Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.87 Кб
Скачать

13.Тепе-теңдік валюта бағамы. Шетелдік валюта бағамы құнының қалқымалы және бекітілген валюта бағамы тәртібі жағдайында өзгеруі

Тепе-теңдік валюта бағамы- халықаралық саудадағы шектеудің болмау шартында төлем балансында тепе-теңдікті және капитал мен шамадан тыс жұмыссыздықтың жылыстау және түсіміне себеп болатын арнайы мотивтерді қамтамасыз ететін валюта бағамы болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда,

Валюта бағамынын қозғалысына орталық банк шетел валютасын сату мен сатып алу арқылы жүргізілетін валюта интервенцияларымен әсер етеді. Айналымнан ұлттық валютаны шығару арқылы орталық банк елдің төлем балансы дефициті кезінде бағамды жоғарылатуға(құлдырауын тежеуге) мүмкіндігі бар. Керісінше, шетел валютасын сатып алу арқылы, ол ақша массасын ұлғайтуын төлем балансы оң сальдосы кезінде ұлттық ақша бірлігінің бағамын төмендетеді Сонымен бірге ұлттық валюта қалқымалы валюталық бағам кезінде төлем балансының жағдайына байланыссыз алыпсатарлық факторларға өте әсерлі болады. Оның бағамын және сыртқы экономикалық тепе-тендікті қолдап отыру еркін айналымдағы валюта қорларының зор көлемі болуын қажет етеді. Бағамға интервенция арқылы әсер ету бағытты болғанымен, қысқа мерзімді сипатта болады. Негізінен валюталық интервенцияның мақсаты ұлттық валютаның бағамының валюта рыногындағы жағдайын мемлекеттегі экономикалық жағдайына сәйкестендіріп, оның төмендеп, не жоғарылап кетуін болдырмау. Сонымен қатар валюталық интервенцияның тиімді болуы, оның әсерінің ұлттық валюта бағамының өзгеру тенденциямен сәйкес бағытталған кезде болады. Одан басқа сыртқы рыноктардағы валюта интервенциялары іші резервтерінің көлеміне тікелей әсер етіп, сол арқылы айналымдағы ақша мөлшеріне әсер етеді. Бірақ бір ақша-несие саясатын ішкі нарықта жүргізу мен сыртқы валюта рыноктарындағы экономиканың белсенділікті бөлу мүмкіндігі бар. Бұл әдіс стерилизация деген атауға ие болып, сыртқы рыноктағы шетел валютасында көрсетілген активтердің әрбір сатылуын, ел ішінде бағалы қағаздын ашық рыногында сондай көлемде сатып алумен қатар жүргізіледі. Және, керісінше сыртқы рыноктағы әрбір сатып алу ішкі рыноктағы сондай көлемде сатумен жүреді.

Нарықтық жағдайында шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс әрдайым өзгеріп отырады.Бұл өзгерістерге көптеген факторлар әсер етеді және бұл үрдіс жиыны халықаралық экономикада мемлекеттің орнын өзгеруіне әкеліп соқтырады. Соған орай ұлтық валюта бағамыда өзгереді.бұл валюта бағамының қалқымалы және бекілген режиміндегі өзгеріске келуіндегі экономикалық мәні әртүрлі келеді. Егер мемлекет қалқымалы валюта бағамы режимін ұстанса, онда өзгеріс нарықтық жағдайдағы сураныс пен ұсыныстың әрекеттесуінен болатын үрдіс болып табылады. Нәтижесінде ұлттық валютаның құнсызданады,яғни бұл ал шетел валютасының керісінше қымбаттауына әкеледі немесе ұлттық валюта қымбаттайды, бұл шетел валютасының құнсыздануына әкеліп соқтырады.

