Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_yaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.53 Кб
Скачать

6. Еңбек кітапшасы

Еңбек кітапшасы — қызметкердің еңбек қызметін растайтын және бірыңғай үлгіде толтырылатын құжат. 5 күннен артық жұмыс істеген адам ала алады. Оған қызметкердің тегі, аты-жөні, туған күні мен жылы, білімі, кәсібі, мамандығы, жұмысы туралы, жеке еңбек шартының мерзімі, оның тоқтатылуы мен бұзылуы толтырылады.

Еңбек кітапшаларын жүргізудің және сақтаудың тәртібі

Еңбек кітапшасын жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растау үшін жүргізеді. Еңбек кітапшасына:

қызметкер туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, білімі, кәсібі, мамандығы;

жұмысы туралы мәліметтер: жұмысқа қабылдау, өзге жұмысқа ауыстыру, жұмыстан босату;

марапаттау және көтермелеу туралы мәліметтер енгізіледі.

Қызметкерге қатысты тәртіптік жазалаулардың қолданылғаны туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмейді

7.Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.

* Визит карточкасы іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.

* Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әр түрлі болуы мүмкін.

* Визит карточкалары негізінде Тітез 14 -шрифтімен жазылады.

* Аты-жөнін жазғанда фамилиясы үлкен әріппен теріледі.

- Мысалы: БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекүлы.

* Қызметі. Тек ресми атқаратын кызметі жазылады. «Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы» деген сөздер жазылмайды.

* Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар кажеттілігіне карай көрсетіледі.

* Жүмыс телефоны. Алдымен хатшының телефонын көрсеткен дұрыс. Қажет деп санаған жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды көрсетуге болады. Егер мобильді жүйедегі байланыс болса, жеке кодымен көрсетіледі.

* Визит карточкасы 50x90 миллиметрлік көлемдегі қатты қағазда жасалады.

* Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына карай жасалады.

9. Деректеме. Құжаттың негізгі міндетті деректемелері. Бұрыштама.

деректеме дегеніміз не? Ол кез келген құжат ресімдеу элементтерінен (қол қою, күнін көрсету және т.б.) тұрады. Осындай құрамдас бөліктер деректемелер деп аталады. Деректемелер – қызметтік құжаттарды міндетті ресімдеу элементтері.

Деректемелердің құрамы арнайы мемлекеттік стандартта белгіленген. Деректемелер құжатта қатаң белгіленген стандарттық тәртіпте орналасады. Деректемелердің нөмірлері мен атауы мыналарды қамтиды:

03. ұйымның эмблемасы немесе тауар белгісі 17. мәтіннің тақырыбы

06. ұйымның атауы 18. бақылау туралы белгі

07. ұйым туралы анықтамалық деректер (байланыс кәсіпорнының индексі, почталық мекен-жайы, телефоны, телеграфтық адресі, факс, е-мейл, банктің атауы және банктегі шот нөмірі) 19. құжат мәтіні

08. құжат түрінің атауы 20. қосымшасының бар екендігі туралы белгі

09. құжаттың күні 21. қолы

10. құжаттың тіркеу нөмірі 23.құжатты келісу қолдары

11. құжаттың тіркеу нөміріне және күнінен сілтеме 24. мөрі

13. құжатта оқуға шектеу белгісі 26. орындаушы туралы белгі

14. адресат 27. құжаттың орындалуы және оның іс құжатына жіберілуі туралы белгі

15.құжатты бекіту белгісі 28. құжаттың ұйымға түскені туралы белгі

16. бұрыштама 29. құжаттың электронды көшірмесінің бірегейлендірушісі

Осы схемадан көріп отырғанымыздай, әрбір құжатты негізгі 3 бөлікке бөлуге болады:

- тақырыптық бөлік (оған мәтіннің соңына дейін орналасқан деректемелер кіреді);

- негізгі бөлік (мәтіннің деректемелері және қосымша),

- ресімдеуші бөлік (мәтіннің төменгі жағында орналасқан деректемелер және қосымшалар).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]