
- •Комплексті қосылыстар ерітіндідегі химиялық тепе-теңдігін өрнектеңіз. Тұрақтылық және тұрақсыздық константалары үшін теңдеулер келтіріп, арасындағы байланысты көрсет.
- •2.Жүйелік және бөлшектік анализ дегеніміз не? Мысал келтір. Катиондардың қышқылды-негіздік жіктелуін көрсетіңіз.
- •5. Аналитикалық химияда комплекстүзу процесінің қолданылуын көрсетіңіз ( ашу, бөліп алу, концентрлеу, бүркемелеу, иондарды анықтау). Мысалдармен жауабыңызды дәлелдеңіз.
- •6.Тотығу-тотықсыздану потенциал шамасына қандай факторлар әсер етеді?
- •7. Тұнбаның ерігіштік көбейтіндісі мен ерігіштігі арасында қандай байланыс бар?
- •8. Тұнбаның ерігіштігіне аттас иондардың қандай әсері бар?
- •8. Реалды және идеалды ерітінділер дегеніміз не? Активтілік, активтілік коэффицент пен ерітіндінің иондық күші қалай есептеледі?
- •10. Тұнбаның ерігіштігіне күшті электролиттің қандай әсері бар?
- •11. Гомогенді жүйелер дегеніміз не? Массалар әрекеттесу заңын тұжырымдаңыз. Гомогенді тепе-теңдік тұрақтыларын (термодинамикалық, концентрациялық шартты) келтіріңіз.
- •12. Титриметриялық ерітіндінің концентрациясын өрнектеу тәсілдері мен өзара байланысын көрсетіңіз.
- •13. Титриметриялық анализдің түрлерін көрсетіңіз. Реакцияларға қойылатын талаптар.
- •14. Бастапқы стандарттар және екінші ретті стандарттарға анықтама беріңіз. Бастапқы стандарттарға қойылатын талаптар. Фиксоналдар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- •15. Тура, кері және жанама титрлеу арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз.
- •16. Титрлеу кезінде индикатор түсі өзгеруін қалай түсіндіруге болады. Мысал келтіріңіз.
- •17. Комплексонометрлік титрлеудің маңызын түсіндіріп, мысал кетіріңіз.
- •19. Комплексондар дегеніміз не? Метал иондарымен әрекеттескенде комплексондардың ерекшелігін көрсетіңіз.
- •20. Аморфты және ірі кристалды тұнбаларды алу жағдайларын көрстіңіз.
13. Титриметриялық анализдің түрлерін көрсетіңіз. Реакцияларға қойылатын талаптар.
Негізгі анықтамалар:
Титриметриялық әдіс – бұл зерттелетін немесе анализденетін
заттың көлемін өлшеуге арналған әдістер.
Титрлеу - бұл стандартты ерітіндіні анализдейтін ерітіндіге тамшылап эквивалентті нүктеге жеткенше қосу процесі.
Эквивалентті нүкте (э.н.)– қосылған титранттың анықтайтын затқа химиялық эквивалентті мәні.
Титрлеудің соңғы нүктесі (т.с.н.) - тәжірибеде индикатордың
түсінің өзгеруіне немесе физикалық қасиетінің өзрегуіне байланысты табылады
Титрлейтін ерітіндіні жиі жұмысшы ерітінді немесе титрант деп атайды.
Титр – 1 мл ерітіндідегі еріген заттың грамм немесе миллиграмм мөлшері (Т).
Жүретін реакциялар бойынша
Протондарды тасымалдау реакциялары
Қышқылды-негіздік (протолиттік) титрлеу
Н3О+ + ОН- = 2Н2О,
- электрондарды тасымалдау реакциялары
Тотығу-тотықсыздану титрлеу
аОх1 + bRed2 = aRed1 + bOx2
- Нашар диссоцияланатын комплексті қосылыстардың түзулуі
Комплексометрлік титрлеу
М + L = ML,
- Нашар еритін қосылыстар түзілуі
тұндырып титрлеу
M + X = MX¯
Реакцияларға қойылатын талаптар:
Реакция аяғына дейін жүруі керек.
Реакция үлкен жылдамдықпен жүруі керек.
Ерітіндіде титрант тек анықтайтын затпен белгілі стехиометриялық қатынаста әрекеттесу керек.
Эквивалентті нүкте дәл аныталуы тиіс.
Титрант ерітіндісі стандартталған болуы керек
Тұндырып титрлеу:
М+ + X- = MX↓
Бұл әдісте анықтылытын компонент титрантпен суда нашар еритін қосылыс түзеді.
Жұретін реакцияларға қойылатын талаптар:
Реакция жоғары жылдамдықпен жұру керек;
Реакция қайтымсыз болу керек;
Индикаторды дұрыс таңдау керек;
Реакция стехиометриялы болу керек;
Суда нашар еритін қосылыстың ерігіштігі төмен болу керек S < 10-5 моль/л және анықтылытын зат сандық жағынан толық тұнбаға түсу қажет;
Титрлеу нәтижесінде адсорбция т.б. Тұнбаны ластайтын құбылыстар әсер етпеуі қажет. Тұндыру әдістерінің арасында ең жиі қолданылатын әдістер:
Аргентометрлік анализ. Бұл әдісте титрант ретінде AgNO3 қолданылады. Бұл әдісті қолданып Cl-, Br-, CNS-, I-, CN- иондарын анықтауға болады. Ag+ + Cl- = AgCl
Меркурометрлік анализ. Титрант ретінде Hg2(NO3)2 қолданылады. Бұл әдіспен Cl-, Br-, I- иондарын анықтауға болады. Hg22+ +2Cl- = Hg2Cl2
Роданометрлік анализ. Титрант ретінде KCNS және NH4CNS қолданылады. Бұл әдіспен Ag+ анықтауға болады (Br-, I-,AsO43-). Ag+ + Cl- = AgCl
Ag++CNS-=AgCNS Fe2+ + CNS- = [FeCNS]2+
Гексацианометрлік анализ. Титрант ретінде K4[Fe(CN)6] қолданылады. Zn2+ aнықтауға болады.
3Zn2+ + 2K+ + 2[Fe(CN)6]4- = Zn3K2[Fe(CN)6]2
Қышқылды-негіздік титрлеу (протолитометрия) қышқылдар мен негіздердің бір-бірімен және қышқылды-негіздік қасиет көрсететін тұздардың олармен әрекеттесуіне негізделген:
Н3О+ + В → ВН+ + Н2О, не Н3О+ + ОН- ↔ ВН+ + Н2О
Пайдаланылатын титрантқа байланысты бұл әдісті алкалиметрлік (титрант - негіз) және ацидиметрлік (титрант - қышқыл) титрлеу деп бөлуге болады. Ацидиметрлік титрлеу күшті, әлсіз негіздерді, негізгі тұздарды, негіздік қасиет көрсететін әлсіз қышқылдардың тұздарын т.б. анықтауға қолданылады. Алкалиметрлік титрлеумен күшті және әлсіз қышқылдарды, қышқыл тұздарды, қышқылдық қасиет көрсететін әлсіз негіздердің тұздарын т.б. анықтайды.