Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

13.2 Сұйықтықтардың тұтқырлығын өқ

Тұтқырлық мұнай майы, консистентті жағатын майлар, полимерлер, еріткіштерді өндірумен байланысты химия-технологиялық процестердегі өнімнің сапасын анықтайды.

Тұтқырлық (ішкіүйкеліс) – ағатын заттардың (сұйықтардың және газдардың) бір бөлігінің келесі бөлігіне ығысуына кедергі келтіретін қасиеттері. Тұтқырлықты ӨҚ вискозиметрлер деп аталады. Қазіргі таңда автоматты вискозиметрлер құрастырылған: капиллярлы; ротациондық; вибрациалық; құламалы денелі вискозиметрлер және басқалар.

 13.2.1 Капиллярлы вискозиметрлер

Механикалық визкозиметрдің жұмыс істеу принципі (13.3 сурет) Пуазель заңымен сипатталатын капилляр арқылы сұйықтың ағуының заңдылықтарына негізделген. 

                                                                                     (13.1)мұнда Q – сұйықтықтың көлемдік шығыны; - капиллярдың ішкі диаметрі және ұзындығы;  P1, P2 – ағынның капиллярға дейінгі және одан кейінгі қысымы;        - динамикалық тұтқырлық.  Q = const болғанда

                                                    P1- P2= k*                                                        (13.2)

мұнда –қабылданған шығын үшін тұрақты коэффициент.

          

13.3 Сурет – Капиллярлы вискозиметрдің сұлбасы          Суреттегі белгілеулер: 1–сорғыш; 2 - синхронды қозғалтқыш;  3 – ирек түтік;  4 – капилляр;  5 – дифманометр;  6 – термостат.Сонымен, динамикалық тұтқырлықты өлшеу үшін сұйықтықтың көлемдік шығыны тұрақты болса капиллярдағы қысымдар айырмасын өлшеу жеткілікті. Өлшеу иапазоны  (02)*10 Па*с бастап 01000)*10 Па*с дейін. Дәлдік класы  1,5;  2,5.

3.Қаныққан бу және сұйықтықтардың қысымын өлшейтін құралдар. Сильфонды сезгіш элементі бар ӨА

Сұйықтықтар және газтәріздес орталардың қысымдарының айырымасы  мен шығындарын өлшеу үшін сильфондыдифманометрлер кең қолданылады  (10.2 сурет).

 10.2 Сурет -  СильфондыдифманометрСуреттегі белгілеулер: 1,4–жұмысшы сильфондар; 2–шток; 3–рычаг; 5–қарсы әсер етуші серіппелер.Өлшенетін қысымдар айырмашылығының нәтижесінде 1 жұмысшы сильфон қысылады да, дифманометрдің ішін толтыратын жұмысшы сұйықтықты4 жұмысшы сильфонның ішіне ығыстырады. Сильфон деформациясынан шток 2 ығысады және қарсы әсер етуші серіппелердің 5 тартылыс күші өзгереді. Сильфон деформациясының күші қарсы әсер етуші серіппелердің күшімен теңескенде шток ығысуы тоқталады. Штоктың 2 ығысуы кезінде ол рычагты 3 сағат тіліне қарсы бұрады. Рычаг жазушы механизммен байланысқан.

Қысымдар айырмасының шегі 0,0063-0,25 Мпа. Дәлдік класы 1,0 және 1,5.

Сұйық және газ тәрізді отындардың жануын өлшейтін құралдар.

