Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.87 Кб
Скачать

7 .Sdr: енгізу мақсаты, ерекшеліктері, бағамын есептеу және қазіргі заманғы әлемдік жүйедегі рөлі

SDR (Special Drawing Rights) – арнаулы борыштық құқық.

Енгізілуінің басты мақсаты: Бреттон-Вудс валюталық жүйесінің шеңберінде Триффин парадоксін жеңіп шығу, яғни, ұлттық табиғи және халықаралық сипатта қолдану қайшы көзқарасын өзгерту.

Бұл валюта емес, халықаралық резервтік актив болып табылады. Оны Халықаралық валюта қоры шығарып, мүше елдер арасында таратады. SDR-ді тек үкіметтер мен саны шектеулі халықаралық ұйымдар ғана ұстай алады.

SDR түріндегі қор ХВҚ-ға мүше өзге елдерден валюта немесе өзге актив түрін алу құқығын береді. 1998 жылы Қазақстанның ХВҚ-дағы квотасы 365 миллион SDR-ге дейін ұлғайтылды, яғни Қазақстан осыншалықты қаржыны өзге елдерге несиеге беруге әзір болуы тиіс.

Квота мөлшері ұлғайған сайын мемлекеттің ХВҚ жиындарында дауыс беру құқығы да артады. SDR бағамын Ұлттық банк анықтайды, қазіргі курсы – 240 теңгеге тең.

Халықаралық валюталық қордың әр мүшесі СДР түрінде көрсетілген, квотаға ие. Квота мүше-елдер мен Қор арасындағы қаржылық және ұйымдастырушылық сипаттағы қарым-қатынастардың негізгі элементі болып табылады. Сонымен қатар ол ХВҚ мүшелерінің дауыс саның анықтайды және әрбір елге 250 базистік дауыс беріледі. Әрбір елге 1 млн. СДР үшін 1 дауыс қосылып отырады.

2008 жылдың 1 қаңтарына ХВҚ-дың капиталы 217 млрд. СДР-ға тең болды. Ол қордың мүшелерінің жарналарынан құралады. Әдетте, әрқайсысы өз квотасының 25%-ын СДР-да немесе басқа мүшелердің валютасында, ал қалған 75%-ын өзінің ұлттық валютасында төлейді.

1998 жылы Қазақстанның ХВҚ-дағы квотасы 365 миллион SDR-ге дейін ұлғайтылды, яғни Қазақстан осыншалықты қаржыны өзге елдерге несиеге беруге әзір болуы тиіс.

8. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйесінің қызмет ету қағидаттары мен мәселелері

Қазіргі замандағы әлемдік валюталық жүйе әлемдік шаруашылық қатынастарда маңызды орын алады. Әлемдік валюта жүйесі – бұл әдістердің, құралдар мен мемлекет аралық органдардың жиынтығы, олардың көмегімен әлемдік шаруашылықта төлем-есеп айырысу операциялары жүргізіледі.  Әлемдік валюта жүйесі атқарымының сипаты мен тұрақтылығы оның құрылымдық қағидатының дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына, күштердің орналасуына және жетекші елдердің мүдделеріне сәйкес келуі дәрежесіне байланысты. Осы шарттар өзгергенде Әлемдік валюта жүйесі дүркін - дүркін дағдарысқа ұшырап отырады. Әлемдік валюта жүйесі ғалами әлемдік шаруашылық мақсаттарды көздейді. Олар: халықаралық айналымдысенімді төлемдік және есептесу қаражатымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету; халықаралық валюталық қатынастардың біршама тұрақтылығын және валюталық тетіктің әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерге және әлемдік орталықтар күштерінің ара салмағына икемділікпен бейімделу. Оның пайда болуы мен кейінгі эвалюциясы капитализация процестерінің объективті дамуын көрсетеді, халықаралық ақша саласында бара-бар жағдайлардың болуын талап етеді. Уақыт өткен сайын әлемдік ақша формалары мен халықаралық төлем жүргізудің шарттары өзгеріске түсе бастады. Әлемдік валюта жүйесінің даму заңдылығы ұлттық және әлемдік шаруашылықтың дамуының және этаптарының әске асу критерийлеріне байланысты. Әлемдік валюта жүйесіндегі дағдарыстар осыған сәйкес валюталық келеңсіздіктер туындағанда және әлемдік сауда мен халықаралық экономикалық қатынастарда валютаның қызметінің бұзылған туындап отыр.

Қазіргі уақытта әлемдік ақша функциясын екі валюта атқарады: АҚШ-тың ұлттық ақша бірлігі және халықаралық аймақтық еуропалық валюта – еуромен. Қазіргі таңда әлемдік валюта жүйесінде АҚШ долларының үстемдігі пайда болып отыр.Әлемдік валюта жүйесі долларға тәуелді болуда. АҚШ долларының қазіргі кездегі басты қарсыласы евро, яғни доллар алтын валюта резервінің 62%, ал евро 26% алып отыр. Егер де евро жоғалатын болса, онда АҚШ әлемдік валюта жүйесінде үстемдігін орнатады. Бұл жағдайда дағдарыстарда саяси және геосаяси қызығушылықтар басым болуы әбден мүмкін.

Әлемдік валюта жүйесі ұлттық валюта жүйесімен тығыз байланысты. Әйтсе де ұлттық валюта жүйесінің Әлемдік валюта жүйесінен міндеттері, атқарым және реттеу қағидаты, жекелеген елдердің экономикасына және әлемдік шаруашылыққа ықпал етуі жағынан өзгешеленеді. Бұл байланыс пен айырмашылық олардың элементтерінде көрініс табады. Әлемдік валюта жүйесі алғаш рет 19 ғасырда өздігінен қалыптасып, 1867 жылы Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заң жүзінде ресімделді. Онда алтын әлемдік ақшаның бірден бір нысаны деп танылды. Ұзаққа созылған валюталық аласапыраннан кейін 2 Әлемдік валюта жүйесі 1922 жылы Генуэ халықаралық экономика конференциясында үкіметаралық келісіммен ресімделді. 2 дүниежүзілік соғыстан кейін Бруттен Вудкелісімі негізінде 3 Әлемдік валюта жүйесі құрылды. Бұл келісім Бреттен Вудтта өткен валюталық қаржылық конференцияда(1944 жылы) қабылданды. Онда доллардың үстемдігіне негізделген долларлық стандарт бекітілді. Бреттен Вуд валюталық жүйесі әлемдік сауда мен өндірістің дамуына 25 жылдай септігін тигізді. Бұл жүйенің дағдарысы 1960 – 70 жылы басталды.Валюталық дағдарыстан шығу жолын ұзақ іздестіру нәтижесінде 1976 – 78 жылдары Ямайка валюталық жүйесі құрылды.1999жылы Еуропа экономикалық қоғамдастығына мүше елдер аймақтық Еуропа валюталық жүйесін құрды. Ол Әлемдік валюта жүйесі нің құрамдас бөлігі болып табылады.

Соңғы Ямайкалық валюталық жүйе еркін айырбасталатын курстарға негізделді және көпвалюталы стандарт болып табылды. Бұл жүйе мемлекетке фиксирленген, еркін немесе аралас валюталық курс режимін таңдауға мүмкіндік берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]