
- •1.Құжат» түсінігі. Құжаттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына байланысты топтастырылуы
- •2. Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің мақсаты мен міндеті
- •3. Құжат көшірмелері, көшірмені растау, деректемелері.
- •5.Еңбек келісімі, деректемелері
- •6. Еңбек кітапшасы
- •10. Өмірбаян. Түйіндеме. (Түрлері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары, деректемелері)
- •13.Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
- •17.Бұйрық. Қаулы.
- •20.Анықтама
- •21. Хабарландыру, жарнама.
1.Құжат» түсінігі. Құжаттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына байланысты топтастырылуы
ҚҰЖАТТАРДЫ ТОПТАСТЫРУ
«Құжат» — латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі мағынасы бар: 1) қандайда бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген) растайтын іс қағазы; 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат); 3) бір нәрсс туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар).
Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалык, акустикалық (фото, кино-, бейне құжаттар) болып бөлінеді.
Мазмұнына карай — ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді.
Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б.
Түріне карай құжаттар типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей болып бөлінеді.
Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс, шығыс) болып бөлінеді.
Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып бөлінеді. Шығу тегіне карай құжаттар қызметтік және ресми-жекелік (атаулы) болып бөлінеді.
Жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар қарапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және құпия болып бөлінеді.
Заңдылық күшіне қарай шын және жалған құжаттар болып бөлінеді.
Жасалу сатысына қарай түпнұсқа (бірінші данасы) және көшірме құжаттар болып бөлінеді. Көшірменің өзі іштей отпуск — шығыс құжатының толық көшірмесі, выписка — құжаттың бір бөлігінің көшірмесі және дубликат — құжаттың жоғалғанда берілетін екінші нұсқасы болып бөлшеді.
Сақталу мерзіміне қарай құжаттардың мынадай түрлері болады: 10жылдан жоғары тұрақты мерзімге сақталатын және 10 жылға дейін уақытша сақталатын. Осы мемлекеттік стандартқа сәйкес құжат толтырудың 16 бірыңғай жүйесі бар: жоспарлы, есептік-санактық, алғашқы есептеу, қаржылық және бухгалтерлік-есептік, ақшалай есеп айыру, ұйымдық-өкімдік, баға белгілеу бойынша, материалдық-техникалық жабдықтау мен өткізу бойынша, сауда бойынша, сыртқы сауда бойынша, құрылыс жобасы, өнертапқыштық және жаңалыктар ашу бойынша, әлеуметтік қамсыздаңдыру бойынша, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша, транспорт жүйесін жедел жоспарлау және басқару жұмысы бойынша, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бойынша.
2. Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің мақсаты мен міндеті
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан Республикасын топтастырудың аса маңызды факторы табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы»-деп айтқандай, мемлекеттік тілді дамытуда, қоғамдық ортада әлеуметтік қолдану аясын кеңейтуде біраз шаралар жүзеге асырлады.
1997 ж. «Тіл туралы» Заң қабылданған соң қоғамымыздың барлық саласында мемлекеттік тілді қолдану қажеттігі туды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамызындағы № 769 қаулысына сәйкес жоғары және арнайы оқу орындарының бағдарламаларына «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» арнайы курс еңгізілгені мәлім.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі-оңын қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарқымен өрісін кеңейте алмайды.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, қүқықтық, экономикалық маңызы өте зор.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу-пән ретінде оқу орында оқытыла бастады. Бұл пәннің міндеті:
1. Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
2. Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
3. Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салалармен байланысын көрсету.
Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Іс қағаздары деген тіркестің ұғымы кең: олар-адамның күнделікті өмірінде жиі қолданылатын үлгілер. Іс қағаздарына, яғни, ресми құжаттарға: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, шарт, мінездеме, міндеттеме, қатынас, т.б. жатады.
Шартты түрде айтқанда, бұлардың ресми деп аталатын себебі-көбінесе бір түрде, біркелкі қалыптасқан үлгі бойынша жазылатындығы. Дегенмен олардың арасында айырмашылықтар да жоқ емес.Ондай ерекшеліктер іс қағазының кімге арналғаны, не үшін жазылғаны, жіберілетін жері және адамы, жазылғанның мазмұнына, соған орай, тілек, мақсат, қорытынды пікір, ұсыныс, талапқа байланысты болып келеді.
Мәселен, хабарландыру, қолхат, сенімхат, анықтама көбіне бір түрлі, кейде біркелкі үлгі бойынша жазылса, әңгіме, мақала, күнделік, т. б.-шығармашылық жұмыстар.Өйткені, олардың біркелкі үлгісі жоқ.
Іс қағаздарындағы көптеген терминдер орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген. Олардың көпшілігінің қазақшаланған нұсқасы бар. Кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасы да қазақшаланған нұсқасы да қатар қолданылып жүр.
Іс қағаздарын қазақша жүргізуді қалыптастыру үлкен де жауапты іс. Бұл қалыптасып, бір ізге түскенше іс қаағаздарының түрлі нұсқалары, түрлі сөз қолданыстары белең алуы мүмкін. Оны жүйеге түсіру үшін де біраз уақыт керек болады. Мемлекеттік тілде іс жүргізудің мақсаты іс қағаздарын жазудағы, оның стандарт нұсқаларын қалыптастырудағы өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене отырып, ана тілінің өз заңдылықтарын сақтап, өз мүмкіншілігін сарқа пайдалана отырып ұлттық іс қағаздарын қалыптастыру.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанымен, қоғамдық өмірдің барлық саласында толыққанды қызмет ете алмай отыр. Оған әр түрлі жағдайлардың себепкер болып отырғаны мәлім.
Тіл-адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс.Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысумен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси теттік ретінде ертеден-ақ пайдаланған.