Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.87 Кб
Скачать

12. Еуропалық валюталық одақтың (ево) қалыптасуы мен даму кезеңдері. Қазіргі жағдайдағы еурозона

ЕО 1957 жылы алты елден құрылған жалпы көмір және болат нарығынан 27 елдің саяси одағы интеграцияланған шаруашылық кешеніне дейін ұзақ жолды бастан кешірді. Экономикалық интеграцияның ажырамас бөлігі валюталық интеграция болып табылады – валюталық саясаттың координация процесі, валюталық реттеудің ұлтүстілік (наднационального) механизмінің қалыптасуы, мемлекетаралық валюта-несиелік және қаржылық ұйымдардың пайда болуы. ЕО-тағы валюталық интеграцияның қажеттілігі келесі себептерге негізделген:

1. Тауарлар қозғалысын, капиталдарды, жұмыс күшін либерализациялау кезінде ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігін күшейту үшін валюталық тұрақтылық қажет болды.

2. Ямайка әлемдік валюталық жүйесінің тұрақсыздығы валюталық тұрақтылық зонасын құру арқылы ЕО-ты тұрақсыздық тудыратын сыртқы факторлардан алшақтатуды талап етті.

3. Батыс Еуропа Ямайка валюта жүйесі негізделген доллардың ықпалын шектеу үшін бірыңғай валютамен әлемдік орталық болуға ұмтылуда; Япония жағынан дамып келе жатқан бәсекеге қарсы тұру.

«Делора жоспары» негізінде 1991ж желтоқсан айына қарсы Еуропалық Одақ туралы валюталық-экономикалық одақтың кезең-кезең бойынша құрылуын қарастыратын Маастрих келісімі жасалынды. 1992 ж ақпан айында Маастрихте (Нидерланды) Еуропалық одақ туралы келісімге ЕО-ның 12 елі қол қойды, 1993 ж 1 қарашасында ратификацияланып, күшіне енді. Кейіннен ЕО-ға Австрия, Финляндия, Швеция қосылды. ЕВО экономикалық даму көз қарасы бойынша 7 кезеңді бөліп көрсетуге болады:

1 кезең – 1947-1957 жж – еуропалық экономикалық интеграцияның басы, Еуропалық төлем одағының құрылуы.

2 кезең – 1957-1974 жж – Еуропалық экономикалық ынтымақтастықтың пайда болуы, «Вернер жоспары».

3 кезең – 1974-1985 жж – алғашқы еуропалық есеп бірлігінің енгізілуі – ЕЕБ (European unit of account - EUA), Еуропалық валюта одағын құру туралы шешім, еуропалық валюталық бірлігінің пайда болуы «ЭКЮ» (European currency unit - ECU).

4 кезең – 1985-1992 жж – «Еуропалық валюталық кеңістікті және Еуропалық орталық банкті құру туралы» меморандумның құрастырылуы және құрылуы.

5 кезең – 1992-1999 жж – Маастрих келісініне қол қою, Батыс Еуропада Экономикалық және валюталық одақты құру жолдарын және мақсаттарын анықтау, Еуропалық валюталық институттың құрылуы, евроны енгізу жоспарын құрастыру және жүзеге асыру.

6 кезең – 1999-2001 жж – евроны безналичный айналымға енгізу.

7 кезең – 2002 жылдан қазірге дейін – евроны наличный айналымға енгізу, жаңа елдердің валюталық одаққа қосылу жоспарын құрастыру және жүзеге асыру.

1999 жылы 1 қаңтарда ЕО-қа мүше 15 мемлекеттің 11-і Маастрихт критерилерін қанағаттандырып еурозонаны қалыптастырып, ресми түрде евроны қолма қолсыз ақшаны айналымға жіберді. Греция еурозонаға 2001 ж 1 қаңтарында қабылданды. Нақты ақшалар мен банкноттар айналымға 2002 ж 1қаңтарында енгізілді. Словения еврозонаға 2007 ж 1 қаңтарында қабылданды. Кипр мен Мальта 2008 ж 1 қаңтарында еврозонаға кірді. Словакия – 2009 ж 1 қаңтарында, Эстония – 2011ж 1 қаңтарында кірді. Қазіргі таңда оның құрамына 325 млн. астам халқымен 17 мүше-елдер кіреді. ЕО-тың он елі евроны қолданбайды. Дания мен Ұлыбритания қазіргі қолданыстағы маастрихт келісімінен арнайы жеңілдіктер алды. Екі елден де олардың өкіметтері бұл мәселені шешпейінше еврозонаға міндетті ретте кіру талап етілмейді: парламентте сайлау арқылы немесе референдум жүргізу арқылы. Швецияда евро енгізуге қарсылық көрсету себебі мемлекетте өткізілген референдум арқылы швед қоғамының еврозонаға кіруге қарсылығын көрсетуі. Оның нәтижесіне Еуропалық Комиссия толерантты түрде қарауда. Дегенменде, Комиссия Еуроодақтың болашақ мүшелерінің мұндай қылықтарының енді қайталанғанын көтермейтінін жариялады.

ЕВО-тың құрылуы заңды құбылыс. Бұл валюталық жүйе батысеуропалық интеграциясы негізінде меншік валюталық орталық құру мақсатында пайда болған. Бірақ, әлемдік валюталық жүйенің ішкі бөлігі бола тұра, ЕВО әлемдік валюталық жүйенің тұрақсыздығының жағымсыз зардабын және АҚШ долларының ықпалын сезінуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]