Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен сурактары ГИС дайыны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.02 Кб
Скачать
  1. Георафиялық ақпараттық жүйенің мәнін ашыңыз. ГАЖ даму тарихын айтыңыз.

  2. Жаңа ақпараттық технологияларға анықтама беріңіз, олардың мағынасын, жерге орналастыру және кадастрдағы алатын орнын негіздеңіз.

  3. Георафиялық ақпараттық жүйесін және олардың өнімдерін сипаттаңыз.

  4. Word бағдарламасының фунционалды мүмкіндіктерін сипаттаңыз.

  5. Жерге орналастыру және кадастрдағы ГАЖ-дың қолданылуын түсіндіріңіз.

  6. ГАЖ фунционалды мүмкіндіктерін сипаттаңыз. Шейп-файл форматына анықтама беріңіз.

  7. Георафиялық мәліметтер базасына анықтама беріңіз.

  8. ГАЖ –дың қосымша модулдері туралы жазыңыз. Олардың әртүрлі жұмыс түрлерінде қолданылуына мысал келтіріңіз.

  9. ГАЖ бағдарламалық жабдықталуының негізгі өндірушілерін атаңыз.

  10. Мәліметтер базасы мен шейп-файлдардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарына тоқталыңыз.

  11. Arc Map қабаттарының жазылуын түсіндіріңіз. «Maplex» модулінің қолданылуын жазыңыз.

  12. Мәліметтер базасының персоналды және ұжымдық түрлерінің айырмашылығын айтыңыз.

  13. Arc GIS-те қолданылатын негізгі формат түрлерін атаңыз.

  14. Метомәліметтерге анықтама беріңіз.

  15. Arc GIS-тің Arc Map, Arc Toolbox, Arc Catalog қосымшаларына анықтама беріңіз.

  16. Arc Map-ғы объектілердің жазылу процесін анықтаңыз. Объектілерді жазу әдістерін көрсетіңіз.

  17. Топологияға анықтама беріңіз. Қандай топологиялық қатынастардың бар екендіген анықтаңыз. Топологиялық қателерге мысал келтіріңіз.

  18. ГАЖ-ғы Аннотация мүмкіндіктерін ашыңыз.

  19. «Maplex» модулін сипаттаңыз.

  20. Arc Map-ғы диаграммалардың түрін айтыңыз.

  21. Георафиялық карта негіздерінің қабаттарына сипаттама беріңіз.

  22. ГАЖ-ғы мәліметтердің растрлық форматына сипаттама беріңіз.

  23. Координаттар жүйесін атаңыз. Кеңістіктік байлауға анықтама беріңіз. Әртүрлі территориялардағы проекциялар айырмашылығын көрсетіңіз.

  24. ГАЖ-ғы мәліметтердің векторлық форматына сипаттама беріңіз.

  25. Layerформатын сипаттаңыз.

  26. Карта шаблондары туралы айтыңыз. Карта шаблондарының қолданылуын сипаттаңыз.

  27. Карта компановкасының элеметтерін айтыңыз. Карта компановкасы процесін анықтаңыз.

  28. Arc Map-ғы Мәліметтер түрі мен Компановка түрі арасындағы ерекшеліктер мен айырмашылықтарын ажыратыңыз.

  29. Мәліметтер базасының құрылымын айтыңыз. Мысал келтіріңіз.

  30. Атрибуттар кестесіндегі бағандарын айтыңыз және оларға сипаттама беріңіз.

  31. Нүктелік қабаттың құрылуы мен атрибуттар кестесінің құрылуына мысал келтіріңіз.

  32. Нүктелік қабаттарды қандай категорияларға бөлуге болатындығына мысал келтіріңіз (елді мекендер қабатына қатысты).

  33. Сызықтық қабаттың құрылуына және атрибуттар кестесінде жолдардың құрылуына мысал келтіріңіз.

  34. Сызықтық қабаттарды қандай категорияларға бөлуге болатындығына мысал келтіріңіз.

  35. Полигоналды қабаттың құрылуына және атрибуттар кестесінде жолдардың құрылуына мысал келтіріңіз.

  36. Полигоналды қабаттарды қандай категорияларға бөлуге болатындығына мысал келтіріңіз.

  37. Келесі функцияларға анықтама беріңіз: а) полигонды құру; б) полигоналды қабатта полигонды бөлу.

  38. Келесі функциялардың айырмашылығын көрсетіңіз: а) полигонда автоаяқтау; б) полигоналды қабатта полигонды өзгерту.

