
- •Георафиялық ақпараттық жүйенің мәнін ашыңыз. Гаж даму тарихын айтыңыз.
- •Жаңа ақпараттық технологияларға анықтама беріңіз, олардың мағынасын, жерге орналастыру және кадастрдағы алатын орнын негіздеңіз.
- •Георафиялық ақпараттық жүйесін және олардың өнімдерін сипаттаңыз.
- •Word бағдарламасының фунционалды мүмкіндіктерін сипаттаңыз.
- •Жерге орналастыру және кадастрдағы гаж-дың қолданылуын түсіндіріңіз.
- •Гаж фунционалды мүмкіндіктерін сипаттаңыз. Шейп-файл форматына анықтама беріңіз.
- •Георафиялық мәліметтер базасына анықтама беріңіз.
- •Гаж бағдарламалық жабдықталуының негізгі өндірушілерін атаңыз.
- •Мәліметтер базасы мен шейп-файлдардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарына тоқталыңыз.
- •Arc Map қабаттарының жазылуын түсіндіріңіз. «Maplex» модулінің қолданылуын жазыңыз.
- •Мәліметтер базасының персоналды және ұжымдық түрлерінің айырмашылығын айтыңыз.
- •Метомәліметтерге анықтама беріңіз.
- •Топологияға анықтама беріңіз. Қандай топологиялық қатынастардың бар екендіген анықтаңыз. Топологиялық қателерге мысал келтіріңіз.
- •«Maplex» модулін сипаттаңыз.
- •Георафиялық карта негіздерінің қабаттарына сипаттама беріңіз.
- •Координаттар жүйесін атаңыз. Кеңістіктік байлауға анықтама беріңіз. Әртүрлі территориялардағы проекциялар айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Layerформатын сипаттаңыз.
- •Карта шаблондары туралы айтыңыз. Карта шаблондарының қолданылуын сипаттаңыз.
- •Карта компановкасының элеметтерін айтыңыз. Карта компановкасы процесін анықтаңыз.
- •Мәліметтер базасының құрылымын айтыңыз. Мысал келтіріңіз.
- •Атрибуттар кестесіндегі бағандарын айтыңыз және оларға сипаттама беріңіз.
- •Нүктелік қабаттың құрылуы мен атрибуттар кестесінің құрылуына мысал келтіріңіз.
- •Shep- атауы (полигон, сызық, нүкте);
- •Нүктелік қабаттарды қандай категорияларға бөлуге болатындығына мысал келтіріңіз (елді мекендер қабатына қатысты).
- •Сызықтық қабаттың құрылуына және атрибуттар кестесінде жолдардың құрылуына мысал келтіріңіз.
- •Сызықтық қабаттарды қандай категорияларға бөлуге болатындығына мысал келтіріңіз.
- •Полигоналды қабаттың құрылуына және атрибуттар кестесінде жолдардың құрылуына мысал келтіріңіз.
- •Полигоналды қабаттарды қандай категорияларға бөлуге болатындығына мысал келтіріңіз.
- •Келесі функцияларға анықтама беріңіз: а) полигонды құру; б) полигоналды қабатта полигонды бөлу.
- •Келесі функциялардың айырмашылығын көрсетіңіз: а) полигонда автоаяқтау; б) полигоналды қабатта полигонды өзгерту.
- •Бағаналы, жіңішке және дөңгелекті диаграммалардың айырмашылығын ажыратыңыз.
- •Полигоналды қабатты нүктелік қабатқа өзгертудің мәнін түсіндіріңіз.
- •Сызықтық қабатты нүктелік қабатқа өзгертудің мәнін түсіндіріңіз.
- •Келесі функцияларды сипаттаңыз: а) объектілердің қосылуы; б) объектілердің тұйықталуы; в) объектілердің біріктірілуі.
- •Стандартты жазулар мен аннотацияның айырмашылығын ажыратыңыз.
- •Келесі функциялардың жұмысын анықтаңыз: а) объектілердің қосылуы; б) қабаттың файлы ретінде сақтау.
- •Топология функциясының мағынасын ашыңыз және оның қандай жағдайда қолданылатындығын көрсетіңіз.
- •«Мәліметтер түрі» мен «Компановка түрі» функциялары арасындағы айырмашылықтарын ажыратыңыз.
