Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЫЗЫҚТЫҚ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.19 Mб
Скачать
  1. Сандық техникасы элементтері

Санау жүйесі дегеніміз – сандарды санаудың, жазудың ережелері. Кез-келген санау жүйесінде жазу үшін символдар таңдап алынады.

Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып бөлінеді.

Позициялық санау жүйесі дегеніміз – санның жазылуындағы цифрлардың орын ауыстыруына байланысты санның мәніне әсер ететін санау жүйесі. Позициялық санау жүйелеріне ондық, он алтылық, екілік, сегіздік санау жүйелері жатады.

Ондық санау жүйесінің алфавиті: {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9}

Он алтылық санау жүйесінің алфавиті {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; А; В; С; D; E; F}

Сегіздік санау жүйесінің алфавиті {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7}

Екілік санау жүйесінің алфавиті {0;1}

Екілік сану жүйесі компьютерде барлық есептеу, өңдеу амалдарын жүргізгенде қолданылады. Кез-келген санау жүйесінен санды басқа санау жүйесіне көшіруге болады. Ондық санды екілік жүйеге көшіру үшін санды екіге бөліп, қалдығын белгілеп қоямыз. Қалдықтары 0, 1. Шыққан бүтін бөлікті тағы 2-ге бөліп, қалдығын белгілейміз. Осы амалды бүтін бөлігі 2-ден кіші болғанша қайталаймыз. Қалдықтарды кері ретпен тізбектеп жазамыз. Нәтижесінде екілік сан алынады. Мысалы 23 ондық санын екілік санға айналдыру мысалын қарастырайық:

23

2

22

11

2

1

10

5

2

2

1

4

2

1

1

0

Нәтижесі - деген екілік сан болып шығады.

Екілік сандарды екілік сандарға айналдыру олардың әрбір разрядын (1 немесе 0 санын) тұрған орнына байланысты екінің дәрежелеріне – 1, 2, 4, 8, 16, т.с.с. көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі. Мысалы, болып жазылатын екілік сан ондық санға былай түрлендіріледі:

- екінің осындай дәрежелері санның разрядтарымен көбейтіліп қосылады.

.

Информатика – информация қасиеттерін, оның көрсетілуі мен автоматы түрде өңдеу әдістерін зерттейтін және Интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ғылым. ЭЕМ –нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып информацияны жинақтау, өңдеу және пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін информациялық не компьютерлік технология деп атайды (texne (техно) – шеберлік, loqos (логия) -ілім). Информацияны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесін талдауды ұйымдастыру үшін орындалатын әрекеттер:

-информацияны алып, өңдеуге мүмкіндік туғызатын үлгісін дайындау;

-оны өңдеу үшін жинақты түрде нұсқаулар тізбегін (алгоритмін) құру;

-машина түсіне алатын командаларды (командалар жүйесін) пайдаланатын бір программалау тілінде алгоритмді программаға айналдыру;

-программаны ЭЕМ-де орындап, нәтиже алу;

нәтижені зерттеу. Егер құрылған үлгіде, алгоритмде не программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;

-керек кезінде пайдалану үшін берілгендер мен дұрысталған программаны тасымалдаушыларға тиеп, сақтау.

29