
- •1.Микроэкономика теориялары мен айналым моделі.Позитивті және нормативті талдауды сипатта
- •2.Өндіріс мүмкіндіктер қисығы.Экзогенді және эндогенді айнымалылар.Экономикалық талдау барысындағы әсерлер.Экстенсивті ,интенсивті.
- •3.Сұраныс.Сұраныс заңы.Сұраныс қиысығы .Сұраныс көлеміне әсер ететін факторларды сипаттау,графигіне талдау.
- •4.Ұсыныс.Ұсыныс заңы.Ұсыныс қисығына ісер ететін факторлар.Ұсыныс қисығы графигі
- •5.Нарық тепе теңдігінің,ұтыстарының,артықшылқтарының,тапшылықтардың графигі
- •6.Сұраныс және ұсыныс иекмділігі.Өлшеу әдістері.Формула.График
- •7.Нарықтағы тепе теңдікке салықтардың әсері
- •8.Пайдалылық теориясы.Шекті пайдалылық
- •9. Кардиналистік және ординалистік тәсілдер.Госсен заңы
- •11.Тұтынушының бюджеттік шектеуі және қасиеттері.Тепе теңдік шарт орындалуы
- •12.Баға тұтыну арқылы графикте сұраныс байланысын көрсет.
- •13.Табыс тұтыну қисығы және Енгель қисығы.Табыс бойынша баға индекстері.Паша,Фишер
- •14) Жұмыс бос уақыт бағалылығы
- •1 5.Ұсыныс қисығының ылдиы оң болғандағы алмастыру әсері табыс өзгеруінің ….
- •16.Ұсыныс қисығының ылдиы сол болғандағы алмастыру әсері табыс өзгеруінің
- •17. Өндіріс функциясы және Кобб Дуглас. Изокванта және оның ерекшеліктері. Технологиялық алмастыру мөлшері.
- •18. Жалпы, орташа, шекті өнімдердің түсініктері. Графигі
- •19. Шығындар түсінігі және түрлері. Изакоста
- •20) Қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар. Ұзақ уақыт мерзімдегі шығындар
- •21) Бәсекелестегі жетілген нарықтың сипаттамасы
- •22) Қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі бәсекелестегі фирма
- •23) Монополия жағдайындағы нарық. Бағалық сұраныс икемділігінің рөлін түсіндір
- •24)Монополисттің пайдасын максималдау ережесі
- •25) Лернер коэффиценті. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе теңдік
- •26) Монополияның қоғамдық шығындары
- •27) Бағалық дискреминация. Нарықты сегменттеу
- •28) Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы
- •29) Олигополия түсінігі. Курно дуаполиясының моделі
- •30) Өндіріс факторлар нарығының түсінігі
25) Лернер коэффиценті. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе теңдік
Кез келген фирманың монополист болмаса да өзінің бағасына әсер ете алса монополистік билігі, нысаны бар. Оның өлшемі Лернер көрсеткішімен анықталады.
Лернердің монополиялық билік индексі – мына формула бойынша анықталады: IL = (PM – MC)/PM = 1/ED,
мұнда IL – Лернер индексі
РМ – монополиялық баға
МС – шекті шығындар
ED – сұраныстың бағалық икемділігі
Нағыз бәсекелес жағдайларында Р = МС болғандықтан, Лернер индексі бәсекелес фирма үшін 0 тең. Монополия жағдайларында Р>МС, Лернер индексі 0-ден – 1дейін аралықта жағымды сан болып келеді. Оның мағынасы неғұрлым 1-ге жақын, фирма соғұрлым көптеу монополиялық билікке ие. Тәжірибеде шекті шығындар шамасын есептеу оңай емес, сондықтан олардың орнына көбінесе орташа шығындарды пайдаланады, Лернер индексінің түрі келесідей көрінеді:
IL = (PM – АC)/PM
Бөлшектің алымы мен бөлгішін Q көбейтіп, алымында пайданы, бөлгішінде (валдық) жалпы табысты аламыз: IL = П/ТR. Демек, фирманың жоғары пайдасы, Лернер индексіне сәйкес, монополиялық билігі барының көрсеткіші
