- •1.Құжат» түсінігі. Құжаттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына байланысты топтастырылуы
- •2. Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің мақсаты мен міндеті
- •3. Құжат көшірмелері, көшірмені растау, деректемелері.
- •5.Еңбек келісімі, деректемелері
- •6. Еңбек кітапшасы
- •10. Өмірбаян. Түйіндеме. (Түрлері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары, деректемелері)
- •13.Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
- •17.Бұйрық. Қаулы.
- •21. Хабарландыру, жарнама.
- •20.Анықтама
3. Құжат көшірмелері, көшірмені растау, деректемелері.
Құжаттардың деректемелері.
Мекемелерде, ұйымдарда немесе кәсіпорындарда дайындалатын құжаттар бланкілерге ресімделеді. Бланкілер негізінен А4 немесе А5 форматты қағаздың бетіне жасалады. Құжатты бланкіге ресімдегенде бланкіге құжатта болуы тиісті деректемелер қойылады. Деректеме –құжаттың ақпараттық бөлшегі. Құжаттың түрі деректемелер жиынтығымен анықталады. Әр құжат құжаттың түріне қатысты белгіленген формулярға сәйкес құрастырылады. Формуляр –белгілі бір құжат түріне қажетті, белгіленген ретпен орналасқан деректемелер жиынтығы. Қазақстан Республикасында құжат деректемелерінің саны 29 болып белгіленген. Деректемелердің атаулары мен олардың орналасу реті төмендегідей.Құжатқа заңдылық күшін беретін деректемелер –дата, қол, мөр, бекіту грифі.
Деректемелердің орналасу тәртібі
ҚР Мемлекеттік елтаңбасының бейнесін тек мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар мен мемлекеттік басқару органдары ғана өз бланкілерінде белгілей алады. Бланкілерде Мемлекеттік елтаңбаның бейнесі ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы ережеге сәйкес бейнеленеді. Елтаңбаның бейнесі бланкінің сол жақ жоғары жиегіне немесе ортаңғы жоғары жиекке орналастырылады. Елтаңбаның бейнесінің диаметрі 20мм аспауы тиіс.
Наградалар бейнесі. Бланкілерде ҚР наградаларының белгісі ғана бейнеленеді. Бланкілерде елтаңба, эмблема және наградалар белгісі сияқты деректемелер бірдей болуы тиіс емес, наградалар белгісі мен эмблема ғана бірдей берілуі мүмкін.
Ұйымның эмблемасы немесе тауар белгісі.Ұйымның эмблемасы немесе тауар белгісі–белгіленген тәртіппен берілетін, ұйымның немесе кәсіпорынның айналысытын қызметінің бағытын білдіретін шартты графикалық белгі. Деректемелер бланкінің бұрышына орналастырылсы эмблема сол жақ жоғары жиекке, ортаға орналасса беттің ортаңғы жоғарғы жағына орналастырылады. Министрліктің немесе ведомствоның атауыМинистрліктің немесе ведомствоның атауы мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың немесе мекемелердің бланкілеріне қойылатын реквизит.
5.Еңбек келісімі, деректемелері
Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттан басаталады.
Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте "жұмыс беруші" және "жұмысшы" деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.
Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген құжат еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.
Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады.
Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленге тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады.
Еңбек келісімі мыналардан түрады:
құжат аты;
келісімнің жасалған орны мен күні;
екі жақтың толық және шартты атауы;
жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалификация дәрежесі;
келісім типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс);
келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде ұзақ уақытқа ма);
келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін);
сынау мерзімі;
жұмысшының міндеттері;
еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс беруші міндеттері;
жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат;
еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;
ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет;
демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет;
келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;
келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бұзылуы немесе қайт ақаралуы мүмкін);
келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі;
екі жақтың мекен-жай мен реквизиттері;
екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура);
шартқа қол қойылған күн;
келісім қосымшасы (егер бар болса).
Еңбек келісімін безендірудің қызметтік құжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматты қағазда таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады.
