Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.57 Mб
Скачать

4.2 Дірілдің адам ағзасына әсері. Жеке қорғаныс құралдары

Діріл қатты денеде механикалық тербелістердің тарату үрдісі болып табылады. Діріл адам ағзасына әсер еткен кезде (1 сур) ЦНС анализаторларды маңызды рөл атқарады – вестибулярлы, тері және басқа аппараттар.

33 Сурет – Дірілдің адамға әсері

Дірілдің ұзақ уақыт әсер етуі кәсіптік діріл ауруының дамуына әкеледі. Діріл АМ (адам-машина) жүйесінің машиналық компонентіне әсер етіп, техникалық қондырғылардың өнімділігін (арнайы жағдайлардан басқа) және құрылғылардың есептелетін көрсеткіштерінің дәлдігін төмендетеді, конструкцияда кернеудің қажудан бұзылуға әкелетін белгі ауыспалыларды тудырады және т.б.

Дірілдер әдейі емес (мысалы, машиналар мен жабдықтардың айналатын тетіктерінің нашар теңдестірілуі мен центровкасының, сұйықтықтың жүріп тұрған қозғалысының, перфоратордың жұмысының салдарынан) және технологиялық үрдістерде арнайы пайдаланылатын (тіреулерді виброенгізушілер, темірбетонды конструкцияларды өндіру мен бетонды салу үшін дірілді жабдықтар, химиялық реакцияларды жылдамдату үшін арнайы жабдықтар және т.б.) болуы мүмкін. Дірілдер қозғалудың жиілігі мен амплитудасымен, жылдамдық пен үдетілумен сипатталады.

Адамның денесінің немесе оның жеке органдарының өзіндік тербелістерінің жиілігімен сәйкес келетін мәжбүрлі жиілікті дірілдер ерекше зиянды (адамның денесі үшін 6...9 Гц, басы үшін 6 Гц, асқазаны үшін 8 Гц, басқа органдар үшін - 25 Гц шектерінде).

Көруді қабылдаудың бұзылуының жиілік диапазоны 60 және 90 Гц арасында жатыр, бұл көз алмаларының резонанстарына сәйкес келеді.

Құрылыс машиналары мен технологиялық үрдістердің жұмысы кезінде кезеңді импульстік үдетулердің туындауымен қатар жүретін көлденең және тік соққылар мен шайқалулар бар. Тербелістердің жиілігі 1 ден 10 Гц дейін болғанда шекті үдетулер 10 мм/с тең, сезілмейтін, 40 мм/с – әлсіз сезілетін, 400 мм/с – күшті сезілетін және 1000 мм/с – зиянды болып табылады.

4000 мм/с үдетумен төмен жиілікті тербелістерді төзуге болмайды.

Адамның денесіне беру әдісі бойынша діріл жалпы (адамның барлық денесіне әсер ету) және жергілікті (дененің жеке бөліктеріне әсер ету – қолдар немесе аяқтар) болып жіктеледі.

Жергілікті діріл туындау көзі бойынша төмендегілерге жіктеледі:

- қолмен басқарылатын машиналардан берілетін (қозғалтқыштармен),

- машиналар мен жабдықтарды қолмен басқару органдарынан;

- қол инстурменттерінен (қозғалтқыштарсыз) және өңделетін тетіктерден берілетін.

Діріл көздері мен қорғалатын объекттер арасында демпферлерді енгізу жолымен дірілдің зиянды әсерінен құрылыстарды, машиналарды, аспаптарды және адамдарды қорғау, виброоқшаулау

Дірілден жеке қорғаныс құралдары олар қолғаптар, демпферлер, арнайы костюмдер мен аяқкиім.

    1. Автоматты сызықты жөндеген кезде қауіпсіздік талаптары

Автоматты сызықтың жұмысында төмендегілер үшін уақыттың қажетті мөлшері қарастырылуы керек:

а) аспапты мәжбүрлі ауыстыру;

б) агрегаттарды реттеу және жөндеу;

в) механизмдерді ұсақ жөндеу;

г) білдектер мен басқа құрылғыларды тазарту;

д) майды, эмульсияны құю және т.б. Аталған жұмыстар автоматты сызықты электр торынан ажыратып жүргізілуі керек.

- Жөндеу кезінде автоматты сызықта жөндеу және автоматты режимде жұмыс істеу үшін басқарудың орталық пульты болу керек. Автоматты басқару жүйесі линяның жөндеу режимінен автоматты режимге өз бетінше қосылудың мүмкін еместігін қамтамасыз ету керек.

