
- •2,10,34) Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышын автоматты түрде басқару
- •4,11,19,25,51,55) Электр жетектің типтік статикалық жүктемелері.
- •8) Рекуперативті тежелу (торға энергия берілумен)
- •12)Қозғалтқышты таңдау және оның қызуы мен салқындатылуы.
- •13,38) Өндірістік механизмдер мен электрлік қозғалтқыштардың механикалық сипаттамасы. Электр жетегң туралы түсінік.
- •15,43,67) Аэж негізгі функциялардан басқа қандай жұмыстарды атқарады?
- •16) Электр жетегі, құрылымдық схемасы.
- •17,31) Электр жетектің атқаратын атқаратын функциялары.
- •18,47,50) Автоматика анықтамасы, жеке автоматтандыру.
- •20) Трансформаторды таңдау.
- •21) «Генератор – қозғалтқыш» жүйесінде тқ ттқ-ның реттелуі.
- •22,45,60) Қозғалтқыштардың механикалық сипаттамалары және оларды анықтайтын шамалар.
- •23,33,35) Ттқ автоматты түрде басқару
- •24,59,65) Ажыратылған жүйелі электр жетегінің статикалық сипаттамасын тұрғызу.
- •28,32,39,54) Ақ-ң тежеуіш режимдеріндегі механикалық сипаттамалар
- •29,42,57) Электр жетегі қозғалысының теңдеуі
- •37,48,63) Қатаңдығының дәрежесіне байланысты механикалық сипатттамалардың түрлері.
- •40) Электржетектегі ақ-ң электромеханикалық қасиетттері
- •41) Жылдамдықты реттеу жөніндегі жалпы ұғым, реттеу аралығы мен бірқалыптылығы
- •44) Механикалық сипаттамалар туралы түсінік, өндірістік механизмдердің механикалық сипаттамалары
- •52) Асинхронды қозғалтқыштардың тежелу режимдері
- •53,56) Электржетек координатының реттелуі. Ттқ реттелуі
- •58) Электрдинамикалық тежеу
- •61) Тұрақты тоқтың реттелетін электр жетектері
- •1. Реттелудің нақтылығы
- •62) Электр қозғалтқышын таңдау
18,47,50) Автоматика анықтамасы, жеке автоматтандыру.
Автоматика дегеніміз – технологиялық процестерді автоматтандыру үшін қолданылатын әртүрлі механикалық, электрлік, пневматикалық, гидравликалық және электрондық құрылғылардың жиынтығы.
Автоматика – өнеркәсіптерде немесе басқаруда автоматтандыру мен автоматтандыру әдістерін жасау үшін қолданылатын ғылым мен техниканың бөлімі, адамның қатысуынсыз автоматты түрде жұмыс істейтін механизмдер мен құрылғылардың жиынтығы.
Автоматтандыру дегеніміз – адамның процестерде ешбір қатысуынсыз энергия, материал немесе ақпаратты алу, өңдеу, жіберу және қолдану үшін арналған өзіндік реттелетін техникалық мен математикалық әдістер.
Автоматтандырылады:
Өндірістік процестер;
Жобалау;
Жобалау мен басқару;
Ғылыми зерттеулер;
Бизнес процестер және т.б.
Автоматтандыру еңбектің өнімділігін, өнімнің сапасын жақсартуға, басқару процесінің оңталылығын, адамның денсалығына зиян өңдеулерден сақтауды қамтамасыз етеді. Автоматтандыру жүйесінің құрамына датчиктер, кіріс құрылғылары, басқару құрылғылары, орындаушы құрылғылар, шығыс құрылғылары, компьютерлер кіреді.
20) Трансформаторды таңдау.
Трансформаторды оның қуаты бойынша анықтайды. Трансформатордың қуатын трансформатордың бірінші және екінші реттік орамаларындағы қызуды KM коэффицентінің көмегімен ескеріп есептейді. Сонымен, трансформатордың қуаты, қозғалтқыштың якорын қоректендіретін түрлендіргіш үшін, келесі формула бойынша есептелуі мүмкін
ST=KНKuKαKRKiKMUdId .
21) «Генератор – қозғалтқыш» жүйесінде тқ ттқ-ның реттелуі.
Генератор - қозғалтқыш (Г - Қ) жүйесі тұйықталмаған, яғни кіріс және шығыс мәндері бір-бірімен байланыспаған басқару жүйесінің классикалық мысалы болып табылады. Басқарылатын қуат күшейткіші (ҚК) ретінде шығысында ТТҚ (Қ) қосылған тұрақты ток генераторы (Г) қолданылады.
Генератор - қозғалтқыш жүйесінің блоктық сұлбасы
Реттелетін қуат көзі ретінде генератор қолданылады. Тәуелсіз қоздырылатын қозғалтқышындағы кернеуді реттеуге болады. Жылдамдықты реттеу ауқымдары келесі факторлармен шектеледі:
а) генератордың аз қоздыру токтарында оның якорь реакциясы әсер береді;
б) щеткалардағы кернеу төмендеуі 2 В шамасын құрайды;
в) реттеу ауқымының төменгі шегінде жылдамдық төмендеуі өседі.
Сондықтан, якорь тізбегі бойынша жылдамдықты реттеу ауқымы 15: 1 - 20: 1 шамасын құрайды. Қозғалтқыштың өрісін 2: 1 ауқымында азайтуды есепке алсақ, жалпы реттеу ауқымы 30: 1 - 40: 1 шамаларын құрайды.
Бұл жүйенің кемшілігі – қозғалтқыштың қуатынан үш есе көп қойылған жүйенің жалпы қуаты. Асқан кемшілігі болатын генератор айналмалы түрлендіргіш болып жұмыс істейді, бұл оның төмен сенімділігінің және тұрып қалмай жұмыс істеу мүмкіндігінің шектелуін анықтайды.
22,45,60) Қозғалтқыштардың механикалық сипаттамалары және оларды анықтайтын шамалар.
Электр қозғалтқышының механикалық сипаттамасы деп оның бұрыштық сипаттамасының айналдырушы иінкүшіне тәуелділігін ω=f(M) атайды.
Электр жетегі механикалық сипаттамасының қатаңдығы деп электр қозғалтқышының электр магниттік иінкүштерінің айырмасының электр жетегінің бұрыштық жылдамдықтары айырмасына қатынасын атайды.
.
Механикалық сипаттамалардың түрлері:
а) иінкүш өзгерген кезде жылдамдық өзгеріссіз қалатын абсолютті қатаң механикалық сипаттама, бұл сипаттама синхронды қозғалтқыштарда болады (1.3.2 - суреті, 1 қисығы);
1.3.2 - сурет. Электр қозғалтқышының механикалық сипаттамалары
б) иінкүш өзгерген кезде жылдамдықтың өзгеруі өте аз болатын қатаң механикалық сипаттама, бұл сипаттама тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштарында болады (2 қисығы);
в) иінкүш өзгерген кезде жылдамдық біршама өзгеретін жұмсақ механикалық сипаттама (3 қисығы);
г) жылдамдық өзгерген кезде иінкүш өзгеріссіз қалатын абсолютті жұмсақ сипаттама, бұл сипаттама «қозғалтқыш – ток көзі» жүйесінде орын алады (4 қисығы).