Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elektr_zhetek_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316.2 Кб
Скачать

17,31) Электр жетектің атқаратын атқаратын функциялары.

Электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру үшін және түрлендірілген электр энергиясымен басқарудағы электрмеханикалық құрылғы электржетек деп аталады.

Жетектің басқару ЖБ жүйесі, күштік КЖБ және ақпараттық құраушыларымен бірге, қоректі Uc,Ic,fc параметрлерімен және оларды ЭД қозғалтқыштың қоректенуі үшін соңғы механикалық параметрлер мен моменттің МВ айналу жиілігінің ωВтүрлендірілуі үшін және олардың орындаушы механизмге ОМ жіберу қызметін атқарады.

Автоматтандырылған электр жетегі деп жұмысшы машинаның атқарушы органдарын қозғалысқа келтіру үшін алдын-ала тағайындалған электр қозғалтқыштық, түрлендіргіштік, берілістік және басқару құрылғыларынан тұратын электр механикалық жүйені атайды. Электр энергиясын механикалық энергияға тікелей түрлендіретін негізгі элемент – қозғалтқыш болып табылады. Қозғалтқыш түрлендіруші және басқарушы құрылғылардың көмегімен өндірістік механизмнің талаптарына жауап беретін сипаттамаларды пішіндеуге рұқсат береді.

Автоматтандырылған электр жетегінің құрылымдық сипаттамасы 1.1.1 суретінде көрсетілген. Онда өзара байланысқан екі жүйені белгілеуге болады:

а) күштік ажыратқыштан КА, күштік түрлендіруші бөліктен Т, бұрыштық жылдамдық ω кезіндегі қозғалтқыштың иінкүші М әсер ететін ротор массасы бар РД энергияның электр механикалық түрлендіргішінен ЭМТ тұратын энергияны электр механикалық түрлендіруін іске асыратын ақпараттық-энергетикалық жүйе;

б) ақпаратты өңдеу жүйесі қорғау және бақылауды басқару функцияларын орындайды. Ақпаратты өңдеу жүйесінің функционалды кіріс шамалары – беруші айнымалылар W және кері байланыстардың r айнымалылары. 1.1.1 - суретінде жұмысшы машинаға ЖМ берілетін ток, кернеу, иінкүш, айналу жиілігі және күштеуі бойынша кері байланыстар көрсетілген. Ақпаратты өңдеу жүйесінің шығыс шамалары белгілі мақсатқа бағытталған әсерлер ретінде күштік бөліктің басқарылатын элементіне (күштік ажыратқыш, түрлендіргіш, редуктор және т. б.) беретін басқарушы айнымалылар J болады. Ақпараттық айнымалылар V қызмет көрсетуші адамдарға немесе басқарудың жоғарғы деңгейіне бағдарлау үшін қызмет етеді. Басқарушы Б және ақпараттық V айнымалылар беруші шамалар W мен белгілі логика бойынша ақпаратты өңдеу құрылғысына енгізілген кері байланыстар r айнымалыларынан құралады.

Электр жетегі жүйесі оның типіне тәуелсіз, белгілі бір сыртқы функцияны x = f(w,z) орындайды. Басқарылатын шама (мысалы, айналу иінкүші, жиілік немесе қозғалтқыш білігінің орны) берілетін сигналдың шамасына W, сонымен бірге бір немесе бірнеше әсер етуші әрекеттерге Z тәуелді.

Автоматтандырылған электр жетегі жүйелері автономды құрылғы ретінде (көтергіштер, лифттер, транспортерлердің электр жетегі) немесе кешенді автоматтандырылған жүйелердің негізгі элементтері ретінде де жұмыс істейді. Мұндай жүйелерде басқару мәселелері бірнеше деңгей бойынша орналасады.

1.1.1 – сурет. Автоматтандырылған электр жетегінің құрылымдық сұлбасы: 1- электр энергиясының ағыны; 2 – механикалық энергияның ағыны; r – кері байланыстар айнымалылары; V – ақпараттық айнымалылар; W – беруші шамалар; Б – басқарушы айнымалылар; Z - әсер етуші факторлар;

Төменгі деңгейлерде бір-бірімен технологиялық байланыс арқылы байланысқан және жоғарғы деңгей басқаратын функционалды топтарды құрайтын автоматтандырылған электр жетегі жүйесі орналасқан. Жоғарғы деңгей құрылғысын адам немесе келесі одан жоғарғы деңгейдің ақпаратты өңдеу құрылғысы басқарады. Осы текті құрылғылар, мысалы метал өңдеуші және мұнай өңдеуші өнеркәсіптің, станоктар мен басқа автоматты басқару жүйелерінің ЭЕМ – нен басқарылатын технологиялық жүйелерде қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]