  39. Бағаналы, жіңішке және дөңгелекті диаграммалардың айырмашылығын ажыратыңыз.

  40. Arc GIS-те диаграмма түрлерін құрудың мысалын келтіріңіз.

  41. Полигоналды қабатты нүктелік қабатқа өзгертудің мәнін түсіндіріңіз.

  42. Сызықтық қабатты нүктелік қабатқа өзгертудің мәнін түсіндіріңіз.

  43. Келесі функцияларды сипаттаңыз: а) объектілердің қосылуы; б) объектілердің тұйықталуы; в) объектілердің біріктірілуі.

  44. Стандартты жазулар мен аннотацияның айырмашылығын ажыратыңыз.

  45. Arc GIS-те символдар берудің процесін көрсетіңіз.

  46. Келесі функциялардың жұмысын анықтаңыз: а) объектілердің қосылуы; б) қабаттың файлы ретінде сақтау.

  47. Топология функциясының мағынасын ашыңыз және оның қандай жағдайда қолданылатындығын көрсетіңіз.

  48. «Мәліметтер түрі» мен «Компановка түрі» функциялары арасындағы айырмашылықтарын ажыратыңыз.

  49. Карталарды безендіруде қандай картографиялық ережелер қолданылатындығын көрсетіңіз.

  50. Arc GIS-бағдарламасында топографиялық карталардың кеңістіктік байлауын сипаттаңыз.

  51. Шейп файл мен кеңістіктік объектілер класы арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз.

  52. Мәліметтер базасына және оның қолданылуына анықтама беріңіз.

  53. Объектілердің жазылуы кезінде қандай картографиялық ережелер қолданылатындығын көрсетіңіз.

  54. Arc GIS-те аннотация мен мәліметтер базасын құрудың арасындағы байланысты көрсетіңіз.

  55. Arc GIS-бағдарламасында символдар құрудың процесін көрсетіңіз.

  56. Объектілердің жазылуы процесін көрсетіңіз.

  57. Шейп файлдарды құрудың процесін көрсетіңіз.

  58. Arc Toolbox қосымшасының жұмысын сипаттаңыз.

  59. Arc Map және Arc Catalog қосымшаларының жұмысын сипаттаңыз.

  60. Карта компановкасы процесіне анықтама беріңіз.

  1. Георафиялық ақпараттық жүйенің мәнін ашыңыз. Гаж даму тарихын айтыңыз.

Геоақпарат - Жер туралы басқа ғылымдар сияқты геожүйеде болып жатқан процестер мен құбылыстарды зерттеуге бағыт алған, бірақ ерекшелігі зерттеу барысында өзінің əдістері мен кұралдарын қолданатын ғылым. Геоақпраттың негізі мақсаты зерттеліп отырған геожүйеде жүріп жатқан процестерді бақылауға арналған компютерлік геоақпараттық жүйе (ГАЖ) құру болып табылады. Ол үшін ең бірінші ақпарат кажет, олар мəліметтер базасы мен білім базасында топтастырылады жəне жүйелендіріледі. Ақпарат əртүрлі болуы мүмкін: картографиялық, нүктелік, статистикалық, жазба текст түрінде. Койылған мақсатқа байланысты жоғарыда айтылған ақпараттарды қолда бар программалық өнімдермен өңдеуге, сақтауға жəне анализ жасауға белгілі бір мақсатта шешім қабылдауға болады. Сонымен геоақпарат дегеніміз – оның шеңберінде ГАЖ құрылатын жəне дамитын ғылымның жаңа саласы. Экология ғылымы сияқты геоақпарат картография, қоршаған орта мониторнигі жəне кадастр, жүйелі динамика, компютерлік индустрия cияқты ғылым салаларының даму нəтижесінде пайда болды. Геоақпарат зерттеліп отырған объектілерді, процестерді, жағдайларды кеңістіктік талдау принциптері негізінде құрылған. Қазіргі кезде ГАЖ көбнесе инженерлік, əлеуметтік, қаржылық мəселелерді шешуге қолданылады, бірақ табиғи-антропогендік геожүйеде ГАЖ-нің ролі зор.

ГАЖ 5 құрамдас бөліктерден тұрады.

• Мəліметтер;

• Аппараттық құрал;

• Программалық өнім;

• Орындаушы немесе тұтынушы;

• Əдістер.

