Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аналитика емтихан толык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407.52 Кб
Скачать

5. Аналитикалық химияда комплекстүзу процесінің қолданылуын көрсетіңіз ( ашу, бөліп алу, концентрлеу, бүркемелеу, иондарды анықтау). Мысалдармен жауабыңызды дәлелдеңіз.

I. Аналитикалық химияда комплексті қосылыстар катиондарды сандық талдау үшін химиялық реагент ретінде қолданылады:

Комплексті реагенттер Ашылатын иондар

K3[Fe(CN)6] Fe2+

K4[Fe(CN)6] Fe3+, Cu2+

(NH4)2[Hg(SCN)4] Co2+

Na3[Co(NO2)6] K+

K2[HgI4] + KOH NH4+

K[BiI4] Cd2+

H2[PtCl6] K+

II. Аналитикалық химияда көп иондарды қанық боялған суда еритін немесе ерімейтін комплексті қосылыстар ретінде анықтайды.

Анықталатын ион

Түзілетін комплексті қосылыс

Ni2+

Ni(Dim)2

қызыл

Fe3+

[Fe3(CH3COO)6O]+

қызыл

Fe3+

Fe(SCN)3

қызыл

Co2+

[Co(SCN)4]-

көк

Co2+

K3[Co(NO2)6]

сары тұнба

Cu2+

[Cu(NH3)4]2+

көк

Hg22+

NH2HgCl + Hg0

қара тұнба

As5+щ

(NH4)3[AsMo12O40].xH2O

сары тұнба

Боялған галогенидті және роданидті дитизонат комплекстері өзінің қанық түсіне байланысты (Fe3+, Co2+, Bi3+ және т.б.) иондарды сандық фотометрлік анықтауда қолданылады, металдарды (металдардың комплексонаттары) титриметрлік анықтауда, гравиметрияда (никель диметилглиоксиматы, алюминий 8-оксихиноляты және т.б.) қолданылады. Комплексті қосылыстар иондар сапалық анықтауының сезімталдығын және талғамдылығын және металдардың сандық анықтауының метрологиялық өлшемдерін едәуір жоғарылатады.

III. Сапалық талдауда комплекстүзілу талдаудың жүйелілік әдісінде тұнбаларды еріту үшін қолданылады.

Тұнба

Еріткіш

Түзілетін комплексті қосылыс

CaSO4

(NH4)2SO4

(NH4)2[Ca(SO4)2]

Sb2S5

HCl конц.

H[SbCl6]

SnS2

HCl конц.

H2[SnCl6]

HgS

KI + HCl конц.

K2[HgI4]

AgCl

NH4OH

[Ag(NH3)2]Cl

IV. Комплекстүзілу талдауда комплекс түзуші ионның немесе лигандтың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиетін өзгерту үшін немесе қышқылдық қасиетін жоғарылату үшін қолданылады. Мысалы, қымыздық қышқылымен салыстырғанда H2[Mg(C2O4)2] комплексті қышқылдың қышқылдық қасиеттері жоғары, әлсіз бор қышқылын сандық анықтауда қышқылдық қасиетін жоғарылату үшін оны глицеринмен немесе маннитпен байланыстырады. Катиондар мен аниондардың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерін комплекс түзу арқылы төмендетеді.

Мысалы,

E0Fe3+/Fe2+ = +0,77 B, a E0[Fe(CN) ]63+/[Fe(CN)6]2+ = +0,35 B

немесе E0Cd2+/Cd0 = -0,40 B, a E0[Cd(NH3)4]2+/Cd0 = -0,61 B

Cr2+ сулы ерітінділерде тұрақсыз және судың сутегін жеңіл тотықсыздандырады, ал оның гидразинмен, ,'-дипиридилмен комплекстері суда өте тұрақты. Азотты қышқыл – гидразинмен салыстырғанда күшті тотықтырғыш, бірақ комплексті қосылыс түрінде (NO2- лигандтың кобальтпен комплексті қосылысы) [Co(NO2)2(N2H4)2] гидразинмен әрекеттесе алмайды.

