
- •Георафиялық ақпараттық жүйенің мәнін ашыңыз. Гаж даму тарихын айтыңыз.
- •Жаңа ақпараттық технологияларға анықтама беріңіз, олардың мағынасын, жерге орналастыру және кадастрдағы алатын орнын негіздеңіз.
- •Георафиялық ақпараттық жүйесін және олардың өнімдерін сипаттаңыз.
- •Word бағдарламасының фунционалды мүмкіндіктерін сипаттаңыз.
- •Жерге орналастыру және кадастрдағы гаж-дың қолданылуын түсіндіріңіз.
- •Гаж фунционалды мүмкіндіктерін сипаттаңыз. Шейп-файл форматына анықтама беріңіз.
- •Георафиялық мәліметтер базасына анықтама беріңіз.
- •Гаж бағдарламалық жабдықталуының негізгі өндірушілерін атаңыз.
- •Мәліметтер базасы мен шейп-файлдардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарына тоқталыңыз.
- •Arc Map қабаттарының жазылуын түсіндіріңіз. «Maplex» модулінің қолданылуын жазыңыз.
- •Мәліметтер базасының персоналды және ұжымдық түрлерінің айырмашылығын айтыңыз.
- •Метомәліметтерге анықтама беріңіз.
- •Топологияға анықтама беріңіз. Қандай топологиялық қатынастардың бар екендіген анықтаңыз. Топологиялық қателерге мысал келтіріңіз.
- •«Maplex» модулін сипаттаңыз.
- •Георафиялық карта негіздерінің қабаттарына сипаттама беріңіз.
- •Координаттар жүйесін атаңыз. Кеңістіктік байлауға анықтама беріңіз. Әртүрлі территориялардағы проекциялар айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Layerформатын сипаттаңыз.
- •Карта шаблондары туралы айтыңыз. Карта шаблондарының қолданылуын сипаттаңыз.
- •Карта компановкасының элеметтерін айтыңыз. Карта компановкасы процесін анықтаңыз.
- •Мәліметтер базасының құрылымын айтыңыз. Мысал келтіріңіз.
- •Атрибуттар кестесіндегі бағандарын айтыңыз және оларға сипаттама беріңіз.
- •Нүктелік қабаттың құрылуы мен атрибуттар кестесінің құрылуына мысал келтіріңіз.
- •Shep- атауы (полигон, сызық, нүкте);
- •Нүктелік қабаттарды қандай категорияларға бөлуге болатындығына мысал келтіріңіз (елді мекендер қабатына қатысты).
- •Сызықтық қабаттың құрылуына және атрибуттар кестесінде жолдардың құрылуына мысал келтіріңіз.
- •Сызықтық қабаттарды қандай категорияларға бөлуге болатындығына мысал келтіріңіз.
- •Полигоналды қабаттың құрылуына және атрибуттар кестесінде жолдардың құрылуына мысал келтіріңіз.
- •Полигоналды қабаттарды қандай категорияларға бөлуге болатындығына мысал келтіріңіз.
- •Келесі функцияларға анықтама беріңіз: а) полигонды құру; б) полигоналды қабатта полигонды бөлу.
- •Келесі функциялардың айырмашылығын көрсетіңіз: а) полигонда автоаяқтау; б) полигоналды қабатта полигонды өзгерту.
- •Бағаналы, жіңішке және дөңгелекті диаграммалардың айырмашылығын ажыратыңыз.
- •Полигоналды қабатты нүктелік қабатқа өзгертудің мәнін түсіндіріңіз.
- •Сызықтық қабатты нүктелік қабатқа өзгертудің мәнін түсіндіріңіз.
- •Келесі функцияларды сипаттаңыз: а) объектілердің қосылуы; б) объектілердің тұйықталуы; в) объектілердің біріктірілуі.
- •Стандартты жазулар мен аннотацияның айырмашылығын ажыратыңыз.
- •Келесі функциялардың жұмысын анықтаңыз: а) объектілердің қосылуы; б) қабаттың файлы ретінде сақтау.
- •Топология функциясының мағынасын ашыңыз және оның қандай жағдайда қолданылатындығын көрсетіңіз.
- •«Мәліметтер түрі» мен «Компановка түрі» функциялары арасындағы айырмашылықтарын ажыратыңыз.
- •Карталарды безендіруде қандай картографиялық ережелер қолданылатындығын көрсетіңіз.
- •Шейп файл мен кеңістіктік объектілер класы арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз.
- •Мәліметтер базасына және оның қолданылуына анықтама беріңіз.
- •Объектілердің жазылуы кезінде қандай картографиялық ережелер қолданылатындығын көрсетіңіз.
- •Объектілердің жазылуы процесін көрсетіңіз.
- •Шейп файлдарды құрудың процесін көрсетіңіз.
- •Arc Toolbox қосымшасының жұмысын сипаттаңыз.
- •Arc Map және Arc Catalog қосымшаларының жұмысын сипаттаңыз.
- •Карта компановкасы процесіне анықтама беріңіз.
