Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9класс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.18 Кб
Скачать

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Алыста жүрген ағайындар ауылға қонаққа келгенде, қара шаңыраққа кіріп, қариялармен амандасады.

14 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

М.Әуезов мұражайы

Әуезов мұражайы Қазақстан ғылым академиясыныңМ.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми-зерттеу, мәдени ағарту мекемесі. Онда жазушының қолжазбалары, дүние жүзінің 30 тілінде басылған «Абай жолы» эпопеясының нұсқалары қойылған. Әуезов мұражайы жазушының әдеби мұрасын жинау, жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мұражайдың негізгі қоры- Әуезовтың өзінің жеке мұрағаты. Мұнда оның шығармаларының түпнұсқасы түгел сақтаулы.

2. Ақпарат құралдары туралы диалог құрастырыңдар.

3.Морфологиялық талдау жасаңдар: насихаттайды, мұрасын.

15 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Полиглот болғың келсе.

«Полиглот» деп ондаған тілді қатар үйренуге қабілетті адамдарды айтады.

Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығудың арқасында күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде үйренген.Алдымен негізгі тілдерді, ал сонан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрету қажет. Әрине, адам неғұрлым көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.Полиглоттар былай дейді: «Ең бастысы – қорықпау керек.Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу керек. Әрқашан елден бәрін сұрап отырыңыз.Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен барынша сөйлесіңіз».

2.Жерлес ақын-жазушылар туралы диалог құрастырыңдар.

3.Сөздерді құрамына қарай талдаңдар: атақты, сөйлесіңіз, түсіндіруге, тілдерді.

16 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Балаға ат қою

Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды.Ат қоюшы адам баланың құлағынаүш рет атын қайталайды. Балаға ат қойғанда, «сондай азамат болсын» деп ауылға, елге белгілі адамдардың атын ырымдап қою да бар. Мысалы бала туғанда: «Менің ұлым Бауыржан Момышұлындай халыққа қадірлі азамат болсын» деп, батыр атаның атын қояды екен. Қазақ халқы балаға ат қоюға ерекше мән береді.

2.Өз ермегің туралы диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Болатжан сүйінші сұрап еді, Асылбек аман-есен оралды, жақсы хабарға сүйінші бермеуге болмайды.

17 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Бесікке салу.

Халқымызда бесік – қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Бесікті отпен аластайды, содан кейін баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, сыйлы адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылады, бесікке салған адамға кәде беріледі.

2. «Туыстық атаулары» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Үй иелері мерекелік дастарқан жаяды, бесікке салған адамға кәде береді.

18 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Қазақ бейнелеу өнері

Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды.Оның бастауында этнограф-ғалым Шоқан Уәлиханов тұрды. Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін дайындайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылды. 1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. 20-ғасырдың 30-жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме шеберлігін меңгерді. Олар: Ә. Қастеев, Б.Сәрсенбаев, Ә,Ысмайылов т.б.

2. «Киіз үй» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Берілген сөздерге түбірлес сөз табыңдар: құрмет, сый, ой, сана.

19 билет