Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.87 Кб
Скачать

38. Халықаралық валюта қорының (хвқ) халықаралық валюта-несие қатынастарының реттеудегі рөлі

Реттеуді қамтамасыз ету және мүше елдерінің жарғысының орындалуын қадағалауы бойынша ХВҚ жалпы әлемдік валюта жүйесіне өзгерістер енгізілуде. Әлемдік валюта жүйесінің қағидаларының расталуын қадағалап отырады. ХВҚ жалпы көптеген Валюта несие қатынастарынде реттеуді орнатады:

Біріншіден, ХВҚ АҚШ тың ынтасымен қабылданған алтын демонетизациясына, оның әлемдік валюта жүйесінің рөлінің әлсізденуі байланысты мәселелерді қарастырады.

Екіншіден, мүше елдер арасында валюталық бағам режимін халықаралық реттеуді жүзеге асырады.

Үшіншіден, ХВҚ ның маңызды бағыттарының бірі валюталық жетіспеушіліктерді жою болып табылады.

Төртіншіден, ХВҚ халықаралық валюта несиелік қатынастарды реттеуде несиелер беру және қарыз мемлекеттер көмек көрсету болып табылады. Яғни, халықаралық несиелеудің координаторы немесе қарыз мемлекеттердің қарыздарын төлеуіне кепіл беру болып табылады. ТҰК мен ТҰБ тер қаншалықты несиелік саясатқа қызығушылықпен қарауына байланысты ХВҚ ның шешімдерін қолдап отырады.

Бесіншіден, ХВҚ мүше елдердің макроэкономикалық және валюталық саясатын және әлемдік экономика жағдайын қатал қадағалайды.

ХВҚ Атқарушы кеңестің жүргізілуімен болатын «Әлемдік экономиканың даму перспективалары» тақырыбын көпжақты талқылайды және « Халықаралық нарық капиталы» тақырыбында жыл сайын баяндамалар тыңдалады. Бұл шараларға байланыста әр мемлекет көптеген кеңестер мен анализдерді қалыптастырады.

ХВҚ екі мақсатта мүше елдеріне шетел валютасы түрінде кредиттер ұсынды:

Біріншіден, төлем балансының жетіспеушілігін төмендету үшін, яғни практикалық түрде мемлекеттік қаржылық органдарының және орталық банктердің валюталық резервінің толықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында;

Екіншіден, макроэкономикалық реттеу мен экономиканың қайта құрылу құрылымын қолдау, яғни бұл мемлекеттің бюджеттік шығындарын кредиттеу болып табылады.

ХВҚ мүше елдеріне ұсынатын кредиттері ұйымның белгілі бір саяси экономикалық шарттарына байланысты болып табылады. Жалпы бұл ұйым бұл шартты енгізуге міндетті, себебі олар қарыз алушы мемлекеттердің қарыздарын қайтаратындығына кепіл болуы тиіс.

Ұлттық тұрғыдан реттеуді жүргізуде ХВҚ көп көңілді мүше мемлекеттерінің құрылымды және институционалды жаңаруын жақсартуына бөлді. Сонымен қатар, бұл ұйым өз алдына мынадай міндеттерді қойды: қаржы секторының эффективтілігін жоғарлату, мемлекеттердің бюджет көлемін ұлғайту, заң реформаларына қатысуы, статистикалық мәлеметтердің дәл және жаңарылып отыруы, шаруашылық басқаруды жақсарту және т.б.

Қорыта келе, жалпы Халықаралық валюта қорының халықаралық валюта-несие қатынастарының реттеудегі рөлі өте зор. Себебі, қазіргі таңда бұл ұйымға кіретін 188 мемлекет осы ұйымның қадағалауында және әрбір талаптарын орындауы тиіс. Ал біз көріп отырғанымыздай, бұл ұйымның саясаты басты бағыты мүше мемлекеттердің валюта-несие қатынастарының реттеу болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]