
- •1.Қазіргі заманғы өлшеу техникасының орны.
- •2.Өлшенетін технологиялық параметрлер. Технологиялық үрдістерді үздіксіз және дискретті сипаттамалары қатысатын өндіріс.
- •2Электродтардың жұмысшысы және қосымшасы.
- •2Температураны өлшеу. Жалпы мағұлмат. Температуралық шкалалар.
- •1.Инфрақызыл газоанализатор.
- •2.Манометрлік термометрлер түрлері, жұмыс істеу принципі.
- •1.Ұзартқыш термоэлектродтық сымдар
- •2) Капиллярлы вискозиметрлер.
- •1)Тэт бос ұштарының температурасын түзету.
- •2)Гидроаростатикалық плотнометрлер.
- •2)Жүктік және пикнометрлі тығыздықты өлшегiштер (плотномер).
- •10 Билет.
- •13.2 Сұйықтықтардың тұтқырлығын өқ
- •1)Тэт құрылғысына және темоэлектрод материалдарына қойылатын талаптар.
- •2)Электрлі деңгей өлшеу құралы. Көлем деңгей өлшегіш.
- •1)ТермоЭқк-ті милливольтметрмен өлшеу
- •2)Акустикалық деңгей өлшеу құралы
- •14Билет
- •1)Магнитэлектрлі милливольтметр. Сұлбасы, жұмыс істеу принципі.
- •2) Гидростатикалық деңгей өлшеу құралы.
- •1) Жұмыс тогының айнымалы күші бар потенциометр сұлбасы.
- •2 )Электромагниттік шығын өлшеуіші. Сұлбасы, жұмыс істеу принципі.
- •1) Кедергі термотүрлендіргіш. Металды және жартылай өткізгішті кедергі термотүрлендіргіштер.
- •21 Билет
- •2)Қысымды өлшеуге арналған жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •22 Билет
- •1)Логометрлер
- •2)Пьезоэлектрлік қысым өлшегіш түрлендіргіштер
- •24 Билет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •1 Деформациялық қысым өлшеу құралдары
- •27 Билет
- •28 Билет
1-билет
1.Қазіргі заманғы өлшеу техникасының орны.
рН-метрінің өлшеу түрлендіргіштері.
Өлшем (физикалық шаманың өлшемі, ҚР СТ 2.1-2000) деп берілген мөлшердегі физикалық шаманы жаңғырту (сақтау) үшін қолданылатын өлшем құралы. Өлшемнің бұл құралдарына кірлер, ұзындықтық ұштың өлшемдері, т.б. жатады. Тәжірибеде бір мәнді және көп мәнді өлшемдер, сондай-ақ өлшемдер жиыны және магазині қолданылады. Бір мәнді өлшемдер бір мөлшердегі шамаларды жаңғыртады (кірлер). Көп мәнді өлшемдер физикалық шаманың бірнеше өлшемдерін бейнелейді. Мысалы, миллиметрлік сызғыш заттың ұзындығын сантиметрмен де, миллиметрмен де көрсете алады.Өлшемнің жиындары мен магазиндері шаманың кейбір аралық немесе қосынды мәндерін бейнелеуге мүмкіндік алу үшін бір мәнді және көп мәнді өлшемдердің бірігуін көрсетеді. Өлшемдер жиыны әр түрлі мөлшердегі біртекті өлшемдердің жиынтығын көрсетеді, ол жиынды қолдануға мүмкіндік береді, мысалы, лабораториялық кір жиыны. Өлшемдер магазині - бір механикалық бүтінге конструктивті біріктірілген өлшемдер магазині.Бір мәнді өлшемдерге стандартты үлгілер және стандартты заттар жатады. Стандартты үлгі - белгілі бір сипаттаманың сандық мәнін орнату мақсатында метрологиялық аттестациялауға ұшырайтын, қажетті түрде рәсімделген заттың белгілі мөлшері (пробасы). Бұл сипаттама (немесе қасиет) сыртқы ортаның белгіленген жағдайларында мәні белгілі шама болып табылады. Мұндай үлгілерге, мысалы, қаттылықтың нақтымәндері бар минералдар жиыны жатады. Олар осы параметрді басқа минералдарда анықтау үшін пайдаланылады (Моос шкаласы).Өлшемдерді пайдаланғанда олардың номиналды және нақты мәндерін, сондай-ақ өлшем қателігі мен разрядын (дәрежесін) ескеру қажет. Номиналды деп өлшемде көрсетілген мәнді атайды. Өлшемнің нақты мәні ресми эталонды пайдаланған жоғары сапалы өлшеу нәтижесі ретінде арнайы куәлікте көрсетілуі керек.Номиналды және нақты мәндердің айырмасы өлшемнің қателігі деп аталады. Қателікке таңбасы бойынша қарама-қарсы шама өлшемде көрсетілген номиналды мәнге түзетуді білдіреді. Аттестациялау кезінде қателіктер табылуы мүмкін болғандықтан, өлшемдер разрядтарға бөлінеді (1, 2-разрядты) және разрядты эталондар деп аталады (үлгілі өлшеуіш құралдар). Оларды өлшем құралдарды салыстырып тексеру үшін пайдаланады. Өлшем қателіктерінің шамасы өлшемдерді топтарға (кластарға) бөлу үшін негіз болады.Өлшемдік түрлендіргіш.Өлшемдік түрлендіргіш - өлшеуіш ақпараттың сигналын өңдеу немесе сақтау үшін, сондай-ақ көрсеткіш құрылғыға беру үшін қолайлы күйге түрлендіру қызметін атқаратын өлшем құралы (8-сурет). Өлшемдік түрлендіргіштерге өлшеуіш аспаптардың конструкторлың сұлбасына (сызбасына) кіреді, не онымен бірге қолданылады, бірақ түрлендіргіштің сигналдары бақылаушыға тікелей сезілмейді. Мысалы, түрлендіргіш кернеуді күшейту үшін, компьютер жадысына ақпаратты жіберу үшін қажет болуы мүмкін. Түрленетін шаманы кіруші, ал түрлендіру нәтижесін - шығушы шама деп атайды. Өлшеуіш түрлендіргіштің негізгі метрологиялық сипаты болып, түрлену функциясы деп аталатын кіруші және шығушы шамалар қатынасы саналады.Түрлендіргіштер мынадай болып бөлінеді: алғашқы (өлшенетін шаманы тікелей қабылдайтын), шығысында шама тіркеу немесе арақашықтықта тасымалдау үшін ыңғайлы түрге ауысатын - тасымалдаушы; алғашқылармен бірге жұмыс істейтін және физикалық шаманың тегін өзгертуге әсер етпейтін - аралық түрлендіргіштер.