- Автоматты сызықтарда күштік және жарықтандыру сымдарын және электрлік жабдықтарды орнатқан кезде «Электрқондырғыларды орнату ережелері» сақталуы керек.

- Автоматты сызықтың барлық білдектері мен агрегаттары оларды іске қосу мен тоқтату үшін басқарудың дербес органдарына ие болу керек. Бұл басқару органдары қызмет көрсететін персонал жеңіл және жылдам пайдаланатындай орналасуы керек.

- Автоматты сызықта гидрожетектерден, электрлік немесе механикалық құрылғылардан қозғалыс алатын агрегатты білдектердегі түйіндердің жұмысының өзара байланысуы электрлік басқарудың сенімді жүйесі мен блокадалаумен қамтамасыз етілуі керек.

- Автоматты сызықта, автоматты немесе реттейтін режимдерде жұмыс істейтін барлық білдектердің жұмысы апаттарды болдыртпау үшін технологиялық үрдіспен орнатылған кезектілікпен жүргізілуі керек және бұл кезектілікті орындау үшін блокадалаудың жарамды жүйесіне ие болу керек.

Сызықтың жабдықтары шойынды аспап немесе тетік сынған жағдайларда өңдеуден түсетін шаңның, салқындататын сұйықтықтың, ұшатың жоңқалар мен сынықтардың шектерінен тыс түсуінен сенімді қорғанысқа ие болу керек.

-аспапты сұйықтықпен салқындату және майлау механикалық әдіспен қамтамасыз етілуі керек. Автоматты сызық жұмыс істеген кезде аспапты қолмен майлауға рұқсат етілмейді.

- Өңделетін бұйымның орын ауыстыруы үшін транспортердің автоматты қозғалысы бұйымды орнатумен блокталуы керек және тетікті бірінші позицияға орнатаын оператордың қолдары қауіпті аймақтан алынуы керек.

- Жоңқа түзілген жерде және автоматты линаядан тыс шектерде жоңқаны жою автоматты әрекет ететін құрылғылармен (сұйықтықпен жуу, үрлеу, қырғыш тасымалдауыштар және т.б.) жүргізілуі керек, бірақ қолмен істелінетін әдіспен емес.

- Автоматты сызықтарда сызықты жөндеу немесе автоматты режимге қосу туралы ескертетін сигналды құрылғылар орнатылуы керек.

- Автоматты сызықтарда аспаптың сынуы немесе тозуы туралы, жұмыс позициясында бұйымның қате бекітілуі туралы, қандай да бір механизмнің іске қосылуы туралы хабардар ететін сигналды құрылғылар болу керек. Аталған кешіліктерді жоюды реттеуші жабдықты өшіруден кейін немесе автоматты режимнен жөндеу режиміне қосудан кейін ғана жүргізеді.

- Автоматты сызықтың еденінің астында орналасқан барлық құрылғыларды профилактикалық қарау және жөндеу мақсатымен (жоңқа үшін тасымалдауыштар, құбырөткізгіштері және т.б.) жұмысшының бұл құрылғыларға еркін қол жетуі қарастырылуы керек.

- Еденнің астында орналасқан құрылғыларға қол жеткізу үшін барлық люктер еденмен заподлицо орналасқан және өзінің жоғарғы бөлігінде кедір-бұдырлары бар сенімді, тығыз жабылатын қақпақтарға ие болу керек.

- Автоматты сызыққа қызмет көрсету үшін шығарылған ауданда ешқандай бөтен заттар болмау керек.

- Бір тізбекке қосылған білдектердің үлкен санымен автоматты сызықтар адамдардың өтуі үшін өту көпірлеріне ие болу керек.

Гидравликалық теңдестіруді қолданған кезде, гидрожетектердің механизмдерін қайтадан құрастырылатын білдектерде көтерменің астына орналастыруға болмайды. Теңдестірілген құрылғыларды жөндеулерді тоқтатылған орнақ кезінде және биркалы жүйені сақтаумен орындау керек.

Мөлшерлеулерді, біліктердің арасындағы саңылауды, сонымен қатар сымдардың орналасуын тексеруді ұзын тұтқалармен сәйкесінше аспаптардың көмегімен жүргізу керек. Аталған тексерулерді қолмен жүргізуге рұқсат етілмейді. Орнақтың жүрісінде біліктер арасында мөлшерлеулер мен саңылауды тексеру біліктердің айналу бағытына кері ғана жүргізуге жіберіледі. Металдың илемін тексеру уақытына тоқтатылуы керек. Орнақтың жүрісінде құбырларды өлшеу сәйкесінше өлшеу құрылғыларының көмегімен қашықтықтан ғана жүргізуге рұқсат етіледі.

