Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмуны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
396.07 Кб
Скачать

2007 И 2010-12 жж. Бұрғыланған бөлшектелмеген триас-ерте юра жасындағы шөгінділеріндегі Pb және Zn орташа құрамы.

Сынау нәтижелерін сараптау көрсеткендей, қорғасын мен мырыш концентрациясы қимадада және триас-ерте юра шөгінділерінің созылымы бойынша біркелкі. Қорғасын мен мырыштың құрамы жоғарылау және төмендеу жағына қарай өзгеруі байқалады. Барлық өзгерістер біртіндеп сипат береді. Вертикальды қиылыста Pb мен Zn қиманың ортаңғы бөлігіне стратиграфиялық бөлімшенің қабығынан қиманың негізіне қарай біртіндеп көтерілу орынын алады. Қиманың негізімен салыстырғанда құрамы тұрақты. Әдетте қорғасын мен мырыш құрамы 0,2-0,3 пайызға жиі көбейіп, қиманың берілген бөлігінде сұр, қоңыр-сұр, көкшіл сұр саздармен келтірілген. Жоспарда триас-ерте юралық шөгінділері солтүстік шығыстан (016 ұңғыма орта құрамы Pb-0.21%, Zn-0.34%) оңтүстік-батысқа қарай (ұңғыма 015, орта құрамы Pb-0.02%, Zn-0.01%)қорғасын мен мырыштың біртіндеп төмендеуі байқалады. Қорғасын мен мырыштың таралу ортасына байланысты солтүстік және оңтүстік деп екіге бөлуге болады. Солтүстік бөлікте ( №№ 06, 07, 08, 09, 010, 011, 012, 016, 018 ұңғымалар) қорғасын мен мырыштың концентрациясы триас-ерте юра жасындағы шөгінділер бүкіл қалыңдығында жақындайды немесе 0,1 % көтеріледі (қорғасынның орта құрамы 0.08 ден 0.25%, мырыш 0.07% ден 0.34% ға өзгереді). Басқа жағынан қарағанда, (№№ 014, 015, 020, 026, 028 ұңғымалар) участок ауданының оңтүстік бөлігінде қорғасын мен мырыштың орташа құрамы 0.01% дан 0.1%дейін ұңғымаға қарай оңтүстік батыс бағытта біртіндеп төмендейді (Pb-0.02%, Zn-0.01%). Жалпы алғанда, орташа құрамды Pb және Zn бар триас-ерте юралық шөгінділерінің таралу аймағында жоғары глиноземді шөгінді жабын денелері бокситтермен аллиттермен салыстырғанда кеңістікке сәйкес келеді.

Қорғасын мен мырыштың жоғарғы концентрациясына қарамай, сазды шөгінділер қорғасын- мырыш минералдану белгілерін көрсетпейді, бұл рудалануға мүмкіндік әкеледі. Сульфидті минерализацияның жекелеп пайда болуы, құба сазды-гетит-гидрогетитті түзілімдер арасында галенит пен сфалериттің сеппелігі бар пирит-марказит агрегаттарының жинақталып пайда болуымен келтірілген. Төменгі турне әктастарымен қабатта жарылымдар мен ерітінді жолақтары түзілген. Әдетте түзілімдердің карсты жолақтардың сульфидті-сазды толтырылуына байланысты белдемнің қалыңдығы 0,5-2 метрде локализацияланған және палеозой іргетасының бетінде көріністі таралған. Ұңғымаларда мезазойға дейінгі іргетастың қабатында ашылған (метрлер, алғашқы ондаған метрлер) сульфидті-саздармен толтырылған белдем деңгейінен төмен карсты формалар әктастардың араласқан сынықтарымен цементтелген кальцитпен, темірдің қышқылдары мен гидроқышқылдарымен қойылған. Сүргіленген шлифтарда сульфидті агрегаттар белдемді құрылымдар құрайды және айналасында сфалериттің каемкасымен дамыған марказит жолақ көрінерлік колломорфты түзілімдерімен келтірілген. Марказитті сфалеритті түзілімдер арасында ұсақ галениттер мен себілген ұсақ пирит қосылған сфалериттің біркелкі емес сеппелігі анықталады.Минералды басқа формалардың шығуы мақсатындатриас-ерте юра жасындағы сазды шөгінділерде қорғасын мен мырыштың микроскоппен сүрленген шлифтар зерттеліп, қорғасын мен мырышы бар жоғарғы глиноземді жыныстардан 0,2-0,3 алынған ұсақ сеппелі галениттің 0,005-0,02 мм көлемі қоңыр құба сазды материалда,ал жекеленген жағдайларда саз тектес жыныста табылған. Сонымен қатар көлемі 0,005тен 0,07 мм галениттің ұсақ қосылуы көлденең қимада 1-2,5мм көлемді домаланған кальцит түзілімінде табылған. Сфалериттің көп емес саны 0,005-0,15 мм көлемде дөңгеленген түзілімдерде (пизолит, бұршақты) темір су қышқылымен және кальцитпен қойылған. Қорғасын мен мырыштың табылуында карбонатты, қышқылды және силикатты формаларды көре алмадық, бұл арнайы әдіс бойынша зерттеулерге байланысты болуы мүмкін.

