Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.87 Кб
Скачать

10. Валюталық интеграция және валюталық одақтар: мәні мен түрлері

Қазір халықаралық қаржы сферасында жаһандану үдерістері жедел дамуда. Соңғы екі онжылдықтың аралығында капиталдың халықаралық қозғалысының процесстері күрт кеңейіп, жылдамдады. 2011 жылы әлемдік валюта нарығының орта тәуліктік айналымы 2 трлн.доллардан асып түсті. Оның көлемі өскен сайын мемлекеттік ақша жүйелерінің бірігу процесстері жылдамдай бастайды. Аяғында бұл процесстер валюталық интеграция мен валюталық одақтарды құруға алып келеді.

Валюталық интеграция- аймақтық валюталық зоналардың пайда болуы объективті процесс, оның шеңберінде валюталық бағамдардың салыстырмалы (қатысты) тұрақты арақатынастары қамтамасыз етіледі. Қатысушы елдердің валюталық өзара байланыстарының біріккен реттеуі және басқа 3-елдерге қатысты біртұтас валюта саясаты қалыптасады. Валюталық интеграцияның ең маңызды факторы - әлемдік экономиканың қаржылық кеңістіктің жаһандануы, бұл өзгерістер аймақтық қаржылық нарықтардың, сол сияқты ұлттық қаржылық жүйелердің бірігуіне әкеледі.

Валюталық интеграцияның күрделі түрі – валюталық одақ. Валюталық одақ – бірнеше елдерде ортақ валюта орнату. Валюталық одақ мынадай белгілермен сипатталады: 1) ұлттық валютаның үйлесімді (бірлескен) ауыстырылуы; 2) қатысушы елдердің Орталық банкілерден қолдау көрсетілген валюта бағамымен келісе отырып орнату; 3) бірыңғай аумақтық валютаны құру; 4) осы халықаралық бірліктің эмиссиондық орталығы болатын бірыңғай аумақтық банк құру;

Валюталық интеграцияның себептері:

1) валюталық интеграция біріккен елдердің дамуына жағымды әсерін тигізеді, әсіресе экспортқа бағытталған салаларға.

2) валюталық резервтерді үнемдеу

3) АҚШ долларына әлемдік аренада қарсылық жасау

4) Қазіргі әлемдік экономиканың даму ерекшеліктері: жаһандану мен бәсекелестіктің күшеюі

5) Ортақ валюта енгізу – трансакциондық шығындарды азайту.

Валюталық интеграцияның мақсаттары:

1) Ұлттық валюта позициясын күшейту

2) сыйымды қаржылық нарықтарды құру

3) Әлемдік валюта қаржылық жүйеде маңызды орынға ие болу

Қазір валюталық салада аймақтық өзара әрекеттесудің 3 негізгі жолы бар:

1) Батыс Еуропалық

2) Латын Америкалық

3) Америкалық

11. Р. Манделлдің оптималды валюталық аймақ теориясы

Оптималды валюталық аймақ (ОВА) теориясын Р.А. Манделл айналымға енгізген. Ғалым бекітілген валюта айырбас бағамын орнату немесе ортақ валютаға енудің өзіндік артықшылықтарын енгізді. Кең мағынада, валюталық аймақ ол шығындарды азайту үшін ортақ валютаны қолдануға болатын немесе валюта айырбас бағамының котировкасына сақталған басқа аймақтардың валюталарын орнататын аймақ.

Оптималды валюталық аймақ теориясы – егер қаржы әлем жүйесіндегі елдің интеграция деңгейі және өндіріс факторы мен тауар ағымдарының жылжуы жоғары болса, ішкі және сыртқы балансқа жету үшін тиянақталған валюта бағамы қалқымалы бағамға қарағанда әлде қайда тиімдірек.

Манделдің ғылыми тәжірибелері үлкен практикалық мәнге ие. Олар еуропалық ортақ валютаға зияткерлік негіздеме болды. Ғалымның, бірнеше елдер бірігіп, ортақ валютаны ұстанудың артықшылықтарын енгізгеннен кейін Еуропаның кейбір елдерін еуроны жасауға ынталандырды. 35 жылдан кейін бұған 11 мемлекет кірді.

Оплималды валюталық аймақтың құрылуы тұрақсыздықты шектеп, аймақтың(зона) мүше елдерімен немесе облыстар арасында инвестицияны, сауды ағымын және өндірістің мамандауын ынталандырады,әрі ОВА-ң құрылуы оның территориясын ортақ нарық ретінде қарастырып, өндірісте үлкен эффект көлемін қолданады.

ОВА-ң құрылуы мына жағдайларда ғана тиімді болады: 1.мәміле бойынша мүше елдердің арасындағы ресурстардың жоғарғы деңгейдегі мобильдігі болса;2. Осы елдердің экономикасының құрылымы ұқсас болғанда; 3. Бюджеттік, ақшалай-кредиттік және т.б.саяси жақтарын үйлестіргісі келсе.

Валюталық аймақы құрудың мақсаты шығындарды азайту және бекітілген валюта бағамынан пайданы көбейту.

Валюталық аймақ – бір-біріне өзгеріссіз белгіленген және басқа елдердің валютасына қатысты бірдей өзгеріп отыратын ортақ валюта немесе бірнеше валютасы бар географиялық аймақ

Валюталық аймақ (currency area) – екі немесе одан да көп егеменді елдер арасындағы жабық ақшалай байланысты айтады. Жабық ақшалай байланыстар 3 интеграция формасынан пайда бола алады: Валюталық интеграция, Қаржы нарықтарының интеграциясы, Саяси интеграция. Оптималдықтың критерийлері:

  • Экономиканың салыстырмалы мөлшері сауда интеграциясы, ашықтық деңгейі

  • Экономикалық құрылымдардың иілгіштігі

  • Мобильділік факторы

  • Экономиканың біркелкілігі (Гомогенность

  • Қолдау (поддержка) ресурстарына мүмкіндік беру

  • Абсолютті тұрақтық

Оптималды валюталық аймақ теориясын зерттеу кезінде әлемдік экономикада 60 жылдардың басында Бреттон – Вудс жүйесінің келісімімен бекітілген бағам айырбасы белгіленген. Сол кезде көптеген зерттеушілер бекітілген және қалқымалы айырбас бағамдарының артықшылығы мен кемшілігі туралы көп ойланды. Бірақ ұлттық валютаның болуы аксиома деп саналды.

Ортақ валютаның артықшылығы: саудадағы транзакциондық шығындардың аз болуы және салыстырмалы бағалар ға қатысты белгісіздіктің аздығы

Ортақ валюта кемшілігі: ақша және несие тәуелсіздігін жоғалту

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]