Arc Map қабаттарының жазылуын түсіндіріңіз. «Maplex» модулінің қолданылуын жазыңыз.
ArcMAP – ArcGIS тің негізгі қосымшасы. Мұнда барлық карталық тапсырмалар орындалады – карта жасау, өңделген мəліметтерді басып шығару, картаны анализдеу жəне редакциялау. ARC Map интерфесінің қосымшаларына сипаттама:
Тақырып панелінде картаның аты көрсетіледі;
Стандарттық панель;
Көрсету терезесі – картаның объекттері суреттелетін орын;
Статус панелі – координаттар туралы мәліметпен қатар, менюдің пернелері мен пернелердің сипаттамасын көрсетеді;
Вид данных - географиялық қабаттармен жұмыс жасауға, əртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалынады.
Вид компоновки - вид данныхта жасалған картаны безендіру, яғни легенда құрастырылады, тақырыбы жазылады, мəліметтер базасы, қағаз көлемі, масштабы жəне т.б. көрсетіледі.
Мәліметтер көзіне төмендегі мәліметтер жатады:
мәліметтердің векторлық жинақтары: shapefiles, автоматтанған жобалау файлдары (CAD), geodatabase және SDE мәліметтер базасы;
мәліметтердің растрлық жинақтары: гридтер мен суреттер;
мәліметтердің кестелік жинақтары: INFO, dBase және RDBMS кестелер;
тин мәліметтер жинақтары: TINs.
Осы тәсіл бойынша мәліметтерге сілтеме жасау карта бетінде ең жаңа ақпараттарды автоматты түрде ГАЖ мәліметтер базасында көрсетуге мүмкіндік береді. Қабаттар картаның сақталған документінің (.mxd файл) бөлігі ретінде сақталады, бірақ олар тікелей тәуелсіз файлдар ретінде сақтала алады. Қабат файлдары (.lyr) символдар мен мәліметтердің анықталған көздері үшін қажетті қасиеттерін алдын ала анықтайтын оңтайлы әдіс.
Мәліметтер фреймі – қабаттар сақталатын контейнер. Жаңа, бос картаны ашқан кезде мәліметтер фреймі Слои деп аталып тұрады, ол автоматты түрде мазмұн терезесінде қосылады, бірақ пайдаланушы оның атын өзгерте алады. Қабаттар сияқты мәліметтер фреймінің басқаруға болатын қасиеттері бар.
Мәліметтер фреймі мәліметтерді тақырыптар немесе географиялық облыстар сияқты логикалық топтарға ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Пайдаланушы мульти-мәліметтері бар фреймдерді көре алады, яғни қабаттарды салыстыру немесе қосымша мәліметтер мен қысқаша шолуларды қосу, қандай да бір деректерді алдыңғы қатарға шығару сияқты операциялар жүзеге асырылады. Мәліметтер фрейміне көп қабаттарды қоса беруге болады, бірақ бұл жұмыс істеуді қиындатады.
Картада мәліметтер фреймі саны біреуден артық болған жағдайда, олардың біреуі әрекеттегі (активный) мәліметтер фреймі. Әрекеттегі мәліметтер фреймі – пайдаланушы жұмыс істеп отырған кездегі фрейм. Қандай мәліметтер фреймі әрекетте екендігін (активный), оның картаның бірінші планында және оның аты қалың шрифтпен жазылып тұрғандығынан білуге болады. Әрине, картада бір ғана мәліметтер фреймі болған жағдайда, ол әрқашанда әрекетте болады.
Көп мәліметтер фреймі бар картаға жаңадан қабат қосқан жағдайда, ArcMap ол қабатты қай мәліметтер фрейміне қосу керек екендігін білуі қажет. Мәліметтер фреймін қосу үшін, оның үстіне барып оң жақ пернені басып әрекеттендіреді. Сол кезде әрекеттегі мәліметтер фреймі мазмұн кестесінде қалың шрифтпен көрінеді.
ArcMap документі объекттердің орналасуы сияқты географиялық ақпараттарды көрсетуге мүмкіндік береді. Картада оның контексті мен мақсатын түсіндіретін қосымша ақпарат болуы мүмкін. Картаның документін ашқан кезде, ArcMap мәліметтер көздерімен байланысты тексереді. ArcMap кейбір мәліметтерді таппаған жағдайда (қабаттың бастапқы мәліметтері өшірілген немесе аты ауысқан жағдайда), ArcMap пайдаланушыдан мәліметтің орналасқан жерін сұрайды. Егер ол мәліметтер жойылған немесе керек болмаған жағдайда, бұзылған байланысқа көңіл аудармауға болады.
ArcMap – AcGISTM документі, ол бейнелерді басқаруға және сақтауға, редакциялауға, сұрату және талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мазмұндық кестені басқару – мазмұндық кесте (МК) барлық мәліметтер фреймдері мен картадағы тақырыптық қабаттарды жинақтайды. Қабаттың қасындағы төртбұрышты символдың ішіндегі қанат белгісі, бұл қабаттың жұмыс кезінде картада бар, жоқтығын көрсетеді.