Өту жолы үшін пайдалануы мүмкін темір тесетін орнақтың жұқарту сызықтарында, жұқарту машиналарында, мөлшерлеулейтін және редукционды орнақтарда үзілген жерлер қоршалуы керек. Сәйкесінше жерлерде металдың қозғалу сызықтары арқалы өту үшін жылуоқшаулау тікпесімен өтетін көпірлер жасау керек. Қажет болса есептік жаппай бүйірлі қоршаулардың болуының шартында металдың жұқаруы мен қозғалуының сызығына бойлай да өтетін көпірлер жасауға болады.

Жұмыс барысында түзілген толық тегістемеу және ақауды орнақтардан және қосымша агрегаттардан механизацияланған жолмен дереу алып тастау керек. Рольгангтерден құбырлардың шығып кетуін алдын алу үшін соңғылардың шеттері бойынша шлепперлердің болуы кедергі келтірмейтін барлық жерлерде биіктігі 300 мм кем емес берік бағыттайтын борттарды орнату керек. Шлепперлердің тізбектерінің арасындағы қашықтық минималды ұзындықты құбырды тасымалдауды қамтамасыз ету керек. Шлепперлерге қауіпсіз қызмет көрсету үшін тасымалданатын мүліктік төсеніштерді қолдану немесе ағаштарды орнату керек.

Рольгангтер мен шлепперлерді жөндеулерді биркалы жүйе бойынша орындау керек. Жөндеу үшін жауапты адам барлық тегершіктердің жабық болуына көз жеткізгеннен кейін рольгангтерді іске қосады. Рольгангтердің аунақшаларын крандармен тасымалдаған кезде оларды строптауды сенімді әдіспен орындау керек. Еденде аунақшаларды салған кезде оларды сыналармен бекіту керек.

Қақты жинау

Орнақтар мен басқа жабдықтардың астынан қақты тазарту механизацияланған болу керек (гидрожуу, қырғыштар, тасымалдауыштар және т.б.).

Қақты жинау үшін туннельдер қажетті желдетумен қамтамасыз етілуі керек және көлбеу сатылармен кіретін жерлер болу керек. Туннельдер станционарлы төменвольтті (12 В көп емес) жарықтандырумен жабдықталуы керек.

Қақты жинаудың гидравликалық әдісі кезінде қабылдайтын астаулардың, науалардың және каналдардың конструкциясы қақтың тұрып қалуын болғызбайтындай болу керек. Тұндыру бассейндерге туннельдердің шығатын жерлерінде торлар, бөгеулер орнатылуы керек. Шұңқырлар мен тұндырғыштардан қақты тазарту механизацияланған болу керек (грейферлер, шөмішті элеваторлар және т.б.).

Қақпен қораптарды беру үшін құдықтар немесе берік метал плиталармен жабылуы керек, немесе қоршалуы керек. Қақты жинаған кезде құдықтардың үстіндегі ашық ойықтарды тасымалданатын бөгеулермен қоршау керек. Қораптарды кранмен көтеру үшін қораптарды механизацияланған қармау және түсіру үшін аспаптармен траверсаларды қолдану керек.

Дайындамалар мен құбырларды кесу үшін механизмдердің құрылғысы және қызмет көрсету

Дайындамалар мен құбырларды кескен кезде шуды азайту мақсатымен дискті аралардың орнына соққылы әрекетті араларды орнату ұсынылады. Аралардың дисктері қаптамалармен жабылуы керек.

Араның дискін ай сайын қарау және жарықтарды анықтаған кезде дереу алмастыру керек. Дискте жарықтарды пісіру жіберілмейді. Дисктің зақымдалған тістері бар арамен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Аралардың құрылысы дисктерді ыңғайлы және қауіпсіз алмастыруды қамтамасыз ету керек. Ыстық кесу үшін арналған араны суық кесу үшін қолдануға болмайды.

Операторды ұшатын ұшқындардан қорғау үшін араны басқару пультіне қарсы орналасқан қарау әйнегін ұсақ тормен жабу керек. Құбырларды таңбалау механизациялануы керек.

Біліктерді ауыстырып тиеу және жөндеу жұмыстары. Құбырлы орнақтар мен олардың қосымша агрегаттарының жағдайына жүйелі қадағалау орнатылуы керек. Жабдықтарды жөндеуді кәсіпорынның бас инженері бекіткен графикке сәйкес жүргізеді. Біліктерді ауыстырып тиеу және орнақтарды жөндеу бойынша жұмыстар механизациялануы, жақсылап ұйымдастырылуы және техникалық басшылықпен қамтамасыз етілуі керек.

Біліктер сөрелерде жиынтықты сақталуы керек. Біліктерді еденде сақтау еркінше сырғанауын болдыртпайтын төсемдерді қолданумен бір қатармен ғана жіберіледі. Ауыстырып тиеулер кезінде біліктерді сыналаумен салу керек. Біліктерді сақтау үшін сөрелер іргетастарда орнатылуы керек және біліктерді салған және алған кезде соққылар мен итерулерге есептелген беріктілік қорына ие болуы керек. Сөрелердің қатарларының арасында ені 1,0 м кем емес өту жолдары қалдырылуы керек. Біліктерді платформаларда немесе автомашиналарда тасымалдаған кезде біліктер сөрелерге салынуы немесе төсемдерге сыналануы керек. Біліктерді ауыстыруды аспаптардың көмегімен жүргізу керек (арбалар, тасымалданатын рамалар, көлденең немесе С-тәрізді жалғастырғыштар және т.б.).

Қосалқы көтермелер немесе кассеталарды жинау бойынша учаскелер стендтермен және аспаптармен жабдықталуы керек. Білікті шығарған кезде жастықтардың ойықтарында мойынтіректерді ұстау үшін жалған мойындарды (сыртқы өлшемдері бойынша мойынның өлшеміне тең қуыс метал цилиндр) немесе мойынтіректерді түсуден сақтандыратын басқа аспаптарды қолданған жөн.

Қосатын шпиндельдер мен жалғастырғыштардың біліктерін ауыстырып тиеу, строптауды және тасымалдауды, сонымен қатар көтермелердің және қосымша агрегаттардың ірі тетіктерін көтеру мен тасымалдауды әрбір зауытта құрастырылған нұсқаулар бойынша жүргізу керек. Ауыстырып тиеулер мен жөндеу жұмыстарының жерлері жарықтандырылуы керек. Тасымалдайтын жарықтандыруды қажет ететін жұмыстар кезінде төменвольтті шамдарды қолдану керек.

Илемдеу кезінде агрегаттардың қызған тетіктері жөндеудің алдында жұмысшылардың күйіп кетулерін болдыртпайтын 45 °С төмен температураға дейін суытылуы керек. Біліктерді алмастыру немесе жабдықтарды жөндеу бойынша жұмыстарға жіберу биркалы жүйені ұстанумен жүргізілуі керек.

Жүріс кезінде біліктерді қайрау үшін аспаптарды тоқтатылған орнақта орнату керек. Орнақтың жүрісі кезінде тікелей көтермеде біліктерді қайрау және тегістеу қорғаныс құралдарын қолданумен абразивті шеңберлермен және біліктердің айналу бағытына қарама-қарсы жағынан ғана жіберіледі.

Ауыстырып тиеулер мен жөндеу-қосымша жұмыстар аяқталғаннан кейін агрегаттардың барлық қоршайтын құрылғылары орындарына орнатылуы керек. Барлық тесіктер, люктер және т.б. жабылуы керек.

Жөндеу жұмыстарын бастаудың алдында қауіпті аймақтарды анықтап алу керек және оларға адамдардың қол жетуін болдыртпау бойынша шаралар қолдану керек; аталған аймақтар қоршалуы керек; жөнделетін құрылғылардың астына алаңдар ілінуі және ескертетін жазулар мен плакаттар ілінуі керек; қажетті жағдайларда күзет қойылуы керек.

Жөндеуді жүргізу үшін агрегаттар, машиналар мен жабдықтар электрэнергиясы, газ, бу, ауа және т.б. көздерінен тоқтатылуы және сөндірілуі керек. Екі және одан көп ярусқа жұмыстарды орындаған кезде берік жабындар орнатылуы керек.

Жөнделген агрегатты жүріске іске қосу барлық қорғаныс, сақтандыратын және сигналды құрылғыларды тексергеннен және қабылдағаннан кейін жауапты басшының бұйрығымен ғана орындалуы керек.