- •Карталарды безендіруде қандай картографиялық ережелер қолданылатындығын көрсетіңіз.
- •Шейп файл мен кеңістіктік объектілер класы арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз.
- •Мәліметтер базасына және оның қолданылуына анықтама беріңіз.
- •Объектілердің жазылуы кезінде қандай картографиялық ережелер қолданылатындығын көрсетіңіз.
- •Объектілердің жазылуы процесін көрсетіңіз.
- •Шейп файлдарды құрудың процесін көрсетіңіз.
- •Arc Toolbox қосымшасының жұмысын сипаттаңыз.
- •Arc Map және Arc Catalog қосымшаларының жұмысын сипаттаңыз.
- •Карта компановкасы процесіне анықтама беріңіз.
Мәліметтер базасының құрылымын айтыңыз. Мысал келтіріңіз.
Геомəліметтер базасы .Векторлық жəне растрлік, адрестік нүктелер геодезиялық өлшем мəліметтері, метомəліметтер жəне көптеген басқа да əр түрлі мəліметтердің құрылымы мен сақтау ережелерін анықтайтын үлгі. Бірегей технология əркелкі мəліметтерді тиімді сақтауға жəне оларды күрделі жобалар мен жүйелерде жеңіл қолдануға мүмкіндік береді. Геомəліметтер қорында тұтынушылар қойма ішінде кеңістіктік өзара байланысқан географиялық объекттер мен объекттік кластарды анықтайтын жəне мəліметтердің тұтастығын қамтамсыздандыратын (əдетте, топология деп аталатын) ережелер мен қатынастарды бере алады.Геомəліметтер қоры нұсқаларды синхрондау мүмкіндігімен тəртіпте саралауды автономды түрде ғана емес, сонымен қатар көптұтынушылық өткізуге мүмкіндік береді. XML пішімінде геомəліметтер қорын экспорттау, бүкіл геомəліметтер қоры немесе оның жеке элементтерін (кестелер, домендер, топология ережелері немесе басқалар) басқа қосымшаларға қолайлы болатындай алмастыру пішіміне көшіруге мүмкіндік береді.
Шейп файл арқылы біз белгілейміз. Атрибуток кестесін толтырамыз, надпис жасаймыз. Ал геомәліметтер базасына шейп файлды экспорттаймыз, ол бізге ұтымды уақыт болады. Геомәліметтер базасында аннотация жасаймыз. Біз шейп файлдан аннотация жасайтын болсақ ол объектпен связанный болмай қалады. ГАЖ- дың негізінде ақпараттық – бағдарламалық кешен, мәліметтерді қайта өңдеу, кеңістіктік – координаттық байлау, тарату және көрсету жатыр. Қазіргі дамыған елдерде мыңдаған ГАЖ бар, олар экономикада, саясаттануда, экологияда. қоршаған ортаны қорғау және басқаруда, жер кадастырында, ғылымда, білім беруде қолданылады.
Геоинформатика геология, топырақтану, биология, экономика, әлеуметтану, картография, арақашықтықтан зерделеу, информатика және басқа ғылымдармен тығыз байланысты.
Қазіргі уақытта табиғи байлықтарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Оларды шешу үшін табиғи ортаның компоненттерінің жағдайы жайында картографиялық, экологиялық және т.б. сандық ақпараттардың кең көлемін қолдануды талап ететін кешендік тәсілдер қажет.Ал бұл мәселелерді информатиканың дамыған әдістері мен құралдарынсыз іске асыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда мұндай көлемдегі ақпараттарды өңдеу және таңудағы ең болашағы зор әдіс компьютерлік геоақпараттық технологияларды қолдануға негізделген әдістер болып табылады. Бұл жұмыстарды геоақпараттық жүйелер құрып, арнаулы мақсаттағы қолданбалы бағдарламалардың көмегі арқылы шешеді.
ГАЖ-жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе. Мәліметтер базасының мүмкіндіктері.
Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәліметтердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арнаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі. Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.Электронды мәліметтер базасының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады. Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты.Мәліметтер базасының басқару жүйесі - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация). База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметгерді іріктеу, оларды ретгеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу
кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою
кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту
берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу
МББЖ-ның тағы бір функңиясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі. Мәліметтер базасын жіктеу. Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.
Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады.