Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.87 Кб
Скачать

3.Алтын стандарт валюта жүйесінің негізгі қағидалары мен ыдырау себептері

Алтын стандарт жүйесі ХІХ ғасырда стихиялы түрде қалыптасты және заңды түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді.Бұл жүйенің шығуына сол кездердегі Еуропа мен Солтүстік Америкадағы ірі өндірісі дамыған мемлекеттер арасында сауда төлемдерін орындау қажеттілігі себеп болған.

Париждік валюта жүйесі жай ережелерге негізделген және автоматы түрде валюта бағамдарының тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, халықаралық төлемдердің тепе-теңдігін қамтамасыз еткен. Бұл жүйенің негізгі белгілеріне: алтынның әлемдік ақша есебінде болуы; ұлттық валюта көлемін алтын көлеміне байланысты белгілеу; ұлттық валюталардың айырбастылымдылығы тек алтынмен жүретін болады.

Алтын стандарт жүйесінің негізгі қағидалары:

-Алтын әлемдік ақша рөлін атқарды және ақша тауары ретінде қолданылды.

-Әр ұлттық валюта алтын мазмұнына ие болды және оған сәйкес оның басқа валюталарға паритеті орнатылды (алтын паритет).

-Айналымда жүрген ақша көлемі (ақша ұсынысы) елдің алтын қорына қатал түрінде сәйкес болатын.

-Валютаны алтынға айырбастау, елге әкелу-шығару үдерісі еркін жүргізілді.

-Валюталардың айрбас бағамдары еркін орнатылатын, олардың ауытқуы алтынның экспорттық және импортық нүктелері шеңберінде шектелетін. Алтын стандартының артықшылықтары:

1) Ол нақты түрде инфляцияны болдырмады.

2) Алтын стандарт жүйесі қатты валюталық курсты қамтамасыз етті, белгісіздікті және тәуекелді төмендетуге әсер етті. Сәйкесінше халықаралық сауданың көлемін өсіруге ықпал етті.

3) Алтын стандарт халықаралық валюталық жүйенің ұзақ түрде тұрақтылығын қамтамасыз етті.

Алтын стандарт жүйесінің құлдырауының себептері:

-1-ші дүниежүзілік соғыс

-Ұлы депрессия

-Әлемдік сауданың көлемінің өсуі.

Осыған орай бұл жүйенің маңызды кемшіліктері болды. Алтын стандарт жүйесі аса қатал және жеткіліксіз икемсіз және қымбат, өйткені монетарлық тауар табыс деңгейіне тәуелді болды. Әлемдік валюта-қаржылық жүйенің дамуына аса кедергі келтірген алтын стандарт жүйесі жекелеген мемлекеттің өзінің валюта-ақша саясатын жасауга мүмкіншілігі болмауы болып табылады. Бұл мына үдерістермен түсіндіріледі, қағаз ақша эмиссия көлемі өсуі және ұлттық валютаның құнсыздануы салдарынан алтынның елге келу қарқыны бәсеңдейді, яғни алтын қоры азаюына әкеліп соғады. Осының салдарынан, ақша және валюта қатынас саласына мемлекеттің араласуына, оларды реттеуіне және нақты бір бағытта экономикалық саясатта қолдану мүмкіншілігінің азаюына әкеліп соқты.

Көрсетілген кемшіліктер салдарынан бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін алтын стандарт жүйесін алтындевиздік жүйеге алмастырды.

4. 1929-1933 Жж. Әлемдік экономикалық және валюталық дағдарыстар. Валюталық блоктар. Генуя валюта жүйесі

