
- •1.Әлемдік, аймақтық және ұлттық валюта жүйелері: негізгі элементтері мен өзара қатынастары
- •2. Әлемдік валюта жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
- •3.Алтын стандарт валюта жүйесінің негізгі қағидалары мен ыдырау себептері
- •4. 1929-1933 Жж. Әлемдік экономикалық және валюталық дағдарыстар. Валюталық блоктар. Генуя валюта жүйесі
- •5. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қызмет етуiнің қағидаттары мен құлдырау себептері
- •6. Ямайка валюта жүйесінің негізгі шарттары. Алтынның демонетизациясы: себептері мен салдары
- •7 .Sdr: енгізу мақсаты, ерекшеліктері, бағамын есептеу және қазіргі заманғы әлемдік жүйедегі рөлі
- •8. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйесінің қызмет ету қағидаттары мен мәселелері
- •9. Алтынның әлемдік нарығы және оның қазіргі заманғы әлемдік валюта жүйесіндегі рөлі
- •XX ғ 30 жылдары Чикагода фьючерстік келісім шарт орталықтары әрекет ете бастады
- •10. Валюталық интеграция және валюталық одақтар: мәні мен түрлері
- •11. Р. Манделлдің оптималды валюталық аймақ теориясы
- •12. Еуропалық валюталық одақтың (ево) қалыптасуы мен даму кезеңдері. Қазіргі жағдайдағы еурозона
- •13.Тепе-теңдік валюта бағамы. Шетелдік валюта бағамы құнының қалқымалы және бекітілген валюта бағамы тәртібі жағдайында өзгеруі
- •14. Валюталардың сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдік теориясы
- •16.Валюта бағамдарының тәртібі. Бекітілген және қалқымалы валюта бағамдары
- •Валюта бағамдарының есептік және аралас (гибридті) түрлері
- •18. Валюта бағамдарының қалыптасу факторлары
- •19.Валюта котировкасы және оның әдістері. Сату бағамы, сатып алу бағамы. Кросс-бағамдары
- •20. Мемлекеттің валюталық саясаты: мәні, түрлері мен құралдары
- •21.Валюталық шектеулердің мақсаттары мен формалары
- •22. Орталық банктің валюталық интервенциялары: түсінігі, мақсаттары мен іске асыру механизімі
- •23.Қазіргі заманғы әлемдік валюталық нарықтың өзгешіліктері мен функциялары
- •25. Спот-келісімдері мен мерзімдік валюта келісімдері: ерекшеліктері мен түрлері
- •26.Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржада валютамен сауда жүргізудің ерекшеліктері
- •Форвардтік және фьючерстік валюталық операциялар: мәні және ерекшеліктері
- •28. Валюталық опциондар мен своптар: мәні, түрлері және ерекшеліктері
- •29. Валюталық тәуекелдердің мәні, пайда болу себептері және түрлері
- •30.Валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
- •31.Халықаралық есеп айрысудың түсінігі мен ерекшеліктері
- •32. Халықаралық есеп айрысудың формалары және оларды таңдауға әсер етуші факторлар
- •33.Әлемдік қаржы нарығы: ерекшеліктері, функциялары мен құрылымы
- •34. Халықаралық несие: мәні, қағидалары, функциялары мен түрлері
- •35. Еуровалюта нарығының пайда болу себептері мен қызмет ету ерекшеліктері. Еуровалюта түсінігі
- •36. Еурооблигациялар, еуровекселдер және еуроноталар нарығы
- •Еуробанктер. Еуронесиелер мен оларды жүргізу механизмдері
- •38. Халықаралық валюта қорының (хвқ) халықаралық валюта-несие қатынастарының реттеудегі рөлі
- •39. Бүкіләлемдік банк тобы: құрылымы және әлемдік қаржы нарықтарындағы рөлі
- •40) Халықаралық есеп айырысу банкі: функциялары мен негізгі операциялары
5. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қызмет етуiнің қағидаттары мен құлдырау себептері
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ әлемнің ең қуатты державасына айналды, әлемнің басқа жетекші елдерінің экономикалық жағдайы әлсіреді.
Бреттон-Вудс (АҚШ) қаласында ӛткен халықаралық конференция шешімдері негізінде заң жүзінде рәсімделген 1944 жылы Бреттон-Вудс валюта жүйесі – үшінші әлемдік валюта жүйесі пайда болды.
Алтын доллар (алтын валюта) стандарты бекітілді, себебі американ доллары алтынға айырбасталатын жалғыз валюта болатын.
35 АҚШ доллары = 1 алтын троя унциясы (1 троя унциясы - 31,1 г. ; яғни 1 доллар 0,88571 г. алтынға) қатынасы бойынша алтынға айырбасталды.