Өткен ғасырдың 70 жылдары ғаламдық экологиялық дағдарыстың басталғандығын қоғам мойындай бастады. Пайдалы қазбаларды жаппай игеру, өндірістік жəне ауылшаруашылықтық өнеркəсіптің өсуі, ондаған жаңа химиялық қосылыстардың пайда болуы, халық санының өсуі дүние жүзінде үлкен дағдарысқа алып келді. Яғни, коршаған ортаның ластануы, жердің жаппай шөлденуі мен деградацияға ұшырауынан бастап үлкен экологиялық шиеленісулер мен апаттарға алып келді. Соның нəтижесінде Жер планетасын мекендеуші адамзат пен тіршіліккөзі биота үшін коршаған орта сапасы нашарлады. БҰҰ-ның Стокгольмде қоршаған ортаның жағдайы туралы өткізген конференциясынан кейін экология мен экологиялық зерттеулер қарыштап дамыды. Ең алғашқы жүргізілген жұмыстар қоршаған ортаның ластануы жəне ластаушы факторларды мониторнигілеу болды. Көптеген нүктелік ластаушы көзердің қоршаға ортаға əсері аумақтық сипатқа ие. Сондықтан мұндай аумақтардың жағдайын бақылау жəне бағалау, кейбір процестерге шара қолдану үшін жұмыс нақты ластанушы аумақта жасауы керек. Cондай-ақ экологиялык мониторнигпен қатар географиялық мониторниг жүргізіледі. Жер ресурстарын пайдалану яғни топырақ, өсімдік жамылғысын, жер қойнауындағы пайдалы қазбалар, минералды ресурстар жəне т.б. Жүргізілген мониторниг антропогендік əрекеттердің коршаған ортаға тигізетін əсерінің күрделілігін жəне көп жақтылығын көрсетті, сөйтіп қоршаған ортаны зерттеудің жаңа əдістері ойлап табылды. Оларды жүзеге асыру үшін күрделі есептеуіш техникалар қажет болды. Сөйтіп ГАЖ технологияары мен өнімдері пайда болды. Соңғы 15-20 жылда қуатты индустрияға коммерциялық техниканың қарштап дамуы көптеген ғылыми-практикалық салаларды жаңа деңгейге көтерді. Соның нəтижесінде көптеген программалық өнімдер пайда болды. Соның бірі кеңістіктік мəліметтерді өндейтін, сақтайтын, олардан карта кұрастыратын, ақпараттарды моделдейтін комерциялық өндеу кұралы жарық көрді. Көптеген жұмыстар жеңілдетілді, автоматтандырылды, барлық əдістер мен құралдардың мүмкіндігін топтастырып жаңа ғылыми бағыт- геоақапратқа шоғырландырылды. Қазіргі ГАЖ бір шетінен көнеден қалыптасқан автоматтандырылған жүйелердің өңдеу əдістерін қолданса, екіншіден мəліметтерді ұйымдастыруда жəне өңдеуде ерекшеліктерге ие бола отырып, ақпараттық жүйенің жаңа дамыған түрі болып табылады. Бұл дегеніміз ГАЖ-нің көп мақсатты, көп аспектілі жүйе екендігін көрсетеді. ГАЖ анықтамасын «компьютерлік мəліметтер базасы»(МБ), кеңістіктік мəліметтер сақталатын «басқару жүйесі» деп түсіну қате немесе көптеген себептерге байланысты көнерген түсінік. Біріншіден мəліметтер базасы (біреу ғана емес) ГАЖ -нің құрамына кіре алады, ал мəліметті ГАЖ-де өңдеу технологиясы мəліметтер базасымен жұмыс жасауға қарағанда біршама күрделі. Екіншіден, қазіргі ГАЖ тек қана мəліметтерді өңдеуге ғана арналмаған, сонымен қатар көптеген жағдайларда эксперттік баға беру, талду жасау мүмкіндігіне ие. Сонымен ГАЖ өңдейтін жəне сақтайтын мəліметтер тек кеңістіктік ғана емес, ең бірінші географиялық мəліметтер үшін маңызды уақыттық сипатқа ие. ГАЖ осыдан 30 жыл бұрын пайда болғанмен де, оның қарыштап дамуы

соңғы 10 жыл шамасында болды. Қазіргі кезде ГАЖ дүние жүзінде миллиондаған адамдар жұмыс жасайтын қуатты индустрия. ГАЖ-нің негізгі бағыты географиялық ақпарат болып табылатын кеңістіктік-уақыттық мəліметтерді өңдейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйе.