Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.87 Кб
Скачать

35. Еуровалюта нарығының пайда болу себептері мен қызмет ету ерекшеліктері. Еуровалюта түсінігі

Еуровалюта және еуровалюталық нарық түсінігі. Еуронарық немесе еуровалюталық нарық халықаралық қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады.Бұл нарықтың клиенттері- инвесторлар және әлемнің барлық елдерінен қарыз алушылар. Еуровалюта нарығы резиденттер мен резидент еместердің шетелді валюталық есептемелері немесе ұлттық нарықтар үшін сыртқы (оффшорлық) тәжірбиесінің енгізілуінің кең таралуының нәтижесінде ХХ ғ. 50-60 жж. пайда болады. Еуровалюта (ағылш. eurocurrency;) - елден тыс жерде, осы валютаның эмитентімен, коммерциялық банктер акшасыз депозиттік-несиелік операцияларды жүзеге асыратын шетелдік валюталар. Еуровалюта ұлттық ақша бірлігі бола тұра, ұлттық валюталық органдар бақылауынан шыға отырып әлемдік ақша рөлін атқарады. Бұл эмитенттің орталық банкінің құзіретінен шығып кеткен «үйсіз ақша» немесе «азаматтығы жоқ ақша». Салымшының азаматтығы мен тұрғылықты мекен-жайы евровалюта анықтамасына (определение) әсер етпейді. Евровалюта болуы үшін бар болғаны валюта елден тыс жердегі банкте орналасса болды.

Еуронарықтың пайда болуы мен дамуы қаржы ресурстарының жаһандану үрдісін көрсетеді және әлемдік қаржы жүйесіннің құрылуын білдіреді. Қазіргі таңда еуронарықта әрекет етуші ірі халықаралық банктер, қаржылыө орталықтар бар. Кең мағынасында еуровалюта нарығы бұл еуронарықтағы еуровалютамен жасалынатын операциялар:

  • Қысқа мерзімді қаржылық операциялар;

  • Орта және ұзақ мерзімді депозит-несиелік операциялар (еуронесиелер)

  • Евровалютамен орындалған бағалы қағаздар операциялары (еурооблигациялар).

Еуровалюта нарығының пайда болуы мен ерекшеліктері. Пайда болу себептері: 1) Европада АҚШ долларыны деген сұраныстың артуы; 2) елдің ішінде доллармен валюталық операцияларды қиындататын АҚШ билігінің регламентациясы. 3)Европалық банктердің халықаралық операцияларды қаржыландыратын құрал іздеуі; 4)АҚШ тан тыс жерлерде долларды орналастыру бойынша ұсыныстардың пайда болуы.

Еуровалюта нарығының ерекшеліктері:

  • кең көлемділігі және нақты шекраның жоқтығы;

  • нарықтың институционалдық ерекшелігі;

  • жүргізілетін операциялардың әмбебптылығы- айырбас, депозитттік, несиелік және т.б операциялардың іске асуы;

  • Халықаралық несиелік қойылымдардың болуы;

  • келісім жасау процедураларының оңайлығы;

  • Еуронарық іс-әрекетіне мемлекеттік бақылаудың жоқтығы;

  • Операциялардан түсетін пайданың жоғарылығы;

36. Еурооблигациялар, еуровекселдер және еуроноталар нарығы

Халықаралық қаржыландырудың қарыздық құралдары:

-Облигация(bonds) ;

-Вексель;

-Нота(notes);

-коммерциялық қағаздар(commercial paper).

Ал еуронарықта – еуровексельдер , еурооблигациялар, еуроноталар. Еурооблигация нарығы 20 ғасырдың 70-жылдарының басында пайда болды, оларды ірі халықаралық банкілер шығарды. Бұл облигацияларға кепілдік берумен және оларды бірқатар елдерде орналастырумен әдетте, халықаралық банк синдикаты айналысады. Еурооблигация (eurobonds) – бір уақытта бірнеше мемлекеттің нарығында орналастырылған облигациялар болып табылады және белгіленген валюта кредитордың ұлттық валютасы болып табылмайды. Еурооблигациялар 7 жылдан 15 жылға дейін мерзімге шығарылады. Көптеген ірі компаниялар көбінесе ұлттық облигация шығарғанша еурооблигация шығарады себебі оның пайыздық қойылымы төмен болады. Қазіргі таңда еурооблигация нарығының көп бөігін еуроноталар ( euro-medium-term-notes) EMTN алады. Еурооблигациялар нарығының қатысушылар: қаржылық институттар; қаржылық емес корпорация секторлары; мемлекеттік немесе жартылай мемлекеттік агенттіктер; над ұлттық (наднациональные) институттар. Еуоблигациялар нарығының негізгі қарыз алушылары: ТҰК; үкімет; халықаралық ұйымдар; институттық инвесторлар- сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, банктер, хедж-қорлары. Көптеген еурооблигацияларда қалқымалы пайыздық қойылым. Еуроноталар – еуроблигация нарығындағы қысқамерзімді және орташа мерзімді атаулы облигациялар болып табылады. Нота дегеніміз қарыздық борыш және қарыздық борышта қалқымалы купондық қойылым. Олар 1 немесе 3 жылға банктік кепілдікпен шығарылады. Қазіргі таңда еурооблигациялар мен еуроноталар арасындағы айырмашылық жоғалып бара жатыр. Еуровексельдер – қысқа мерзімді беріліп жатқан (передаваемые) қарыздық борыш. Олардың ең басты артықшылығы – үлкен икемділігі. Еуровексельдерді шығаратын фирмалар формальды рейтингті шығаруға міндетті емеес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]