Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык билеты 9 класс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.18 Кб
Скачать

Билет №4

  • Ахмет Байтұрсынов туралы әңгімелеңіз.

  • Қазақстан облыстары мен қалалары туралы диалог құрастырыңыз.

  • Құттықтау жазу.

Ахмет Байтұрсынұлы

(1873-1937)Көрнекті тілші ғалым, әдебиет зертеуші, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құлдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Торгай облысындағы Сартүбек деген жерде туған.

Әкесі оны Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. 1891жылы мектепті бітірген соң, Орынборға келеді. Мұнда мұғалімдер даярлайтын мектепке оқуға түседі.

Оқуды бітірген соң Ақтөбе. Қостанай және Қаркаралында балаларға сабақ береді. Әдебиетпен айналасады, өлең- жырлар жазады. Ол тұңғыш рет қазақ тілінде әліппе, басқа да оқу құралдарын жазды. «Тіл құрал» деп аталатын оқулығы 1914-1928 жылдар аралығында алты-жеті рет басылып шықты. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін шығарады.

2 Қазақстан облыстары мен қалалары туралы диалог.

1 -Қазақстанда неше облыс бар?

-Қазақстанда 14 облыс бар

2- Павлодар облысы қай жылы құрылды?

- Павлодар облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылды.

3- Павлодар облысы қайда орналасқан?

- Павлодар облысы Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан.

4 -Біз қай облыста тұрамыз?

-Біз Павлодар облысында тұрамыз.

5 – Павлодар облысының табиғаты қандай?

- Павлодар облысының табиғаты қоныржай.

6- Павлодар облысының топырағында қандай атақты ақын, әнші, сазгерлер,жазушылар,ғалымдар,әртістер дүниеге келді?

- Бұхар Жирау, Мәнһур Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса Байжанов, Жүсіпбек Аймауытов, Естай Беркінбаев, Иса Байзақов, Қаныш Сәтбаев, Сәбит Дөнентаев сияқты атақты адамдар дүниеге келді.

7- Қазақстанның қандай мәдени орталықтарын білесің?

- Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрын, М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драм-театрын білемін.

8- Еліміздің жас, әдемі, сұлу қаласы қай қала?

- Еліміздің жас, әдемі, сұлу қаласы Астана қаласы.

.3 Құттықтау жазу.

« Наурыз мерекесі” құттықтау!

Құрметті ұстазым, Сәуле Лязатовна! Сізді сиын жүректен Наурыз мерекесі- мен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, бақыттыда ұзақ өмір сүріп, еңбегіңіздің жемісін көруіңізге тілектеспін.

Тілек білдіруші оқушы Саша.

Билет №5

  • Павлодар қаласындағы мұражайлар.

  • Ана тілі, сөз өнері туралы мақал-мәтелдер.

  • Синоним. Антоним. Омоним.

1 Павлодар қаласындағы мұражайлар

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің негізі 1990 жылдың 1 ақпанында қаланып, 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды.

Музей экспозициясы 7 (жеті) залда орналасқан: халық ауыз әдебиеті залы, көне түркі жазбалар ескерткіші залы, Бұқар жырау залы, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, әдебиеттер достастығы залы, қазіргі заман әдебиеті залы, өнер залы.

Қазіргі кезде музейде 47 мыңнан астам экспонат бар. Оның ішінде 13 071 жуығы түпнүсқа. Жыл сайын музейді 32 мың келуші тамашаласа, 110 астам бұқаралық іс-шара, 260 тақырыптық дәріс, 320 музейге шолу дәрісі мен 100 көрме өткізіледі. Мектеп оқушылары мен студенттерге Павлодар өңірінің ақын-жазушылары шығармашылығына арналған мектеп бағдарламасымен сәйкестендірілген 50 астам тақырыптық дәрістер жүргізіледі.

Музей қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Всеволод Иванов, Антон Сорокин, Қошке Кемеңгеров, Қадыр Тайшықов, Дихан Әбілев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Зейін Шашкин, Қалижан Бекхожин, Әлкей Марғұлан, Рамазан Тоқтаров, Аманжол Шәмкенов, Қалмұқан Исабаев, Мүбәрак Жаманбалинов, Сәбит Дөнентаев т.б. ақын-жазушылардың, Жаяу Мұса, Естай Беркімбаев, Майра Шамсутдинова, Жұмат Шанин, Қамар Қасымов, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Қуат Әбусейітов, Суат Әбусейітов, Қали Байжанов т.б. өнер майталмандарының жеке заттары, жәдігерлері мен қолжазбалары, өздері жасаған заттары музейдің баға жетпес құнды қазыналары болып табылады.