Дағдарыс 1929 ж. қазандағы Нью-Йорк фондылық биржасында миллиондаған акциялар бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты басталды. 1929-1933 жж аралығында болған әлемдік экономикалық дағдарыс Ақш-та басталып, кейіннен бүкіл әлемге тарады. Дағдарыстың негізгі себебі тауарлардың шектен тыс көп өндіріліп, оны өткізетін рыноктың жоқшылығы себепкер болды. Яғни ұсыныс пен сұраныстың арақайшылығы тепе- теңсіздігі туындатты. Экономикалық дағдарыс себебінен жұмысшылардың жалақылары қысқарды, жұмысшылардың саны қысқарды, нәтижесінде қоғамда жұмыссыздардың саны өсті. Жәрдемақы , еңбекақы көлемі қысқарды. Бағалардың кенет құлдырауы сауда-өндірістік, артынан банктің банкротқа ұшырауына, биржалық құлдырау, төлем балансы дағдарысы, алтын кемуіне, яғни халықаралық банкроттылыққа, соның ішінде мемлекеттік сыртқы қарыздарға алып келді. Әлемдік валюта дағдарысы 3 негізгі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 1929 ж екінші жартысында орын алды, өндірістік дағдарыс себебінен, АҚШ, Германияда өндірістік құлдырау орын алды, осының салдарынан Нью-Йоркте халықаралық сипатқа ие болған биржалық құлдырау болды. 1929 ж қыркүйек пен қазан арасында нью-йорктық биржадағы акция бағамы 33%-ға, лондонда— 16%-ға, Берлинде 23%, Парижде — 21 төмендеп кетті. Акциялар бағамының төмендеуі бағалы қағаздар жаңа эмиссиясының қысқаруына алып келді. Екінші кезең 1931—1932 жж. Банкрот тек шағын банктерде емес, енді ірі банктерде де орын алды. Капиталисттік елдерде несие пайызы көтерілді. Усиливаются банкротства не только мелких, но и крупных банков; в ряде капиталистических стран растет ссудный процент. АҚШ-та 1928 ж 498 банк банкротқа ұшыраса, 1931 ж 2294 банк банкротқа ұшырады. Көп елде төлем балансы нашарлады. 1931 ж төлем балансының нашарлауынан Англиядағы алтын стандарт алынып тасталды. Үшінші кезең 1933ж наурызы. 4 наурызда тауар бағаларының және акция бағамдарының төмендеуі салдарынан АҚШ барлық банктері төлемді тоқтатты. Өкімет қарыз бойынша мораторий жариялады. 1929—1933 жж банкротқа ұшыраған банктердің 10 000-ға жуық салымшылары 7,1 млрд долл. жоғалтты. Дағдарыс жылдары акция бағамы АҚШ-та 85%-ға, Англияда — 52, Франции — 67, в Германияда — на 60, Японияда — на 38%-ға қысқарды. 1929—1933 жж. ақша жүйесін құлдыратты, барлық капталисттік елдерде инфляция тудырды. Валюталық блок - мемлекеттің басқа бір елді белгілі бір талаптарды орындауға көндіру мақсатымен осы ел валютасының елде қолданыста жүруін шектеуі. Валюталық блок 1929-1933 жж әлемдік экономикалық дағадарыс кезінде империалисттік елдер арсындағы валюталық соғыстың күшеюімен байланысты пайда болды. Негізгі валюта блоктары стерлингтік, долларлық және алтын болды. Стерлингтік блок 1931 ж Англияда алтын стандарт алынып тасталғаннан кейін пайда болды, оған Британ империясы елдері, Египет, Ирак, Швеция, Норвегия, Дания, Финляндия, Япония (де-факто), Германия, Иран (блокқа барлығы 21 ел кірді, Жапонияны қоспағанда). Бұл елдердің валютабағамы фунт стерлингке байланысты қойылды, төлемдер фунт стерлингпен жүрді. Долларлық блок 1933 ж АҚШ-та алтын стандарт алынып тасталғаннағ кейін пайда болды. Оған Канада, латынамерика елдері кірді. Қатысушы елдердің валюта резервтері АҚШ банктерінің долларлық шоттарында сақталды. 1933 маусымда алтын стандартты ұстанушы елдер алтын блок құрды. (Франция, Бельгия, Голландия, Швейцария, сосын Италия, Польша). Бұл блок 1936 ж құлады. 2ши дүниежүзілік соғысы кезінде және одан кейін соғысқа дейінгі валюта блоктары негізінде валюталық зона құрылды. Генуя валюта жүйесі. Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе мемлекетаралық келісімшартпен 1922 ж. Генуя халықаралық валюталық конференциясында орнатылды. Бұл конференция өтпелі жүйені енгізуге әрекет етті, алтындевизтік стандартқа өтуді бекітті. Генуя валюта жүйесі алтындевиздік стандарт негізінде құрылды. Халықаралық есеп айырысуларға девиздер енгізілді. Девизтер – алтынға айырбасталатын жетекші валюталар (ағылшын фунт стерлингі мен АҚШ доллары). Девиз ретінде кез келген формадағы шетел валютасы жүрді. Генуя валюта жүйесі 22 жыл өмір сүрді. 30 жылдардағы ұлы депрессия алтын стандарт жүйесінің құлдырауына алып келді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]