Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

28 Билет

Спектрлік қатынас пирометрі (түстілік пирометр)

Бұл пирометрлер екі толқын ұзындығына сәйкес спектрлік энергетикалық жарықтықтардың қатынасын өлшеу арқылы түстілік температурасын өлшеуге арналған.Екі арналы және бір арналы түстілік пирометрлері  (ТП) бар.Екі арналыда ТП-де әрбір сәулелену толқын ұзындығына сәйкес өлшенетін сигнал бір уақытта екі тәуелсіз арна бойынша жіберіледі. Осы сигналдардың қатынасынан объекттің түстілік температурасы ТТ анықталады.Бір арналыда ТП-де екі әр түрлі монохраматты ағын оптикалық коммутатор көмегімен алма-кезек фотоэлектрлік қабылдауышқа жіберіледі.Екі арналы ТП көбінесе ТТ үлкен жылдамдықпен анықтау қажет болғанда зертханалық жағдайда қолданылады. Ал бір арналы ТП тұрақтылығы жоғары болғандықтан кең қолданыста болады.

8.3 Сурет – Бір арналы ТП сұлбасы

Суреттегі белгілеулер: Т–телескоп; 1–өлшеу объектісі; 2–оптикалық жүйе; 3–обтюратор (екі тесігі бар диск, біреуі қызғылт жарық фильтрі, екіншісі көк); 4–фотоэлемент; 5–алдын-ала күшейткіш; 6–сигналдар түрлендіру блогы ТБ (оның ішінде: дифференциалды тізбек, пик-детектор, RC тізбекті логарифмдік түйін,   амплитудалық кернеу шектегіш, фильтр); 7 – синхронды ауыстырып-қосқыш; 8–синхронды қозғалтқыш;  9–автоматты потенциометр.

Синхронды қозғалтқыш көмегімен обтюраторды бұрағанда фотоэлементке кезктесіп қызғылт және көк спектрлік жарықтық сәулесі  түседі, нәтижесінде фотоэлементте фототок импульстері қалыптасады, олар спектрлік жарықтыққа тура пропорционал.

Фототоктың импульсы 5 күшейткіште күшейтіліп, трапеция формасындағы кернеу импульстері түрінде  ТБ-ға келіп түседі.

ТБ шығысындағы автоматты потенциометр тоқтың тұрақты құрамын өлшейді: , онда ТП =>ТТ => Т қатынасын өлшейдіі.

ТП диапазоны  1400-2800 оС, дәлдік классы 1,0.

2 . Қысым дегеніміз бетке перпендикуляр әсер ететін күштің сол беттің ауданына қатынасы. Қысым– заттың термодинамикалық күйін анықтайтын негізгі шамалардың бірі. Қысымды өлшеу мәселесімен кейбір технологиялық параметрлерді өлшеу кезінде соқтығысады, мысалы газ, бу шығынын, сұйықтық деңгейін және т.б.Қысым келесітүрлерге бөлінеді: атмосфералық, абсолютті, артық, вакуум. Абсолютті қысым атмосфералық қысымның әсерін елемеуге мүмкін емес болған керек, мысалы жұмысшы денелер күйін зерттеуде, әртүрлі сұйықтықтардың қайнау температурасын анықтау кезінде және басқа да осы сияқты жағдайларда.Технологиялық процестерді бақылау кезінде және ғылыми зерттеулерді жүргізгенде көп жағдайда вакуумметриялық және артық қысым, қысымдар айырмасымен жұмыс істеуге тура келеді.Атмосфералық қысым - жер атмосферасының ауа бағанының салмағымен пайда болатын қысым. Абсолютті қысым– абсолютті нөлден бастап саналған қысым. Абсолютті қысымды санағының басы болып  ішінен толығымен ауасы сорып алынған ыдыстағы қысым алынады. Р абсолютті қысым термині ретінде сұйықтық, газ немесе буға әсер еткен толық қысым айтылады. Ол артық Ра  және атмосфералық Ратм қысым қосындысына тең боладыР = Ри + Ратм

Артық қысым – атмосфералық қысымнан жоғары абсолютті қысым мен атмосфералық қысым айырымасыРи = Р – РатмВакуум – атмосфералық қысым мен атмосфералық қысымнан кіші абсолютті қысымның айырымасыРв = Ратм – Р

СИ жүйесінде қысым бірлігі ретінде  1 Паскаль (Па) қабылданады – ол 1 м ауданда бірқалыпты тараған және бетке бағытталған 1 Ньютон (Н) күш тудыратын қысым.

  Қолданысқа МКГСС қысым бірлігі – килограмм-күш шаршы метрге ( )  жарамды болып табылады және жүйеден тыс қысым бірліктері: техникалық атмосфера деп аталатын (ат) килограмм-күш шаршы сантиметрге ( ), су бағанының миллиметрі (мм су.бғ.), сынап бағанының миллиметрі (сын.бағ.мм) және бар (қолдануға ұсынылмайды). 9.1 кестеде қысым бірліктері арасындағы қатынастар келтірілген.

9.1.1 Қысымды өлшеу құралдарының жіктелуі   а) өлшенетін қысым түріне қарай: артық қысым манометрі;  абсолютті қысым манометрі; барометрлер; вакуумметрлер;  мановакуум-метрлер ( артық қысым мен вакуумды өлшеу үшін );  напоромерлер (  40 кПа дейінгі кіші артық қысымды өлшеу үшін);  тягомерлер ( 40 кПа дейінгі газ сорылуын «вакуумдық күйін» өлшеу үшін);  тягонапоромерлер (-20 +20 кПа диапазонындағы кіші қысымдар мен газ сорылуынөлшеу үшін); дифманометрлер (қысымдар айырмасын өлшеу үшін);б) жұмыс істеу принципі бойынша:сұйықтықтық; поршеньдік;  деформациялық; иондық;  жылулық;  электрлік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]