Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.87 Кб
Скачать

9. Алтынның әлемдік нарығы және оның қазіргі заманғы әлемдік валюта жүйесіндегі рөлі

Алтын нарығы-бұл алтынға сұраныс пен ұсыныстан тұратын және оның сауда саттығы жүйелі түрде іске асатын алтынның сауда орталықтары. Әлемдік алтын нарығы мынадай процесстерді қамтиды : өндіру; бөлу; тұтыну. Әлемнің алтын нарықтары: Батыс Европада -11нарық - Лондон, Цюрих, Париж, Женева, Франкфурт т.б ; Азия - 19 нарық - Токио және Бейрут,Гонконг т.б; Америка- 14 нарық , олардың 5-і АҚШ-та; Африка - 8 нарық.

Мемлекеттің реттеу дәрежесіне қарай:

  1. әлемдік - Лондон, Цюрих, Франкфурт, Чикаго, Гонконг;

  2. сыртқы еркін - Милан, Париж, Рио-де-Жанейро;

  3. жергілікті бақыланушы - Афина, Каир;

  4. қара нарық - Бомбей.

Лондон алтын нарығы 1919жылдан бастап әрекет етеді

Негізгі қатысушылары: Фирма, клубтар, алтын брокерлері. Лондондағы алтын нарығының бағасы анықтамалық мәлімет ретінде қолданылады

Цюрих, Швейцария алтын нарығы

  • 70 жылдардан бері алтын саудасының көшбасшысы

  • 80 ж бастап жылына 1200т-дан 1400т-ға дейін алтын сатқан және әлемдегі алтын саудасының орталығы болды

  • Цюрих Европадағы алтын саудасының орталығы

  • Әлемнің көптеген елдеріне өндірілген алтынның 60 %-ын сатады

  • Щвейцария арқылы әлем бойынша алтынға өндірістік сұраныстың жартысы өтеді

Нью-Йорк,АҚШ алтын нарығы

  • Нью-Йорк алтын нарығы 1974 ж 31 желтоқсанда пайда болды

  • XX ғ 30 жылдары Чикагода фьючерстік келісім шарт орталықтары әрекет ете бастады

  • Алтын сатудың фьючерстік контрактілерінің 90 проценті жүзеге асады

Әлемдік экономикада алтын ролі мен мәнінің эвалюциясы бірнеше кезеңдерден өтті,яғни:

1. Алтын стандарт. Айналымда жүрген ақша көлемі (ақша ұсынысы) елдің алтын қорына қатал түрінде сәйкес болатын.

2. Генуэзия валюта жүйесі.30 елдің ақша жүйесі алтындевиздік стандартқа негізделді. Алтын паритеті сақталынды

3. Бреттон-Вуд жүйесі. Алтын доллар (алтын валюта) стандарты бекітілді

4. Ямайка валюта жүйесі. Алтынның демонетизациясы

Елдердің алтын резервтерін сақтау себептері

1. Ресми активті резервтердің диверсификациясы 2. Физикалық қорғаныс 3. Экономикалық тұрғыдан қорғалғандық 4. Кіріс

5. Сақтандыру 6. Сенім

7. Бірқатар ақша қызметін атқарушы қаржылық актив.

Валюта нарығындағы алтын ролінің өзгеруі (ХХ - ХХІ )

Кредиттік ақшалар алтынның ішкі және халықаралық айналымнан ығыстырып шығарды;

Қазіргі кезде алтын қоры 3 түрлі формада болады:

  1. қазыналық және мемлекеттік банктердегі орталықтандырылған қоры ретінде;

  2. заңды және жеке тұлғалардың(банк, фирма) жекеменшік жинақтамалары;

  3. Алтын металл экономика саласында қолданылады,мысалы: зергерлік және тіспротездік бағытта

Алтынның ақша ролін атқарудан қалуының себептері:

  • объективті факторлар

  • Алтын ақша қазіргі тауарлы өндірістің қажетіне лайық емес

  • Ақша кредиттік қатынастарының дамуы- банкноттар,чектер,вексельдердің пайда болуы біртіндеп алтында сыртқы ақша тұрғысынан кейіннен халықаралық валюталық қатынастардардан ығыстырып шығарды

  • субъективті факторлар

  • АҚШ-тың валюталық саясаты, алтын операцияларын мемлекеттік реттеу, алтынның ақша міндетін атқарудан қалуын жеделдетті

Алтынның әлемдік валюта жүйесіндегі ролі

  • Төтенше әлемдік ақша. Дағдарыс кезінде алтынның төтенше әлемдік ақша ретіндегі ролі артады

  • Халықаралық несиелерді қаматамасыз етеді;

  • Нақты түрде байлықты анықтайды, көрсетеді

  • ЦЭБ өзінің алтын резервтерін айырбас ретінде, сыртқы қарыздарды өтеу үшін және төлем балансындағы дефицитті жабу мақсатында халықаралық несиені қаматамасыз ету үшін қолданады

  • Мемелкеттер экономикалық, саяси,соғыс қиындығынан сақтану үшін алтын резервтерін жинайды

  • Алтынның халықаралық валюталық өтілімділігіндегі үлесі 50%.

Осылайша алтынның қазіргі замандағы орны кедей н/е бай елдерде үшін жай ғана зат емес: бірқатар ақша қызметін атқарушы қаржылық актив және экономикалық тұрғыдан қорғалғандық. Яғни, алтын қазірдің өзінде валюталық металл қаситетін жалпыға ортақ тауар және төтенше әлемдік ақша түрінде сақтап келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]