Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык билеты 9 класс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.18 Кб
Скачать

3 Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем.

Салалас құрмалас сөйлем[1] — баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады

Түрлері: 1себеп-салдар,2 қарсылықты;3 ыңғайлас;4 кезектес 5 талғаулы;

6 түсіндірмелі

Билет №13

  • Қаныш Сәтбаев

  • Мемлекеттік рәміздер» тақырыбына диалог құрастырыңыз

  • Сабақтас құрмалас сөйлем.

1. Қаныш Сәтбаев

Қаныш Сәтбаев-12 сәуірде 1899 жылы Павлодар облысы , Баянауыл ауданында дүниеге келген . Ауылдық мектеп, орыс-қырғыз училище, мұғалімдер семинария, Томскіде технологиялық институтың бітірді. Металлогения негізін салушысы болды. Қарасақбай мен Жезказғандағы мыскенің,Екібастұз көмірін ашты.1941 жылдан бастап Сәтбаев қазақ ғылым академиясында президент болып жұмыс істейді. Сәтпаевтың атындағы қала бұрын Никольск деп аталды.Ол 4 мәртебе Ленин орденімен,2 дәрежелі Отан соғысы орденімен көптеген медальдармен наградталған.Қаныш Сәтбаев 1964 жылғы 31 қантарда дүниеден өтті. Қаныш Сәтбаев атымен планета, жұлдыз, Жезқазған металлургия комбинатын аталды, Павлодарда көше, мектеп, мұражайлар, Томскіде технологиялық институтына Сәтпаевқа арналған бұрыш бар. Қаныш Сәтпаев Қазақстан республикасының тұңғыш академигі, геолог, ғалым, дарынды қоғам қайраткері болды.

2 Мемлекеттік рәміздер» тақырыбына диалог құрастырыңыз

. «Мемлекеттік рәміздер»тақырыбында әңгімелеңіз

- Рәміз деген не?Ол нені білдіреді?

- Елдің елдігін танытып тұратын айрықшы білгілері. Ол бірлікті, достықты білдіреді.

- Рәміздерге не жатады?

- Рәміздерге Ту, Елтаңба, Әнұран жатады.

- Қ.Р- сының мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды?

- Қ.Р- сының мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

- Қ.Р- сының жаңа әнұранының авторлары кімдер?

- Әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжемеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазды.

- Әнұран қалай орындалады?

- Әнұранды оң қолды жүрек тұсына қойып, салтанатты түрде орындайды.

- Елтаңба ненің белгісі? Оның авторы кім?

- Елтаңба тәуелсіз елдігіміздің белгісі. Авторлары: Шота- Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібекұлы.

- Елтаңбада не бейнеленген?

- Шаңырақ, уықтар, қанатты қос пырақ, бес жұлдыз бейнеленген.

- Туда не бейнеленген? Оның авторы кім?

- Туда күн сәулесі, бүркіт, ою, өрнек бейнеленген. Авторы: Шәкен Ниязбеков.

- Тудағы сүреттердің мәні неде?

- Алтын күн- киел шамшырақты, қыран бостандықты білдіреді.

- Шетелдіктер Қ.Р. мемлекеттік рәміздеріне қандай баға берді?

- Шетелдіктер Қ.Р. мемлекеттік рәміздеріне өте жақсы баға берді.

- Рәміздердің реңдік түстерінің мәні қандай?

- Рәміздерінің реңдік бейнесі алтын және қөгілдір түсті.

3. Сабақтас құрмалас сөйлем. Билет №14

  • Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелеңіз.

  • «Қазақтың тұңғыш журналистері» туралы диалог құрастырыңыз

  • Сан есім. Сан есім түрлері.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелеңіз.

Шілдехана- жаңа туған нәрістенің құрметіне жасалатын той. Дастарқан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

Қырқынан шығару- нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады.Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады.

Бесікке салу - Халқымызда бесік-қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл- халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі.

Тұсау кесу- сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді.Оған қуанысып, шашу шашылып, дастарқан жасалып, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.

«Қазақтың тұңғыш журналистері» туралы диалог құрастырыңыз

Сан есім. Сан есімнің түрлері

Сан есім- заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіреді. Сұрақтар: неше?, қашан?

Есіптік сан есім-Неше? қанша? Заттың нақты саны. Жұрнақтар:

Мысалы: Мен он бірдемін.

Реттік сан есім-нешінші?Заттың қатар саны. Мысалы: Ол бесінші сыныпта оқиды.

Жинақтық Сан есім- нешеу?Заттың жинақ саны.Мысалы: Екеуі ән салды.

Болжалдық сан есім-нешелерде? қай шамалы? 1) Түбір сан есімге+дай, +даған.2) есіптік сан есімге шақты, тарта, таман, жуық, шамалы сөздері тіркеседі. Заттың нақты емес. Мысалы Ол екілерде келеді.

Топтау сан есім-нешеден? Затты топтау саны. Мысалы: Олар үш-үштен отыр.

Бөлшектік сан есім- нешеу? Заттың бөлік саны. Мысалы: Алманың екіден бірін ал

Билет №15

  • Астана туралы айтып беріңіз

  • Бейтаныс мәтінмен жұмыс. «Болашақ мамандық»

  • Етістік. Шақ категориясы.

Астана туралы айтып беріңіз

Астана. Астана-Қазақстанның астанасы және Ақмола облысының орталығы. Бұл жер Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жумабаевтардың туған мекені. 1832-1961 жылдар аралығында қала Ақмола қаласы болып аталды, кейін Целиноград қаласы болып өзгертілді. Астанада тоқыма, жеңіл және баспа өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Көптеген университтер, институттар, коледждер бар. Астана қазақстанның саяси өмірінің орталығы. Мұнда Президент, Парламент және Үкімет орналасқан. Астана- алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзімнің ішінде мұнда Үкімет ғимараттары, орталық көшелер қайта жаңаланды. XXI ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденге астаналардың біріне айналмақ. Астана күні 6 шілдеде тойланады.

Бейтаныс мәтінмен жұмыс. «Болашақ мамандық»

Етістік. Шақ категориясы.