Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9класс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.18 Кб
Скачать

1 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Отбасындағы асыл адамдар

Ата-елдің, отбасының ең сыйлы адамы. Ол отбасының, елдің бірлігін сақтайтын, халықтың болашағын байыптайтын, көпті көрген дана қария. Әже-әкеңнің, шешеңнің анасы. Отбасының, елдің сыйлы анасы. Балалардың тәрбиешісі, ақылшысы. Әке-үйдің басшысы, асыраушысы. Отбасындағы балалардың қамқоршысы. Ана- өмірге бала әкелген, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін берген ең аяулы жан. Ол- отбасының берекесі, ырысы, ақылшысы, негізгі тұтқасы. Ұл бала- қазақ отбасындағы шаңырақ иесі, әке өмірінің жалғасы. Қыз бала-елдің сәні, көркі,өмірдің гүлі, отбасының қуанышы. Ол -, ана. Оны мәпелеп, аялап, сыйлап жүру керек.

2. «Менің сүйікті пәнім» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар: заман талабы, көп тіл білу, ана тілім, мемлекеттік тіл, менің болашағым, әке-шешемнің арманы.

2 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Қазақ – қонақжай халық

Қазақ халқы қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді.Қонақ күту-қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Қонақты жақсы қарсы алған үйді «мырза үй», ал дұрыс қарсы алмаған үйді «сараң» дейді. Қонақасы –салт. Халқымыздың тарихи, әлеуметтік тұрмыстық жағдайындағы ерекше бір қымбат дәстүрі – осы қонақжайлық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, қонақасы беру – жомарттықтың белгісі. Қазақ қашанда семіз қойын, басқа да тәтті тағамдарын әдейі сақтап, «қонақ келеді» деп күтіп отырған. Қонақ та кез-келген үйге түспейді, қонақжай, дастарқаны мол,таза, өнегелі ұл-қызы бар үйді таңдайды. Осы дәстүр қазір де бар. Шетелден келген қонақтар «қазақ халқы- қонақжай халық» деп бекер айтпайды.

2. «Менің отбасым» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Қазақ халқының ерекше қымбат дәстүрі – қонақжайлық.

3 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар

Қазақ халқының ежелгі музыкалық аспаптары өте көп. Олар негізінен шертпелі (домбыра, жетіген), ыспалы (қобыз,қылқобыз), үрмелі (сыбызғы, сазсырнай), ұрмалы (дабыл, асатаяқ) болып бөлінеді. Ежелгі халық аспаптарының біріне домбыра жатады. Домбыра мына бөлшектерден тұрады: құлақтары, мойыны, пернелер, ішектер, тиектер, тегеріш.

Домбыра халқымыздың саз өнерінің ажырамас бөлшегіне айналды. Ол қазақтың ғасырлар бойғы жан серігі. Еліміздің қай түпкіріне барсаңыз да, әр үйдің төрінен домбыра көресіз. Домбыра - ұлттың ұлы мұрасы, жеті қазынаның бірі

2. «Менің Отаным» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Еліміздің қай түпкіріне барсаңыз да, әр үйдің төрінен домбыра көресіз.

4 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Әбілхан Қастеев.

Әбілхан Қастеев 1904 жылы Талдықорған облысы Жаркент қаласында дүниеге келген. Ол 1929-1936 жылдары Алматыда және Мәскеудің көркемсурет студиясында оқыды. Ол сурет салуды өнер қылған, өзінің өмірінің өзегіне айналдырған дара туған жан. Әбілхан Қастеевтің қаламынан туған «Жайлауда», «Медеу» атты шығармалары туған жерге деген махаббатын, қазақ ауылының өмірін және әсем табиғатын бейнелейді. Оның азамат соғысына арнаған көркем туындылары көпшілікке танымал. Ә.Қастеевтің адам таңқаларлық портреттерінің бірі – Абай, Амангелді, Жамбылдың портреттері. Әбілханның әр жанрдағы жүздеген туындылары -қазақ сурет өнерінің алтын қазынасы.

2. «Менің мектебім» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Әбілхан Қастеев 1904 жылы Талдықорған облысы Жаркент қаласында дүниеге келген.

5 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Мұражайға саяхат.

Петропавл қаласында қазақтың басын біріктірген ұлы ханы – Абылай ханның мұражай - үйі бар. Ол қаланың Ой қала атты ықшамауданында орналасқан. Мұражай - екі қабатты, бес бөлмелі ғылыми-мәдени орталық. Мұражайда ханның заманында қолданылған үй жабдықтары, төсек-орын, ыдыс- аяқтары жиналған, әйгілі Аңырақай шайқасынан көрініс панносы жасалған. Бұл мұражайда жиналған деректер ханның өмірі мен өткізген саясатынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме.Мұражай-үйінде қала тұрғындары, қонақтар жиі болып тұрады.

2. «Туған қалам» тақырыбына диалог құрастырыңдар.