Келесі ахуалды қарайық: фирма – монополист ұзақ мерзімді кезеңде өндірісі кеңейту жөнінде шешім қабылдайды. Ол бар өндіріс шеңберінде жаңа өндірістік қуаттарды енгізуге дайын, яғни өздеріндегі бар зауытпен шектеледі. Бірақ ол екінші, үшінші, төртінші зауыттарды салып, ары қарай дами алады. Өндірісті кеңейту жөніндегі монополистің шешімі ұзақ мерзімді шығындар мен нарық сұранысы ара қатынастарынан тәуелді. MR = LRMC жағдайында ұзақ мерзімді тепе-тендікке жеткен монополист пайданы өсіруге мүмкіндік беретін өндірістің кез келген көлемін таңдай алады. Монополияның ұзақ мерзімді тепе теңдігін талдайық
p
LRMC
LRAC
Pm
AC2 D
AC1
MR
Qm Q
Жоғарыда айтылғанның негізінде бір маңызды түйін жасауға болады: монополиялық өндіріс жағдайларында баға мен ұсыныс араларындағы тәуелділікті білдіретін ұсыныстың қисық сызығы жоқ. Бұл қисық сызықты салу мүмкін емес, өйткені монополия жағдайларында баға мен ұсыныс арасында бірдей тәуелділігі болмайды. Шынында да, ұсыныс шамасы мұнда бағамен емес, сұраныстың икемділік деңгейімен анықталады. Өндірістің сол бір көлемінде монополиялық фирма сұранысқа байланысты әртүрлі баға белгілей алады, бір баға бойынша өнімнің көлемін өндіреді.
26) Монополияның қоғамдық шығындары
Монополияның қоғамдық шығындары – қоғамның пікірі бойынша монополияның өмір сүруінің (болуының) жағымсыз салдары немесе нарықтың монополиялық құрылымы нәтижесіндегі қоғамдық әл-ауқаттың төмендеуі. Оларға жатады: «өлі салмақ» шығындары, Харбергер үшбұрыштары мен х – нәтижесіздігі. Монополия жағдайында нағыз бәсекелестікпен салыстырғанда, тұтынушылар жоғарылау баға бойынша өнімнің аз көлемін алады. Өндірістің аз көлемі дегеніміз оған қатысатын өндіріс факторларының аз саны. Ресурстарды жартылай пайдалану салдарынан қоғам көтерген шығындар «өлі салмақ» шығындары деп аталады. Олар ММ1 Е көлеміне сәйкес (72 сурет). Жоғарылау бағаның екінші салдары – тұтынушы артығының қысқаруы (азаюы), ол РмАМ1 үшбұрышпен көрсетілген. Алайда, өндіруші артығы, керісінше, өседі – ол РмМ1, ММ1, МС қисық сызығы мен координат өсі араларындағы фигураға сәйкес. Бұл көлемдер Харбергер үшбұрыштары деп аталады. Американдық экономист А. Харбергер олардың көмегімен монополияның қоғамдық шығындарын бағалауға тырысты. Тұтастай алғанда, Харбергер үшбұрыштардың өмір сүру (бар болу) идеясынан, «өлі салмақ» шығындарынан сияқты келесі түйін шығаруға болады: бағаның монополиялық белгілеу механизмі, Парето бойынша, тепе-теңдікті бұзып, қоғамдық әл-ауқатты төмендетеді. Монополия жағдайларында нәтижеліліктің төмендеуі мына себептерден болады: бәсекелес күштердің қысымы (әсері) жоқтығынан монополистің технологияны жетілдіруге, өнімнің сапасын көтеруге ынтасы төмендейді. Х. Лейбенстайн жасаған бұл болжау Х – нәтижесіздік деп аталады. Оны Й. Шумпетер жартылай жақтады. Шумпетердің дәлелі бойынша, монополия жағдайларында өндірісті жетілдіру және өнімді жақсарту үдерістері жалғаса береді, егер бәсекелес заңы әрекетте болса, монополистің жоғары пайдасы көптеген қаражатты дамуға жіберуіне мүмкіндік береді, бірақ Х – нәтижесіздік монополияның көптеген жағдайларында өзін көрсетеді. Барлық жоғарыда айтылғандар нарықтық (монополиялық) биліктің салдары болып табылатыны мәлім, яғни сатушының (немесе сатып алушының, егер монопсония жөнінде айтылса) нарық бағасына ықпал жасау, әсер ету қабілеттілігі.