14. Валюталардың сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдік теориясы

Сатып алу қабілеттігі паритетінің теориясы бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін швед экономисті Густав Касселмен ұсынылған болатын. 20 ғ. басында алтын стандартты алып тастағаннан кейін, бұл теория маңызды рөл атқарды, себебі жаңа шарттарға сәйкес валюта бағамын орнатуды түсіндіруді талап етті. Бұл теорияның негізгі идеясы – валюта бағамдары міндетті түрде елдегі ішкі баға деңгейімен байланысты болуы тиіс. Ішкі баға деңгейінің валюта бағамына тікелей әсерімен қатар, ішкі бағаға бағамның кері әсері де болуы тиіс. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі (purchasing power parity, PPP) — әр елдің өзгермеген баға деңгейінде түрлі валюталардың сатып алу қабілеттігінің тепе теңдігі. Мысалы: Ресейдегі орташа баға АҚШ қарағанда, рубль бойынша 6 есе жоғары болса, онда рубльдің долларға айырбас бағамы 6 руб./долл болуы тиіс. Яғни, шынайы бәсекелестік (транспорттық шығындар мен мемлекет аралық кедергілердің толық жоқ болуы кезінде) кезінде түрлі елдер нарығында бірдей тауарлар бірдей бағада сатылады.

Бірыңғай баға заңы (law of one price) — шынайы бәсекелестік шарттарында түрлі елдердегі бір тауар бірдей бағаға ие болады, егер ол бірдей валютамен көрсетілсе.

Бірыңғай баға заңы формуласы:

Рid = Ed/f * Рif

Мұндағы:

Рid — мемлекет ішіндегі тауар бағасы;

Рif — осы тауардың шетелдегі бағасы;

Ed/f — валюта бағамы; Бірыңғай баға заңы түрлі елдерде сатылатын бір нақты сатылатын тауарға жатқызылады. Жетілдірілмеген бәсекелестік салдарынан және қолда бар транспорттық шығындар мен елдер арасындағы сауда кедергілері салдарынан бірыңғай баға заңы сақталмайды. Егер транспорттық шығындар мен сауда кедергілері тұрақты болып қалса, тауарлар дәл бірдей және елдер арасында сауда бар болса, онда олардың бағалары тізбектелген қозғалыста болуы тиіс. Автокөліктер - түрлі модельдері, цемент – түрлі маркаларда, ұн – түрлі сорттарда және т.б. Халықаралық сауда үшін кей тауарлар сатылымға түспейді (хим. тазалау қызметі, құм, ғимарат арендасы), сондықтан оларға бағаларының елдер арасындағы айырмашылығы ұзақ уақытқа созыла алады. Абсолютті сатып алу қабілетінің паритеті – екі елдің валюталарының айырбас бағамының арақатынасы осы елдердегі бағаларының деңгейіне байланысты. Абсолютті СҚП формуласы: Егер: Рd —ішкі бағалар деңгейі,

Pf — шет елдегі бағалар деңгейі,

Ed/f.— валюта бағамы,болса онда:

Ed/f= Рd/ Pf

Сонымен қатар ортақ бағаны есептеу үшін екі елде бірдей тұтынылатын тауарлармен қоржын жасалады, екеуінің бағасын ұлттық валютада есептейді, содай кейін екі бағаны салыстырып валюта бағамын анықтайды. Егер екі елдегі баға мөлшері өзгерсе, онда валюта бағамы да өзгереді. Мысалы: Егер А елінде бағалар 50% өсіп, Б елінде өзгеріссіз қалғанда, онда А елінің валюта бағамы Б елімен салыстырғанда 50% төмендейді. Салыстырмалы сатып алу қабілетінің паритеті - екі ел валюталары арасындағы айырбас бағамының осы елдердегі баға деңгейінің салыстырмалы өзгерісіне пропорционалды өзгерісі.

P od – базалық жылдағы ішкі баға деңгейі

P of - базалық жылдағы шетелдік баға деңгейі

Eod/f - базалық жылдағы валюта бағамы

P 1d ағымдағы жылдың ішкі бағаның деңгейі

P 1f ағымдағы жылдың шетелдік бағаның деңгейі

E1d/f ағымдағы жылдың валюталық бағамы

P 1d / P od

E1d/f = P 1f / P of

Формуладан көріп тұрғанымыздай салыстырмалы сатып алу паритеті теориясына сәйкес валюта бағамын анықтау үшін әр жылдағы тепе-тең валюта бағамы және базалық бағам және екі елдегі бағалардың индексін білу керек. Салыстырмалы сатып алу паритеті теорисяна қатысты тепе-тең валюта бағамын анықтау әдісі: πd – πf =

Сол жағындағы: ел ішіндегі (πd) және шетелдегі (πf) инфляция қарқыны айырмашылығы, оң жағындағы: ұлттық валюта бағамының өзгерісі.