V. Комплекстүзілу талдаудың жүйелілік әдісінде катиондардың аналитикалық топтары мен топшаларын бөлу үшін қолданылады.

Қышқылдық-негіздік әдіс

Аммиакты-фосфатты әдіс

ерітінді: IV, V топ катиондары

+ Na2CO3, NH3 артығы

ерітінді: I-III топ катиондары

+ (NH4)2HPO4 + NH3 артығы

тұнба: IV топ Fe2(OH)2CO3, MnCO3, Bi(OH)3, Mg2(OH)2CO3

ерітінді: V топ [Cu(NH3)4]2+, [Cd(NH3)4]2+, [Ni(NH3)6]2+, [Co(NH3)6]2+, [Hg(NH3)6]2+

тұнба: II топ BiPO4, FePO4, MnNH4PO4, AlPO4, Ba3(PO4)2, Pb3(PO4)2, Sr3(PO4)2, Ca3(PO4)2, MgNH4PO4, CrPO4

ерітінді: I, III топ K+, Na+, NH4+, [Hg(NH3)4]2+, [Cu(NH3)4]2+, [Cd(NH3)4]2+, [Co(NH3)6]2+, [Ni(NH3)6]2+, [Zn(NH3)4]2+

Комплекстүзілу экстракция әдісімен металл иондарын бөлу және концентрлеу үшін қолданылады. Бұл көптеген комплексті қосылыстардың суда аз ерігіштігіне байланысты жүзеге асады, әсіресе би- және үшдентантты лигандтармен және органикалық еріткіштерде жақсы ерігіштігімен, бұл қасиет сулы ерітінділерден басқа иондардың комплексін қалдырып бір ионның комплексін талғамды бөліп алуға мүмкіндік береді. Комплексті қосылыстарды экстракцияда қолданғанда органикалық еріткіштің табиғатын өзгертуге болады. Мысалы, кадмий және марганец купферонаттары диэтил эфирімен экстракцияланады, ал галлий купферонаты – хлороформмен. Комплекстерді экстракциялық бөлуде ерітіндінің қышқылдығын да өзгертеді.

Комплекстүзілу химиялық қасиеттері ұқсас катиондарды бөлгенде кеңінен қолданылады. Кедергі келтіретін бір ионды тұрақты комплекске айналдыру - бүркемелеу деп аталады. Комплекс түзу арқылы бүркемелеу кедергі келтіретін ионды жоюмен салыстырғанда жылдам және оңай орындалады, бірақ бүркемелеудің міндетті шарты – ол өте тұрақты комплекстің түзілуі. Мысалы, кадмий иондарын H2S-пен қанық сары тұнба CdS түзу арқылы анықтауға мыс иондары кедергі келтіреді, себебі күкіртсутекпен қара түсті мыс сульфидін түзеді. Кадмий иондарын ашу үшін мыс иондарын бірвалентті мыстың өте тұрақты цианидті комплексін түзу арқылы бүркемелейді:

lg[Cu(CN)4]3- = 27,56, ал lg[Cd(CN)4]2- = 18,78

Кадмийдің цианидті комплексінің тұрақтылығы төмен болғандықтан, ерітіндіден кадмий иондарын сары түсті кадмий сульфиді түрінде тұндыруға болады.

Ni2+ ионын диацетилдиоксиммен ашқанда кедергі келтіретін катиондарды (Fe2+,Co2+ және т.б.) шарап қышқылының тұздарымен комплекске байланыстырады, Со2+ ионын аммоний роданидімен ашуды тек Fe3+ иондарын натрий фторидімен бүркемелегеннен кейін ғана жүргізуге болады, себебі нәтижесінде өте тұрақты фторидті комплекс Кт-з = 8.10-17 [FeF6]3- түзіледі.