Өткен ғасырдың 80 жылдары «Карсты» (С-З Қаратау) учаскесінде, мырышты рудалануға бай (Zn құрамы 8-11% дейін) бор қимасының негізінде, палеозой іргетасы қабатын жабындайтын мырыш формасын табу мақсатында зерттеулер жүргізілген.Жүргізілген фазалық сараптау сынамасы сульфидті жіне карбонатты мырыш, мырыштың көп бөлігі темір қышқылдарымен және мырыштың анықталмаған формасы сазды минералдармен байланысты. «Карсты» пайда болу аналогиясы бойынша Аюсай учаскесіндегі қорғасын мен мырыш негізгі минералды формасын табу темір қышқылы мен сазды минералдармен байланысты ма? «НЦ КПМС РК» ГНПОПЭ «КАЗМЕХАНОБР» филиалының жүргізген нәтижесі бойынша Аюсай ауданында триас-ерте юра жасындағы минералды шөгінділерде құрамында 40,6 пайыз мырыш бар мырышты өнім алынды. Пром өнімді мырыштың минералды құрамын кезекті зерттеу процесіне цинктің келесідей минералды формалары табылуы: сульфидтер(сфалерит), қышқылдар (франклинит,цинкит), карбонаттар және силикаттар (виллимит).

Темір. Аюсай кенорны аймағында темір рудалық минерализация бөлшектелмеген юра шөгінділерінде және бөлшектелмеген триас ерте юра шөгінділерінде кеңінен таралған. Юра шөгінділерінің көмірлі аргелиттер, алевролиттер және көмірлері үшін пириттің сеппеленген қабатты байлығы пиритпен және марказитпен көптеген конкрециялар мен найзағай түрде тартылуы.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Аюсай кенорнында бөлшектелмеген триас-ерте юра шөгінділерінде қорғасын-мырыш-темір-бокситтердің кешенді рудасы, жекеленген учаскелерде стратиграфиялық бөлімше қимасын толықтай құрайды. Химиялық сараптау нәтижелері бойынша өнімді қабат аймағында жиектелген (мырыштың боорттық құрамы бойынша) және орташақалыңдығы 8 метр, көлемі 450 х 150-200 м және орташа қалыңдығы 9,1м-ге сәйкес болатын 1350 х 50-350 м. екі рудалық дене бөлінген. С2 категориялы қорғасын, мырыш және алюминийдің қорлары және Р1 болжау ресурсының есептері жүргізілген. Бөлшектелмеген юра шөгінділерінде бөлінген қоңыр көмір денесі бойынша С2 категориялы қорлары бөлінген.

Жүргізілген геололгиялық барлау жұмыстарының нәтижесінен келесідей қорытынды жасауға болады:

  1. Аюсай учаскесінде мезазой-кайназой шөгінділерінде темірдің жоғарғы құрамы бар қоңыр көмірлер,аллиттер, бокситтердің төменгі сортты маркалары және қорғасын мен мырыштың құрамы төмен қорғасын-мырыш рудасы қойылған.

  2. Аюсай учаскесінде жоғарыда айтылған қазба байлық түрлері өздігінен өндірістік және экономикалық қызығушылықты тудырмайды.

  3. Кенорнында мүмкін болатын өндірістік құндылықты ашылып жүргізілген жұмыстар процесінде сирек кездесетін элементтер және көмірлердің жолай кездесуі қорғасын-мырыш-темір-боксит рудаларын кешенді өндіру анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]