15. Пайыздық мөлшермелер (ставкалар) паритеті теориясы. Фишердің әсері Пайыздық қойылымдар паритетінің теориясы- бізге валюта бағамына пайыздық қойылымдардың әсерін көрсетеді. Жалпы тепе-теңдік теориясы мен салыстырамалы қойылымдар теориясы валюта бағамының дамуының ұзақ мерзімді перспективаларын анықтайды. Оның себебі, тауарлардың бағалары макроэкономикалық жағдайлар өзгергеннен кейін бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана өзгереді. Мысалы, ақша теориялары валюта бағамының қысқа мерзімді тербелісін түсіндіреді. Ақша теориясында маңызды теория пайыздық қойылымдар теориясы. Бұл теория бойынша валюта бағамына пайыздық қойылымдар әсерін тигізеді. Пайыз қойылымы паритеті ( in terest rate parity — ел ішіндегі және шетелдегі көлемдері бойынша тең депозиттердің бір валютаны аударуда бірдей пайда беретін пайыз қойылымының деңгейі.

Пайыз қойылымы паритеті концепциясынан тепе-тең валюта бағамын анықтауға болады.

Пайыздық қойылым- қаржы активтерінен түсетін табыс. Мысалы, инвестор өз ақшасын пайызға әкелетін қаржы активтеріне жұмсасын. Оның алдында таңдау болады. Өз елінде ұлттық валютамен немесе шетелде шетелдік валютамен инвестициялау керек. Бұл таңдау мәселесін шешу үшін, ол ең кемінде 3 экономикалық көрсеткішті қарастырады:

  • Өз еліндегі пайыздық қойылым

  • Шетелдегі пайыздық қойылым

  • Валюта бағамының болашақта өзгеруін

Ұлттық валюталардағы шетелдік инвесторға табыс шетелдегі пайыздық қойылымдар немесе ұлттық валюта бағамының құнсыздану/ өсуі

Егер, r d - ҰПҚ , r f - ШПҚ,

E t - ұлттық валютаның t уақыттағы айырбас бағамы

E t+1 - Ұлттық валютаның t +1 болашақтаға айырбас бағамы

µ- инвестордан күтілетін табыс

Егер, осы айырма теріс болса, инвестор шетелде табысты көп қамтамасыз етеді.

Егер, қаржы активтерінің халықаралық қозғалысына ешқандай кедергі болмайтын болса, онда капитал төмен пайыздық қойылымы бар елден жоғары пайыздық қойылымы бар елге ауысады.

Пайыздық қойылымдар паритетінің шартын басқаша анықтауғы болады.

Шетелде және өз еліндегі пайыздақ қойылымдар айырмашылығы ұлттық валютаның шетелдік валютаға қатысты валюта бағамының өзгеруіне тең болады.

Осыған орай ұлттық валютаның бағамы өседі егер,ұлттық пайыздық қойылымдар өсетін болса, ал шетелдің валюталық қойылымдар төмендейтін болса немесе болашақта ұлттық валютаның өсуі болса. Фишер эффектісі – пайыздық қойылымдар мен инфляция қарқындарының арасындағы өзара байланысын көрсетеді. Ұзақ мерзімде валюта бағамының өзгеруі келесі формулаға сәйкес болады.

, π - инфляция деңгейі

Фишер эффектісіне сәйкес:

  • номиналды пайыз қойылымының артуы нақты пайыз қойылымынң артуы салдарнынан ұлттық валюта бағамының артуына алып келеді.

  • номиналды пайыз қойылымының артуы инфляция күтімінің артуы салдарынан ұлттық валюта бағамының кемуіне алып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]