Сұйықтықтар мен газдың бинарлық және жалған бинарлық қоспаларының құрамын талдау үшін әртүрлі физика-химиялық талдауыштар қолданылады. Автоматты газталдауыштар жану процесін бақылау және ауаның артықтығын анықтау үшін  ЖЭС-да органикалық жанармайды өртеген кезде қолданады. Газталдауыш аспаптар технологиялық объекттердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйелерде қолданылады. Мысалы, турбогенераторларды суыту жүйесінде Н2 сутегінің концентрациясын өлшейтін газталдауыштар, АЭС-да радиоактивті жылутасушы аппараттарды үрлегіштердің газын және т.б. Қоршаған ортаны қорғауға қатты көңіл аударуға байланысты ауада, кәсіпорын ғимараттарында және атмосферада өндірістік кәсіпорындар мен электрлік станциялар шығаратын газдық қалдықтардың зиянды қоспаларын бақылау үшін арналған газталдауышты өндіру мен қолдану бірден кеңейіп кетті.

12.2.1 Магниттік газталдауыштарОлардың жұмыс істеу негізінде талданып жатқан қоспаның магниттік өріс әсері кезінде байқалатын құбылыстар жатыр.Магниттік өріске тартылатын газдарды парамагнитті, ал кері ығыстырылатын газдарды диамагнитті деп атайды. Парамагнитті газдардың магниттік сезгіштігі оң шама, ал диамагнитті газдардікі теріс шама болады. Магнитті сезгіштік аддитивті қасиетке ие. Парамагнитті қасиетке оттегі, азот тотығы ие және де олардың магниттік сезгіштігі абсолютті мәнінде басқа газдар мен булардың магниттік сезгіштігінен 100 есе артық. Сондықтан көпқұрамды қоспада оттегі концентрациясын анықтау осыған негізделген.

Ең көп тараған термомагнитті газталдауыштың сұлбасы 12.3 суретте көрсетілген.

12.3 суреттегі белгілеулер: 1 – дайындау блогы; 2 – тұрақты магнит; 3 – сақиналы камера; 4 – жұқа қабатты шыны түтік; 5 - терморезисторлар;   6 – теңеспеген көпір; 7 – потенциометр.

   

 12.3 Сурет -  Термомагнитті газталдауыш сұлбасы

Өлшеу диапазоны 0 –1%  бастап 0 – 100% дейін.  Дәлдік класы 2,5 – 5.

12.2.2 Оптикалық газталдауыштар

Оптикалық газталдауыштарда анықталып жатқан компоненттің концентрациясы газдық қоспаның оптикалық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты анықталады. Оптикалық қасиеттері: сыну көрсеткіштері, спектральді жұтылу мен сәулелену, спектральді тығыздық және т.б.Оптикалық газталдауыштарды үш топқа бөлуге болады: инфрақызыл және ультракүлгін – жұтылу; спектрфотометрикалық; фотокалориметриялық. Оптикалық газталдауыштар үлкен рұқсаттық қасиетке ие, осыған байланысты оны кәсіпорын ғимараттарында және атмосферада ауаны бақылау кезінде өндірістік газдардағы токсикалық және жарылыс қаупі жоғары қоспалардың микроконцентрациясын талдаған кезде қолданады.

Әрбір газ белгілі жұтылу спектрімен сипатталады: өзінің құрамында екі не одан көп әртүрлі атомдары (СО, СО2, СН4, NН3) бар газдардың жұтылу спектрі инфрақызыл ИҚ бөлігінде. Біратомды газдар спектрдің ультракүлгін бөлігімен сипатталады.Мұндай талдауыштардың өлшеу диапазоны 0 –1%  бастап 0 – 100% дейін. Дәлдік класы 2,5-10 (өлшеу диапазонына байланысты).Кәсіпорындарда шығарылатын инфрақызыл спектр бөлігіндегі оптико-акустикалық газталдауыштардың типтері: ГИП 10МБ-1 – СО, ГИП 10МБ-2 – СО; ГОА–4 – СО; СО2; С2Н2; СН4 т.б.; спектрдің ультракүлгін бөлігінде: УФА 1 – Сl2.Инфрақызыл газталдауыштың сұлбасы Г қосымшасында Г.1 суретінде көрсетілген және ОСӨЖ- да қарастырылады.

11-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]