
- •1.Қазіргі заманғы өлшеу техникасының орны.
- •2.Өлшенетін технологиялық параметрлер. Технологиялық үрдістерді үздіксіз және дискретті сипаттамалары қатысатын өндіріс.
- •2Электродтардың жұмысшысы және қосымшасы.
- •2Температураны өлшеу. Жалпы мағұлмат. Температуралық шкалалар.
- •1.Инфрақызыл газоанализатор.
- •2.Манометрлік термометрлер түрлері, жұмыс істеу принципі.
- •1.Ұзартқыш термоэлектродтық сымдар
- •2) Капиллярлы вискозиметрлер.
- •1)Тэт бос ұштарының температурасын түзету.
- •2)Гидроаростатикалық плотнометрлер.
- •2)Жүктік және пикнометрлі тығыздықты өлшегiштер (плотномер).
- •10 Билет.
- •13.2 Сұйықтықтардың тұтқырлығын өқ
- •1)Тэт құрылғысына және темоэлектрод материалдарына қойылатын талаптар.
- •2)Электрлі деңгей өлшеу құралы. Көлем деңгей өлшегіш.
- •1)ТермоЭқк-ті милливольтметрмен өлшеу
- •2)Акустикалық деңгей өлшеу құралы
- •14Билет
- •1)Магнитэлектрлі милливольтметр. Сұлбасы, жұмыс істеу принципі.
- •2) Гидростатикалық деңгей өлшеу құралы.
- •1) Жұмыс тогының айнымалы күші бар потенциометр сұлбасы.
- •2 )Электромагниттік шығын өлшеуіші. Сұлбасы, жұмыс істеу принципі.
- •1) Кедергі термотүрлендіргіш. Металды және жартылай өткізгішті кедергі термотүрлендіргіштер.
- •21 Билет
- •2)Қысымды өлшеуге арналған жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •22 Билет
- •1)Логометрлер
- •2)Пьезоэлектрлік қысым өлшегіш түрлендіргіштер
- •24 Билет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •1 Деформациялық қысым өлшеу құралдары
- •27 Билет
- •28 Билет
21 Билет
Теңестірілген көпірлер
Теңестірілген көпірлерде (6.1 сурет) нөлдік өлшеу әдісі қолданылады Зертханалық жағдайларда қолданылатын автоматты емес теңестірілген көпірлер көмегімен 0,5–тен 107 Ом дейін кедергіні өлшейді, КТТ градуировкасын жүзеге асырады және температура өлшейді.
|
|
|
|
НИ – нуль-индикатор (гальванометр);R1, R2 – тұрақты резисторлар;R3 – реттелетінрезистор;Rt – өлшенетін кедергі;RС – сымдар кедергісі (жалғау сымдары);ab – қоректендіру диагоналі;cd – өлшеу диагоналі.
6.1 Сурет – Теңестірілген көпір сұлбасы
Көпір теңестірілген кезде, IНИ =0 және R2∙(Rt + 2∙RС)= R1∙R3 ,
бұдан , (6.1)
мұнда R1/R2 = const;
R3 – var;
RС=сonst болуы керек, бірақ RС қоршаған орта температурасының өзгерісіне байланысты өзгереді, сондықтанRtбүлінеді, қоршаған орта температурасына қатысты қателік пайда болады.
Бұл кемшілік КТТ-ті көпірге үшсымды сұлбамен қосқан кезде жоғалады (6.1 сурет). Сонда көпір теңдігінің шарты R1∙(R3 + RС) = R2∙(Rt + RС). Бұдан
. (6.2)
Егер көпір симметриялы болса (R1 = R2), онда Rt = R3, яғниRtқұрамындаRС болмайды, сөйтіпRtқоршаған орта температурасына тәуелсіз.Теңестірілген көпірлер кемшілігі: реттелетін R3 иығында түйіспенің өткізгіштік кедергісінің болуы. Артықшылығы:қоректендіруші кернеуге тәуелсіз, оның ең кіші мәнін НИ сезетін болады.
2)Қысымды өлшеуге арналған жалпы әдістемелік нұсқаулар
ӨҚ таңдау кезінде оның қалыпты жағдайға тән дәлдігін емес, аспаптың қолдану ортасында қамтамасыз ете алатын дәлдігін алған жөн.ӨҚ таңдаумен қатар өлшенетін қысым диапазонын және аспаптың шкаласын таңдау керек. Шкаланы таңдау кезінде қысым аспаптарының, дифманометрлердің және екіншілік аспаптардың жіберетін рұқсат етілген қателіктері өлшеу диапазонынан алынған келтірілген қателік (℅) түрінде көрсетіледі. Сондықтан аспап шкаласының бірінші жартысының өлшеу қателігі екінші жартысына қарағанда көп болады. Біріншілік аспапты таңдау кезінде бірінші реттік құрылғының шығыс сигналы энергиясының түрін мен екінші реттік өлшеу құрылғысының кіріс сигналымен сәйкестендіруге қажетті қосымша түрлендіргішті қажет ететін аспаптарды алмаған жөн. Өлшеу сұлбасында қосымша түрлендіргішті пайдалану өлшеу қателігін арттыра түседі. АБЖ жасау кезінде шығыс сигналы унифицирленген тұрақты тоқ болатын бірінші реттік аспап қолданған жөн.Сыртқы жағдайлар өлшеу дәлдігіне қатты әсер етеді, сондықтан аспапты орналастыру орнын таңдау кезінде оны да ескеру керек.Аспаптарды орналастыру орны қызмет көрсетуге және олардың жұмысын бақылауға ыңғайлы болуы тиіс. Қысымды алу орны мен аспапты байланыстырушы жолдың ұзындығы минимал болуы керек. Байланыстырушы жолдардың ең үлкен ұзындығы 50м аспауы керек. Сонымен қатар, байланыстырушы жол ұзындығы артқан сайын берілген аспап үшін өткізу жиіліктері азаяды. Қысымы өлшеніп жатқан ортаның ыстық температурасының әсерінен сақтандыру үшін арнайы қосымша құрылғылар орнату керек.