушы ұтымы; ІІ үшбұрышының ауданы- бұл монополия бағасының салдарынан

болатын қоғамның қайтарылмайтын шығындары. Бағалық дискриминация саясатына көшу МR=P екенін білдіреді, ал MR графигі сұраныс графигі мен дәлме-дәл түседі. Тұтынушы ұтымы түгелімен сатушыға түсіп, оның пайдасын жоғарылатады. Сату нарықтарының кеңеюіне байланысты қоғамның қайтарылмайтын шығындары до жойылады.Бағалық дискриминация әрдайым немесе уақытша болуы мүмкін. Алайда, кез келген жағдайда да монополист өзінің тауарының сұраныс икемділігін ескеріп отырады. Бағалық дискриминация көбінесе сұранысы икемсіз тауарларға қолданылады.

Сегменттеу бағаның өзгеруіне байланысты сезімталдықтарды әртүрлі екі немесе одан да көп сатып алушылар тобын бөле алатын нарықты сегменттелген нарық деп аталады. (Жасына қарай, географиялық жағдайына т.б)

Мыс, сатып алу билеті оқушылар үшін, үлкендер үшін, зейнеткерлер үшін әртүрлі баға қояды.

28) Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы

Монополия бәсекелестік теориясы ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында ағылшын экономистер Дж. Роббинсон мен Э. Чемберленмен әзірленген. Бұл нарық түрі нағыз бәсекелестік және монополиямен бірдей сипатты бола тұра, қазіргі заманда ең таралған болып табылады. Монополия бәсекелестігінің ең басты белгісі – өнімнің әр түрлілігі, сондықтан кез келген фирма, нарық билігіне ие болып, өз ісінде монополист. Монополистік бәсекелестік нарығында көптеген бәсекелес – сатушылар, кіру кедергілерінің жоқтығы оны нағыз бәсекелестікке жақын қояды. Монополия бәсекелестік жағдайларында қызмет жасайтын фирма нарық билігіне ие болғандықтан, оның өніміне деген сұраныстың қисық сызығы төмен түседі. Сұраныс баға бойынша жоғары икемді, себебі, көптеген субтитут – тауарлары бар. Сондықтан, монополия бәсекелестік жағдайларда фирмалар баға бойынша емес, бағалық емес сипаттар бойынша бәсекеге түседі: сапа, сатудан кейінгі қызмет көрсету, орау. Өткізуді ынталандыру, жарнама, сауда белгілері мен сауда маркалары да маңызды рөл атқарады. Монополия бәсекелестік нарығының мысалдары: тамақ, киім, аяқ киім, тұрмыстық химия өнімдерінің өндірісі, қызмет көрсету.

Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік

Монополия бәсекелестік жағдайларында қызмет жасайтын фирманың қысқа мерзімді тепе-теңдігі (монополия бәсекелес фирма) нағыз бәсекелес фирманың тепе-теңдігіне сәйкес 75-а суретте ол Qf оңтайлы көлемі (MR = MC болғанда) Р1 бағасымен сатылған сұраныс икемді, бірақ ол деңгейіне дейін қысқаруы мүмкін, онда орташа шығындардың жабуы қамтамасыз етілмейді. Бұл жағдайда монополия бәсекелес фирма, монополист сияқты, сұранысқа байланысты 2 нұсқаның біреуін таңдайды: егер баға орташа ауыспалы шығындарды жапса, ол залалдарды азайтады, ал сұраныс оларды жабуға да жетпесе, фирма нарықтан шығады (кетеді).

P MC

PF AC

AVC

PF1 D

MR1 MRF1

Монополия бәсекелес тепе-теңдіктің салдарын монополия бәсекелестіктің шығындары деп атайды. Оларға келесілер жатады:

  1. Ресурстардың толық пайдаланбауы, оны мына жайт көрсетеді: ұзақ мерзімді тепе-теңдік ең аз орташа ұзақ мерзімді шығындарда белгіленбейді. Чемберленнің пікірінше, осының салдарынан монополия бәсекелестік жағдайларда, нағыз бәсекелестік жағдайлармен салыстырғанда, фирманың нәтижелілігі аздау болады. Өндірістік қуаттардың жартылай жұмысының салдарынан қоғамдық әл-ауқат төмендейді.

  2. Ұзақ мерзімді кезеңде баға шекті шығындардан асады, яғни монополия бәсекелестік жағдайларда шығарылған өнімнің қосымша бірліктері сол ресурстардың баламалы пайдалану нұсқасында шығаруға болатын өнімнен жоғары бағаланады. Бұл тұтынушы артығы қысқарады деген сөз.

  3. Монополия бәсекелестік жағдайлардағы өндіріс көлемі нәтижеліден аз, ал баға нағыз бәсекелес нарықтағыдан жоғарылау.

Монополия бәсекелестігін нағыз бәсекелестікпен салыстыра келе, мынаны айтуға болады: монополия бәсекелестік жағдайында нарықта қажетті санынан көптеу фирмалар қатысады. Егер олардың саны нәтижелі болса, өнімнің көлемі төмендеу бағамен сатылушы еді. Бірақ, олай болу мүмкін емес, себебі нарықтағы фирмалар саны қысқарып, ол қалған фирмалардың нарық билігін күшейтуші еді. Сонымен, монополия бәсекелестікке тән монополия элементі тұйық шеңберді құрады. Жоғары баға өнімнің көп түрлеріне (кең ассортиментіне) тұтынушының төлемі ретінде қаралады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]