Бреттон-Вудс жүйесінің басты ерекшелігі - бекітілген шектеулерден аз алшақтайтын (±1%) қатаң белгіленген валюта бағамдарына ауысу
Алайда америкалық валютаны алтынға тек елдердің орталық банктері ғана айырбастай алатын, алтын, сонымен қатар халықаралық тӛлем және қор құралы ретінде қолданылды.
Бреттон-Вудс конференциясында тӛлем балансының ауыр тапшылығы туындағанда, ұлттық валюта тұрақтылығы жоғалған жағдайда мүше елдерге несие беруге және мүше елдердің ӛз міндеттерін атқаруын қадағалауға арналған екі ұйым – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) құрылды.
XX ғ. 70-ші жж. басында Батыс Еуропа елдері мен Жапония экономикасы күшейді, ал АҚШ-тың әлемдік экономикадағы рӛлі тӛмендеді.
Бреттон-Вудс валюта жүйесі әлемдік шаруашылықтын қажеттіліктеріне сәйкес болмады
Осыған байланысты Бреттон-Вудс валюта жүйесі құлдырай бастады.
1973 жылы АҚШ долларын алтынға айырбастау ресми түрде тоқтатылды.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон-вудс валюталық жүйесі дағдарысқа ұщырады. Бұл жүйенің құлдырау себептері келесідей:
Экономкалық тұрақсыздығы және қайшылықтар;
Бәсекелестік қабілетіне кері әсер етті;
Төлем балансының тұрақсыздығы, яғни кейбір елдердің балансында тапшылық болды (АҚШ, Ұлыбритания);
Бреттон-вудс жүйесінің қағидаларының әлемдегі өзгерістерге сәйкес келмеуі.
Евродоллар нарығының активизациялануы. Қаншалықты АҚШ, өзінің төлем балансының тапшылығын өз валютасымен жапқанымен де, оның долларының бір белігі Еуропа елдерінде евродоллар нарығының дамуын қолдау мақсатында шетелдік банктерде орналастырылған (80%-ға жуығы немесе 750 млрд. доллар).
6. Ямайка валюта жүйесінің негізгі шарттары. Алтынның демонетизациясы: себептері мен салдары
Төртінші (казіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды.
Ямайка валюта жүйесінің негізгі шарттары:
-СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланды (валюталық “қоржындағы” доллардың үлесі – 40%, ресми валюталық резервтерде – 60%-ға жуық);
-Бірақ Халықаралық валюталық қорға мүше елдерге валюталық паритеттерін кез келген валютада белгілеуге құқық берілді, соның негінде көп валюталы стандартқа өту зандастырылды;
-алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды: ресми баға, алтындық паритет алынып тасталып, доллардын алтынға айырбасталуы тоқтатылды;
-валюталық бағамдар режимін тандауға құқық берілді (1973 ж. 6 наурыздан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);
-ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.
-Орталық банктертерге алтынды жай тауар ретінде сату және сатып алуға рұқсат берілді;
-SDR стандарты енгізілді (special drawing Rights/қарыз алудың арнайы қүқығы. ХВҚ арнайы шоттарында жазба түрінде құрылған халықаралық активтер. SDR 1969 ж. құрылды).
Өз мәні бойынша Ямайка валюта жүйесі көпвалюталық стандарт жүйесі болып табылады. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйе Ямайка валюта жүйесінің шешімдері мен ұстанымдарының негізінде қызмет атқарады. Ямайка валюта жүйесі түпкі ойы бойынша Бреттон-Вудс жүйесіне қарағанда икемдірек болуы қажет және төлем баланстары мен валюта бағамдарының тұрақсыздығына икемделуі қажет.
Ямайка валюта жүйесінің ерекшелігі:
- алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір валютаның құрамында алтын жоқ;
- алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есепайырысу құралы СДР енгізілді;
- ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез келген валюта бағамының тәртібін пайдалануға құқық алды.
- Орталық банктертерге алтынды жай тауар ретінде сату және сатып алуға рұқсат берілді;
Демонетизация (фр. demonetіsatіon – атқарымның бірте-бірте жоғалуы).
1) мәнеттің ақша болудан қалуы, оның ресми тәртіппен айналымнан шығарылуы. Ақша болудан қалған мәнет тек оның құрамындағы металдың құнымен ғана бағалы;
2) алтын мен күмістің ақша атқарымын бірте-бірте жоғалтуы үдерісі. Алтынның демонетизациясы үдерісі іс жүзінде әлі аяқталған жоқ. Оның демонетизациясы бірқатар себептерге байланысты атап айтқанда, алтын ақша қазіргі тауар өндірісінің қажеттеріне сай келмейді, мұнда тауар өндірушінің экономикалық оқшаулануы еңсерілді; несиелік ақша алтын ақшаны ақша айналысынан және халықаралық валюталық қатынастардан бірте-бірте ығыстырып шығарды; мемлекет алтынмен операцияны реттеп отырады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыға ортақ, эквивалент рөлін атқаруды доғаруы.